Сабақтың тақырыбы



Дата31.12.2016
өлшемі52.56 Kb.
түріСабақ
Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспар 2015 жыл.

 Аты жөні жұмыс орны

Саран қаласындағы №4 ЖББ мектебі

Пәні: бейнелеу өнері

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы:

Сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар т.б әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері.

Мақсаты :


Графикада қолданылатын материалдар туралы түсінік қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:


Көркем шығармада штрих түрлерін қолдана біледі , өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттері артады.

Табыс критериі:

Әртүрлі материалдарды қолданып , графикалық сурет салады.

Негізгі идеясы :

Әртүрлі материалдармен түрлі техникада бейнелей алады;

Оқулық :

(рекомендованный МОН РК)



Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бейнелеу өнері оқулығы


Сабақтың барысы /мұғалімнің ескертпелері


Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурсы

Формативті

(ОдО)

Суммативті (ОО)

2 мин

Шаттық шеңберін құрып,оқушылардың сабақ алдындағы тілектері.



Оқушылар тілектерін білдіреді.









Интербелсенді тақта


5 мин

«Өрмекші торы» өткен сабақтағы теорияны қайталау.

Өткен тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап береді.


«Басбармақ» әдісімен бағалау








2 мин

Топқа суреттер арқылы бөлу.

1-топ «қарындаштар»

2-топ «қаламдар»

3-топ «тушь»




Сурет қиындылары арқылы топқа бөлінеді.







«Қарындаштар», «қаламдар», «тушь» суреттері.

7 мин

Жаңа сабақ . Презентация арқылы таныстыру. Графика гректің "грапо" деген сөзінен шыққан, қазақша "жазамын", "сызамын", "суретін саламын" деген мағынаны білдіреді.


Қарындашпен, тушьпен салынған сурет немесе гравюралар графикаға жатады.

Кітаптағы иллюстрациялар, газаттегі суреттемелер мен карикатуралар, түрлі көшедегі плакаттар - осының бәрі график суретшілерінің туындылары.

Графика өнері бейнелеу өнерінің бір түрі.

Қазақ графика өнерінің бастауы тас дәуірі мен ата – бабаларымыздың рухына табынуға барып тіреледі. Жартастарға салынған сызықтық суреттер Балқаш, Түркістан,Маңғыстау өлкесінен табылған.

Графикаға қарындаш, көмір, тущьты пайдаланып, қолмен салынған суреттер.



Мәліметтер алады толықтырады.




Бағалау парақшалары

Интербелсенді тақта.

15 мин

Сарамандық жұмыс.

1-топ «қарындашпен» жұмыс

2-топ «қаламдар»

3-топ «тушьпен жұмыс.

Бағалау критериилерімен таныстыру.


Әртүрлі материалдармен суреттер салады.

Жақсы суреттерді мадақтау.




Оқушы шығармалары, суретшілер суреттері, тақта.

2 мин

Сергіту сәті

Музыкалық ырғақты әуенмен сергіту



Оқушылар музыканың әуенімен сергиді.










5 мин

Қорытындылау

Сұрақтар қою.

Тақырыпқа сай сұрақтарға жауап береді.

Жақсы, жарайсың.

.




3 мин

Бағалау.

Сарамандық жұмысы бағалау.



  1. Композициясы.

  2. Бейнелеу әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану.

  3. Шығармашылығы.

Шкала:3-балл-«5»

2-балл-«4»

1-балл-«3»


Сарамандық жұмыстары бағаланады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы топтарды бағалау.

Мұғалімнің критерии арқылы балдық бағалауы.




3 мин

Рефлексия

ББҮ кестесін толтыру



Бағалау парақшаларына қорытынды жасау.

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған білімдерін кестеге толтырады.










2 мин

Үйге тапсырма Басқа топтың орындаған тапсырмасын әдісін пайдаланып еркін тақырыпта бейнелеу.


Оқушылар берілген тапсырманы күнделіктеріне жазады.







Күнделік, тақта.

Каталог: uploads -> doc -> 090d
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
090d -> 1. Ыбырай Алтынсарин кім?


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет