Сабақтың тақырыбы Табиғи жарық көздері дегеніміз не? Оқу мақсаты



Дата18.06.2018
өлшемі50.82 Kb.
#74931
түріСабақ

Сабақ жоспары




Пән: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7 бөлім: Жарық



Мектеп: №5 Ақмол орта мектебі

Күні: 5. 03. 2016 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Альжанова А.М.

Сынып: 1 «Д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

Оқу мақсаты:

1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;

Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған ортадағы құбылыстарға бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.


Жетістік критерийлері

  • Жарықтың не екенін білетін болады.

  • Табиғи жарық көздерімен танысады.

Сөздік қор


Жарық көздері, жасанды жарық, табиғи жарық.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар жарық және қараңғы түсетінін ажырата біледі. Жарықтың кейбір қарапайым көздерін анықтай алады




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды шаттық шеңберге шақыру.

Күннің, Айдың,аспанның

Арайлап атқан ақ таңның,

Жасыл қырмен орманның

Сылдыр қаққан бұлақтың,

Таңғажайып бейнесін

Көріп өсіп келеміз

Көмегімен жарықтың!
Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ шешу

Күн сайын таң ата терезеден кіреді.Жаңа күн туғанын содан ақ біледі.Бұл не?

Жарық қайдан пайда болады?

Қай кезде қараңғы болады?

Жарық не үшін қажет?

Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Оқушыларды топқа 4 топқа бөлемін.



Сабақтың ортасы



Суретке қара. Суретте қандай жарық көзі бейнеленгенін сұраймын. Әр суретті бөлек қарастыруын ұсынамын: қалай аталады, қалай жарықтандырады?­ Ай жарығының Күн жарығынан айырмашылығы қандай?­ “Егер қажет болса, Күннің жарығын қосып немесе сөндіре аламыз ба?” — деп сұраймын. Оқушылар табиғи жарық көздеріне адамдардың әсер ете алмайтынын түсінуі керек.

Жауабы:

Табиғи жарық көздеріне жарық қоңыздары, Күн, жұлдыз, Ай жатады



Сергіту сәті

«Соқыртеке» ойыны

Жүргізушіден қараңғыда жол табу оңай болды ма? деп сұраймын.



(ОЖ)Оқулықтағы суреттерді қарастырып және бәйшешекті мысалға ала отырып, өсімдіктердің дамуына әрі өсуіне күннің тигізетін әсерін талқылаймыз.

Көктемде ең бірінші шығатын қандай гүл?
Дүниежүзі бойынша 19 сәуірде Бәйшешек күні атап өтіледі. Бәйшешек гүлі — шуақты күннің басталғанының белгісі. Күндіз жылы және жарық болған кезде гүлдер күлтелерін ашады, ал түнгі уақытта түйіршіктеніп жабылады.

Зерттейік. Жарықта және қараңғыда өскен гүлді зерттеу.

-Жарықта өскен гүл қандай?

-Қараңғыда өскен гүл қандай?

Оқушылар екі гүлді салыстырады.


(ТЖ) Оқушыларды топтастырып, әр топқа жарық көздері бейнеленген суреттер тарату (суреттер қосымша материалында берілген). Оларға топта келесі сауалдар бойынша талқылау жүргізуді сұрау:

- Қандай жарық көзі бейнеленген?

- Ол не үшін керек?

-Егерде жарық болмаса не болар еді?



Жарық көздері бейнеленген суреттер

Сабақтың соңы

Сабақты қортындылау.

-Бүгін сабақта не туралы өттік?

-Не білдік?

-
Рефлексия:Өз -өзін бағалау

c:\users\xxxx\downloads\7269_html_5bd764ce.png Түсіндім

c:\users\xxxx\downloads\7269_html_5bd764ce.pngТүсіндім,бірақта әлі де сұрағым бар

c:\users\xxxx\downloads\7269_html_5bd764ce.png Мүлдем түсінбедім





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмысы барысында қиындық туындаған оқушыларға көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыс жасау барысын бақылау жүргізіп бағалау. Комментарий беру арқылы бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет