Сабақтың тақырыбы: Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын және болат өндіру. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы. Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2018
өлшемі52.62 Kb.
#74151
Сабақтың тақырыбы: Темір құймалары және олардың қолданылуы. Шойын және болат өндіру. Қазақстандағы қара және түсті металлургияның дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:    Сабақта шойын мен болат өндірісіндегі технологиялық үрдістердің ғылыми негіздерін толық ашу.

Дамытушылық:Оқушылардың темір құймалырына дейінгі аралықтарды еске түсіре отырып,темір металына мәлімет беріп кету;
Тәрбиелік:   Оқушылардың іздемпаздылығын іскерлігін  және маман иесі ретінде жауап беру қабілеттерін бағалай отырып,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсінік айту

Сабаққа қажетті құралдар:    Интерактивті тақтаны слайд көрсету, тірек-сызбалар, шойын және болат өнімдері

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:  
Оқушылармен сәлемдесу, оларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру (Металдардың жемірілуі)

1.Жемірілу деген не?

2.Жемірілудің металдардың белсенділігіне қандай қатынасы бар?

3.Жемірілудің қандай түрлері бар?

4.Жемірілумен күресудің басты бағыттарын атап беріңдер.

5. тат дегеніміз не?

6. коррозия сөзінің мағынасы:
Жаңа сабақ. Темір табиғатта таралуы жөнінде металдардың ішінде алюминийден кейін төртінші орында. Темір магнетит, гематит, лимонит, пирит түрінде кездеседі. Темірдің кендері Оңтүстік Қазақстанда, Қостанайда кездесетіні география сабағымен байланыстырылады. Қарағанды металлургия комбинаты, Соколов-Сарыбай, Лисаков және Қашар комбинаттары темір кендерінің концентратымен жұмыс істейді. Соның ішінде Қарағанды металлургия комбинаты шойын және болат өндіретін кәсіпорынның негізгісі.

Шойын деген не, неден тұрады? – деген сұраққа жауап беру үшін қысқаша сызбанұсқаны ұсынған дұрыс:



4500 8000 7000

Fe2O3 Fe3O4 FeO Fe



CO CO CO

темір кенінде шойын




Шойында темір 93-95%, қалғаны C, Si, Mn, P, S болады

Болат Fe(97%) C 0,3% - 1,5% легирлеуші металл Cr, Mn, N, Ti бар.

   
Құйма – металды, металл қорытпаларын, пластмассаларды, шыныны, т.б. заттарды балқытып, қалыпқа құйып жасалатын бұйым немесе дайындама. Құйманы легирленген шойыннан, көміртектік және легирленген болаттантүсті қорытпалардан (мысалы, алюминий, т.б.) әзірлейді. 


Құймалар-қажетті қасиеттері бар, екі немесе одан да көп компаненттен түзілген, оның біреуі міндетті түрде металл болатын қосылыстар. Шойын-темірдің көміртекпен құймасы,оның да құйылғыштық қасиеті жоғары.

Қола

Мыс (80-90)

Қалайы (10-20)



Жақсы құйылады

Машина жасау, көркемдеп құю

Жез

Мыс (60-90)

Мырыш(10-40)



Қатты

Машина жасау, тұрмыстық техника

Дюралюмин

АІ(95-97) Сu(1,4)

Mg (0,4-2,8) Mn(0,2-1)



Жеңілдік, беріктік, қаттылық

Авиа, машина, кеме жасау өнеркәсіптері

ШОЙЫН МЕН БОЛАТ
Темір-жер қыртысында таралуы бойынша АL кейін 4-ші орында. Басқа металдардың ішінде оның тұтыну үлесі 95% құрайды.
Темірді алу процесі-құрамында едәуір мөлшерде С бар шойынды балқыту сатысынан басталады.( с кенді балқытуға қолданылатын кокс немесе ағаш көмірінен келіп түседі) Шойын қаттылығымен ерекшеленеді, бірақ ол морт. Одан С толығымен бөліп алуға болады.
Металдарды алу әдісі: Пирометаллургия әдісі арқылы, көміртектермия, сутектермия, әдісімен алынады.
Өнеркәсіпте алынуы:
Темірді 3 түрлі әдіспен алуға болады:
Пирометаллургиялық әдіспен:
  оксидінен тотықсыздандыру арқылы:
Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O
  соның ішінде алюминтермиялық әдіспен:
Fe2O3 + 2Al = Al2O3 + 2Fe
  және көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздан-дыру арқылы:  
Fe3O4 + 4CO = 3Fe + 4CO2
қолданылады. Іс жүзінде темірдің құймалары – шойын мен болат көбірек қолданылады.
2 оқушы.Шойын мен болат өндірісіне қолданылатын оксидтерге сипаттама беру.
С,О2, СО2, СО, Fe2O3, Fe, MnO2, SiO2,CaO,P2O5 ,FeO сипаттама беру.
Видиоролик жүреді.
Шойын (Чугун) 
1. жақсы құйылатын қасиеті бар темірмен көміртектің (2% жоғарғы) қорытпасы;
2. темірдің көміртек (2%-тен астам, өдетте, 3—4,5%), қайсыбір мөлшерде марганец (1,5%-ке дейін), кремний (4,5%-ке дейін), күкірт (0,08%-тен аспайды), фосфор (1,8%- ке дейін), ал кейде басқа да элементтер қосылған қорытпасы. Шойында көміртек темір карбиді Ғе3С түрінде байланысқан күйде болуы мүмкін (сұр Шойын). Шойын темір кендерін домна пештерінде балқыту арқылы алынатын өндеудің бастапқы өнімі; қолданылуы мен химиялық құрамына қарай шойын қолданбалы, яғни болат қорытуға арналған Шойын, құйма Шойын, арнаулы Шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін азғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әр түрлі элементтермен қоспалау қолданылады

Қазақстандағы қара металлургия

Соколов-Сарыбай темір кені өнеркәсібі

Лисаковск кен байыту комбинаты

Теміртаудағы Металлургия зауыты орналасқан

Бұл екі зауыт

Атасу және кокс,флюстер, отқа төзімді заттар мен электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптермен бірге ірі қарағанды металлургиялық комбинатын құрайды.

1964 ж. Қазақстан магниткасы — Қарағанды металлургия з-тында (1970 жылдан кейін Қарағанды металлургия комбинат, 1997 жылдан “Испат-Қармет”) Болат қорытатын екі мартен пеші (әрқайсысының сыйымд. 650 т), ал 1970 ж. әрқайсысының сыйымд. 300 т (іс жүзінде 350 т) үш оттекті конвертерлер іске қосылды. Конвертер цехтарының жылдық өнімд. 5,7 млн. т. Онда ауыр жүк көтеретін автомобильдердің рамаларына керекті аса берік лонжеронды Болат балқыту, Болаттың оттегісі аз және оттегісі төмен маркаларынан ақ қаңылтырлы және сортты прокат алу, сондай-ақ, электр тех. Болат алу, т.б. технологиялар игерілген

Жаңа сабақты бекіту:



  1. Кен дегеніміз не? (өнеркәсіптік әдіспен металдар алынатын минералдар)

  2. Қазақстанда кен орындары қайда орналасқан? (Алтай, Қаратау, Жезқазған, Орталық Қазақстан, Қостанай т.б)

  3. Металлургия дегеніміз не? Түрлерін атаңыз?(табиғи шикізаттардан металдарды өнеркәсіптік жолмен өндіру әдістерімен айналысатын ғылым мен техниканың және өндірістің саласы.)

  4. Қара металлургия мен түсті металлургияның айырмашылығы? (Қара металлургия темір және оның кұймаларын ендірумен айналысады, сондықтан оның өнімдерін де «қара металдар» дей береді. Басқа металдардың бәрінің өндірісін түсті металлургияға жатқызады, ал олардың өздерін және құймаларын «түсті металдар» деп атайды.

  5. Шойын мен болаттың қолдану аймағы және олардан жасалатын құралдар жайлы пайдасы

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма: Темір құймалары және олардың қолданылуы (оқу), «Шойын мен болат өндісі» баяндама.
Каталог: uploads -> doc -> 0b84
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0b84 -> Окружающий мир, 3 класс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет