Сабақтың тақырыбы: Төрт түлікке қатысты ұғымдар Сабақтың мақсаты



Дата04.12.2017
өлшемі35.1 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлікке қатысты ұғымдар

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға төрт түлік мал туралы білімдерін жетілдіре түсе отырып, төрт түлік малдың пайдасын адам өміріндегі алатын орны туралы түсініктерін қалыптастыру;

2. Ырым-тыйымдарды, мақал-мәтелдерді жатқа айтуға, топпен жұмыс істеу арқылы бір-бірін тыңдауға, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру;

3. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, салт-дәстүрді меңгеруге, төрт түліктерді сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, төрт түлік суреттері, асық, мал жүні, қырықтық қайшы,

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, топпен жұмыс

Түрі: Жарыс сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка, ана тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі



Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз, жарқырай қаламыз,

Қайырлы күн достар!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау(сурет бойынша төрт түлік пайдасын айтады) оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.



«Жұмбақ өлең» арқылы үй жануарларының төлдерінің атын тауып, 4-топқа бөлу.

  1. Баладай баққан аталар, Түйе баласы ...(боталар)

Түйе атаулары:
Нар ( жалғыз өркешті)
Нарбота ( жаңадан туған төлі)
Нартайлақ (1 жастан асқаны)

Айыр түйе (қос өркешті)

Бота (жаңадан туған төлі)
Тайлақ (1жастан асқаны)


  1. Момақан-ақ өзі, Қой баласы ..(қозы)

Қой, қозы, марқа, тоқты, саулық, бойдақ қой (ұрғашы), құнан қой, қошқар.

3. Ұмытпағай ұлым, Жылқы баласы ... (құлын)

Жылқы ,құлын
Жабағы (6 айдан 1 жасқа дейінгісі)
Тай (1 жастан асқаны)
Құнан (2 жастан асқаны)
Дөнен (3 жастан асқаны)
Бесті (5 жастағысы)
Алты жасар

Қосымша мәлімет: Қытайдағы қазақ ағайындарымыз біздің ұлттық тағамдарымызды әлемге паш етіп, танытты. 1111 метр қазы «Гиннесс рекордтар» кітабына тіркелді. Ол 44 жылқының етінен жасалған

http://www.massaget.kz/userdata/users/user_53286/1360013174.jpg http://massaget.kz/userdata/users/user_20/1360045429.jpg

4. Біліп жүр ұл мен қыз-ау,

Сиыр баласы ... (бұзау)

Сиыр, бұзау, баспақ, қашар, бұқа (еркегі)



І топ- «Ботақандар» тобы

ІІ топ-«Қошақандар» тобы

ІІІ топ- «Құлыншақтар» тобы

ІҮ топ- «Бұзаулар » тобы

Олай болса оқушылар қазір біз, 4-топ болып жарысамыз. Өз білімдеріңді ортаға саласыңдар. Қай топ тапсырмаларға жақсы жауап берсе, соларға асық беріліп отырады.



ІІІ. Жаңа сабақ

Малды ұстап байлайтын жабдық атаулары

Түйеде-мұрындық, бұйда. Мұрындық-түйенің, өгіздің мұрнына тесіп өткізетін ұзындығы қарыс, я сынық сүйем шамасындағы істік ағаш. Сол мұрындыққа басжіп байланады. Ал жылқыныкін-ноқта, сиырдыкін-бас жіп, қой мен ешкінікін-көген деп атайды.



Мал байлаудың мынадай әдістері бар: 1. Күрмеп байлау, 2. Қазықбау шалып байлау, 3. Шиелеп (шибайлап) байлау. (осыларды көрсету)

Жүн қырқуда қолданылатын құрал

ІҮ. Оқулықпен жұмыс (1-2 оқушы оқиды)

Ү. Қазақ болсаң салт-дәстүрді біліп жүр,

Ырым менен тыйымдарды айтып жүр.

Ырым-тыйымдар айтып жарысу(әр қатар кезек-кезек айтады)

ҮІ. Сергіту сәті «Біз бақытты баламыз» әні

ҮІІ. «Мақал- сөздің мәйегі» демекші мақал-мәтелдер айту (әр топ өзіне қатысты мақалдар айтады)



ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма (топпен жұмыс)

І топ: Төрт түлік суретін салу

ІІ топ: Бес жолды өлең құрау

ІІІ топ: Ертегі айту

ІҮ топ: Эссе жазу (төрт түлік туралы)

ІХ. «Кім жылдам?» ойыны
1. Сиырдың пірі? (зеңгі баба)

2. Жылқы бағатын адамды кім дейді? (жылқышы)

3. Түйенің тобы? (келе)

4. Қойдың тобы? (отар)

5. Жылқының баласы? (құлын)

6. Ешкінің баласы? (лақ)

7. Қойдың пірі?(шопан ата)

8. Ірі қараның қашып барып төлдеуін қалай атайды? (бошалау)

9. Жылқы малы неше айда төлдейді? (10 ай)

10. 1111 метр қазы қандай кітапқа тіркелді?(гиннесс рекордтар кітабы)

11. Түйенің мұрнынан тесіліп бас жібін ұстататын зат? (мұрындық)

12. Қойлақ ненің асығы? (қойдың)

13. Мал байлаудың әдістерін ата? (күрмеп байлау, қазықбау шалып байлау, шиелеп байлау.

Х. Қорытынды: әр топ өздерінің жинаған асықтарын санау, жеңген топтарды мадақтап, бағалау



ХІ. Үй тапсырмасы: әңгімелеу, буклет жасау
Каталог: uploads -> doc -> 09b7
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет