Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар Сабақтың мақсаты



Дата04.12.2017
өлшемі44.57 Kb.
түріСабақ
Тексерілді:

Күні: 06.09.2016

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлартуралы әдеби білім беру;

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу;

3. Дамытушылық: оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих

Сабақтың барысы.

І Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу;

2. Оқу құралдарын, сабаққа дайындығын тексеру;

3. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу;

4. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;

5. Cабақтың мақсатымен таныстыру;



ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Тұрмыс-салт жырлары туралы түсінік.

  2. «Тойбастар» өлеңін мәнерлеп оқу.

  3. «Тұсаукесер», «Бата» өлеңдерін жатқа оқу.

ІІІ Білім тексеру:

  1. Тұрмыс-салт жырлары дегеніміз не?

  2. Оларды неге тұрмыс-салт жырлары деп атаған?

  3. Тұрмыс-салт жырларының қандай түрлері бар?

  4. Тұрмыс-салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?

  5. Бата-тілек өлеңдерінің қандай түрлері бар?

  6. «Тұсаукесер» өлеңі қандай салтқа байланысты туған?

  7. Бата өлеңдері неге байланысты туған?

ІV Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар

Тұрмыс-салт жырларының бір түрі төрт түлік малға арналған. Қазақ халқында түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі малдарының жиынын төрт түлік мал деп атайды. Төрт түлік мал қазақ халқының күн көрісінің көзі еді. Ол сауса – сүт, сойса – ет, мінсе – көлік, кисе – киім болған. Сондықтан қазақтар малды аса қадірлеп, ол туралы нелер бір тамаша жырлар тудырып отырған.

Төрт түлік туралы жырларда қадым замандағы халық санасының көріністері елес береді. Табиғат құбылыстарының, оның ішінде жан-жануарлардың барлығының иелері бар деп білген. Соларға жалбарыну арқылы молшылық тұрмысқа жетуді ойлаған. Мысалы, түйе иесі – Ойсылқара, жылқы иесі – Қамбарата, сиыр иесі – Зеңгібаба, қой иесі – Шопаната деп санаған. Осы себептен, мал басының аман болуы, көбеюі солардың қолдауымен болады деп түсініп, олардан көмек, медет тілейтін өлең-жырлар шығарған.

Халықтың төрт түлікті аса қадірлейтіні оның тілінде де көрініс тапқан. Мысалы, балаларын «ботам», «қозым», «құлыным» деп еркелеткен. Бұдан біз қазақтың ботаны, қозыны, құлынды аса жақсы көретінін аңғарамыз. Сондай-ақ өнерпаз адамға «дүлдүл тұлпар» деп, батыр да күшті жігітке «жігіттің нары» деп сүйсінетінін білдірген.

Малдың өз төліне мейірленуін айту арқылы («Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп») адам баласы өзінің де малға ерекше сүйінуін жырлайды.

V Түсінік тексеру:


  1. Төрт түлік туралы өлеңдер қалай пайда болған?

  2. Төрт түлік туралы өлеңдер қандай жырларға жатады?

  3. Қойды неге «Шопаната баласы» деп атайды.

  4. Халықтың төрт түлікті аса қадірлейтіні оның тілінде қалай көрініс тапқан?

VI Сөздікпен жұмыс.

Жұрынөзінің бір белгісі, жұрнағы ретінде көру. Тігілген киімдерден қалған не иленген жылқы терісінің қиындысы.

Пірдіни ұғым: қолдап-қорғаушы рух, аруақ

Топан,топалаңқойда болатын жұқпалы кесел, індет

Бықбырттиюшәт-шәлекейін шығару, қыран жапқандай болу

Шүйдебастың желкеден жоғары жері

Тегенеқұйрықүлкен құйрық

Көнеккөбінесе бие саууға арналған көн теріден жасалған шүмегі бар ыдыс

Байталекі, үш жас аралығындағы құлындамаған ұрғашы жылқы

Қотанмал түнейтін орын

Сәйгелжазда сиыр малына маза бермейтін сона

Оқырасиыр малының терісінің астында өсіп жетілетін өте зиянды сәйгел құрт, оқалақ

Жапасиыр мен түйенің жас не кепкен қиы

Әукесиыр малының мойын астындағы салбыраған бұғақ терісі

Індетжұқпалы ауру, кесел, дерт

Аруанатаза тұқымды, бір өркешті түйенің ұрғашысы

Бошалауұрғашы малдың (інген, сиыр, бие) төлдер алдындағы шыдамсызданып оңаша жерге кетіп қалуы

Бураайыр түйенің келеге түсетін еркегі

Шудатүйенің өркешіне, желкесіне, тамақ астына шыққан ұзынша қылшық жүні

Бұйдатүйенің не өгіздің мұрындығына тағылатын бас жіп

Жамшыжамылғы, жапқыш

VII Жаңа сабақты бекіту.

Оқулықпен жұмыс.



  1. Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен жеткізіңдер.

  2. Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап жеке шағын суреттемелер жазыңдар.

  3. Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдерді жаз.

VІIІ Үй тапсырмасын беру.

1. Төрт түлік мал жайындағы өлең-жырлар туралы түсінік.

2. «Малдың баласын сүюі» өлеңін жаттау.

3. Төрт түліктің иелеріне арналған өлеңдердің қалағанын жаттау.



ІХ Бағалау: оқушылар ынтасына, берген жауаптарына қарай бағаланады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет