Сабақтың тақырыбы: Т. Айбергеновтың «Ана» өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тақырыпты жан-жақты түсіндіре



Дата13.01.2018
өлшемі252.01 Kb.
түріСабақ
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Көркем сөз» үйірмесінің мұғалімі:

Абдибаева Назира Қасымбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тақырыпты жан-жақты түсіндіре

отырып,Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңінің мағынасын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын кеңейте

отырып,шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.


Тәрбиелік: Ананы құрметтеуге,оған деген махаббатын тіл жеткісіз

болуына тәрбелеу.

Сабақтың түрі. Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: зерттеу,баяндау,сұрақ-жауап,мәтінмен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, Т.Айбергенов ақынның суреті,ана туралы

нақыл сөз жазылған парақшалар.



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушылардың білімін тексеру

Жұмбақты шешу арқылы

«Бала,бала,бала!»деп,

Түнде шошынып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған-

Бұл кім? (Ана!)



ІІІ . Жаңа сабақтың мақсаты

Оқушыларға АНА ұғымын жан-жақты түсіндіре отырып,Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңінің мағынасын ашу.



ІV. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

-Ана-бәріміздің ақылшымыз,қамқоршымыз екен.

-Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіндер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған-Ана. Бала-ананың бауыр еті дейді.Ана баласы үшін отқа да күйеді,суға да түседі,өмірдің суығына тоңып,ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым,кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ.Тіпті жан-жануар да баласына мейіріммен қарайды.Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый-құрмет көрсетсе,ақын оған арнап өлең жазады.Жазушы әңгіме жазады,ал сазгер ән-күйін шығарады. Яғни,барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

Олай болса, балалар, өмірден алынған мына бір оқиғаға назар аударыңдар.

«Жалғыз көзді ана» (Бейне ролик)

Төлеген Айбергеновтың «Ана» өлеңі

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдырет деп түсінем,

Сендік қуакт мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем,әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар,бәлкім,басын иді көк маған,

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам,тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп бұлығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,

О,аналар,кей пысықты жаратасың неге сен!

Тасбауырлар дүниеге келсін де,тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенесін дейсің бе?

Қай кеудесін жылатуға құдыреті жетпеген.

Анаң саған керек болса,балаңа да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек,о,адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

(Оқушылар «Жалғыз көзді ана» бейне ролигіне, « Ана» өлеңіне талдау жүргізеді)

Мұғалім сөзі:

-Балалар,сонымен қатар, жалпы статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 64 қарттар үйі бар оның ішінде 35 мың қарттар бар,соның ішінде 45-5 % аналарымыз екен

Проблемалық сұрақтар:


  1. Қалай ойласыңдар осындай қарттар үйлері бізге қажет пе?

  2. Адамдар неге бұндай жағдайға барады?

  3. Өзіне жақсы таныс,жиі аралысатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-анасымен дөрекі сөйлеседі,сыйламайды.Айтқандарын тыңдамайды.Танысына қандай кеңес бере аласың?

  4. Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

  5. Жалғыз тұратын қарт көршің бар.Үнемі сенен көмек сұрайды.Отын-су тасуға,дүкенге баруға,кейде үйін жинауға шақырады.Сенің әрекетің қандай?Ашуланбай көмек бере аласың ба?

V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

«Төлдерді табу» ойын арқылы:

  1. Қазақстанда қанша қарттар үйі бар,оның ішінде аналар саны қанша?

  2. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

  3. «Жалғыз көзді ана» оқиғасы қандай әсер берді?

  4. Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңінен нені түсіндің?

  5. Ананың алдындағы парызыңды өтеу үшін не істер едің?

VI .Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі арқылы








VII. Үйге тапсырма

Т.Айбергеновтың «Ана»өлеңін жаттап келу.



Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Шебер» үйірмесінің мұғалімі:

Нұрманова Қарақат Мақсұтханқызы

Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ құрағы.



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және

қолданылуынан мағлұмат беру.


Дамытушылығы:Оқушылардың түрлі түстерді бір – бірімен үйлестіре білу,

геометриялық пішіндерді дұрыс қия білу. Жұмыс

барысында ой - өрісін, ынтасын, ойлау қабілетін,

шеберліктерін дамыту.



Тәрбиелілігі: Оқушылардың бойына эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

Сонымен қатар ұқыптылыққа, төзімділікке, ынталы болуға,

көзбен жобалауға, берекелілікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:буклет, құрақ түрлері, дайын бұйымдар (көрпе,жастықша,түс

киіз) кішігірім көрме



Құрал-жабдықтар: қайшы, қағаз түрлері, сызғыш, үлгі

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес

Сабақ әдісі: түсіндіру, орындату, сұрақ-жауап, қайталау, сарамандық жұмыс

Сабақ типі: Аралас сабағы

Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, биология, сызу, геометрия.

САБАҚТЫҢ ӨТКІЗІЛУ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу

ә)оқушыларды түгендеу

б) оқушылардың назарын аудару



II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Аққу құсына байланысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

2.Аққу құсына мәлімет бер

3.Аққу құсына байланысты ақын-жазушылардың қандай өлеңдерін

білесіңдер?

4. Аққу құрағының жасау үшін қандай түстер қолданамыз?

5. Аққу құрағының жасалу тәсілін көрсет.
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру.

«Ұяшық таңдау» ойыны 








1-ұяшық: «Адамды адам еткен не?» Еңбек 
2-ұяшық: Абай өлеңіндегі 5 асыл істі ата? 
3-ұяшық: Бейнетсіз (не) жоқ? (рахат) 
4-ұяшық: Ексең егін, ішерсің қалай? (тегін)

Ребусты шешу





,,,,, ,,, , ,,,, ,,,,,,,



,,, , ,,,, ,,




IV.Жаңа сабақтың мақсаты

« Қызғалдақ» құрағының жасалу жолдарымен таныстыра отырып, жан-

жақты мәлімет беру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Құрақ–мата қалдықтарынан жасалынатын үй бұйымдарының бірі. Құрақ құрау ертеден келе жатқан өнердің түрі. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып жаратып отырған. Құрақтан әртүрлі көрпешелер, дорба, тұскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсеніштер тіккен. Құраққа қойылатын талап мата бөлшектерінің симметриялы болуы мен түсінің үйлесімділігі. Шеберлер түрлі геометриялық әдемі етіп орналастырып, тамаша құрақ көрпелерді құрастыра білген. Құрақ құрау өнері жылдан –жылға дамып келеді. Құрақ құрау өнері өзге елдерде де қолданылады. Ресейде, басқа да елдерде осы өнерге байланысты фестивальдер, конкурстар, көрмелер ұйымдастырылады. Қазақстанда да ұлттық бұйымдар көрмелерінде құрақтан жасалған бұйымдарды көптеп кездестіруге болады. Құрақ сәнді, сұлу болу үшін әр түсті белгілі бір ретпен, тәртіппен орналастыру қажет. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады.

-Ал, енді балалар, сіздерге «Қызғалдақ пен Қарасора» жайында әңгіме айтып берейін.

Автор:Бір топ бала белге шығып қызғалдақ тере бастайды.Мұны көрген қара сора

Қарасора: -Әй несіне мәз боласың жер бетіне шыққаның кеше ғана,бүгін жұлынасың,балалардың қолында кетесің.

Автор: -Әй,қара сора-ай деді Қызғалдақ майыса тербеліп.

Қызғалдақ: Мен адамға бір сәт болса да қуаныш әкелем.

Балалар мені буда-буда ғып үзіп алады. Ұстазына немесе әке-шешесіне сыйлайды.Оларды да қуанышқа бөлейді. Мені құмыраға салып қояды.Мен бар жұпарымды шашамын.Ал сен болсаң қуаныш дегенді білмейсін.Сондықтан сені адамдар жабайы шөп деп,жек көреді. Сен осыны да түсінбейсің.

Автор: Қызғалдақты бір жас бала үзіп алып сипап құшырлана иіскеді.Келесі күні Қарасора өскен жерді дихандар келіп жыртып тастады.

Қызғалдақ құрағының жасалу әдісі:


  • Әр оқушы үлгі бойынша қағаз бетіне үшбұрышты ,төртбұрышты алып, сызбасын түсіреді.

  • Қағаз бетіне түскен сызбаны қиып алады.

  • Қағазды бір біріне жапсырмалаймыз.

VІ.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

«Алтын қақпа» ойыны.

Шарты: қақпаны ашу үшін 2 сұрақтан жауап беру керек.




Темір қақпа

1.Құрақ дегеніміз не?

2.Құрақтың мағынасын ата?

Күміс қақпа

3.Құрақтың түрлерін ата?

4.Құрақ жасау үшін қандай құрал жабдықтар керек?

5. Үй жиһаздарын ата?

6. «Қызғалдақ пен Қарасора» жайында әңгімесін айт?
Алтын қақпа

Қауіпсіздік ережесін пысықтау


1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау; 
2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау. 
3. Сәнді бұйымдарды жасай білу. 
4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу. 
5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау. 
6. Есіңде болсын! 
7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын. 
8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. 
9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстама! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер. 
10. Қолыңды сабындап жу.

11.Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

12.Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

13.Қайшыны, желімді ашық тастама.



Сарамандық жұмыс.

Жұмбақ жасыру

  • Қысқа таяқ діңі бар,

Шиырланған ізінде

Сайрап тұрар тілі бар. Жауабы:



  • Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,

Матаның күнде жейді басын қыршып.

Матаның жеген сайын басын қыршып,

Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық. Жауабы:





  • Тазалап ақ қағаз жүзін,

Жоқ етер қарындаш ізін. Жауабы:

  • Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. Жауабы:

Нұсқау картасы бойынша қағаз қиықтарынан “Қызғалдақ” құрағын құрастыру


Қызғалдақ құрағының жасалу жолдары




Сергіту сәті.

Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

«Инсерт» әдісін толтыру


Білемін

Білдім

Білгім келеді












 VIІІ. Үй тапсырмасы.

Қызғалдақ құрағын аяқтап келу.



Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Шебер» үйірмесінің мұғалімі:

Досмағанбетова Алмагүл Тұрғазықызы

Сабақтың тақырыбы: Түйме қадау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушыларға түйме қадау тәсілдерін үйрету, шығу тарихынан мәлімет

беру.


Дамытушылық. Еңбектену арқылы ой-өрісін дамыту

Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың типі: Аралас сабағы

Көрнекілік: түйме қадау тәсілдерінің суреттері

Керекті құрал- жабдықтар: Ине, жіп, қайшы, оймақ, мата, түймелер.

САБАҚТЫҢ ӨТІЛУ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) оқушылармен сәлемдесу

Ә) оқушыны түгендеу

Б) оқу құралдарын тексеру


ІІ. Үй тапсырманы тексеру

«Алтын қақпа» ойыны арқылы



ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру:

Сөзжұмбақ шешу арқылы

















Т

Ү

Й

М

Е













Ү

К

І










Қ

О

Ш

Қ

А

Р

М

Ү

Й

І

З







О

Й

М

А

Қ




1. Киім қадайтын құрал

И

Н

Е




2. Ормандағы түңгі құс

3. Оюдың бір түрі

4. Тігін құралы

5. Іс тігетін құрал



ІV. Жаңа сабақтың мақсаты

Оқушыларға түйме қадау тәсілдерін меңгерте отырып, шығу тарихынан мәлімет



беру.

V. Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім сөзі:

Түймені кім бірінші ойлап тапты және ол қандай болды?
Түйменің таңғажайып тарихы ежелден басталады екен. Ежелгі адамдар түйменің орнына киімнің шетін түйіндеп байлап жүретін болған. Сүйектен, өсімдіктердің тікенектерінен түйреуіш жасап, түйреп жүрген. Ежелгі Египетте киімнің екінші шетінен тесік жасап, сол арқылы баулық өткізіп, байлап жүретін болған.
Түймеге ұқсас ежелгі заттар Үндістанда табылған. Олар ежелгі заманда әшекей ретінде қолданылған. Осыған ұқсас заттар қола дәуірінің естелігі ретінде Қытайда да табылған. Ұлу қабыршақтарынан жасалған түймелер Үнді өркениетінің естеліктері ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдарда әшекей ретінде қолданылған. Олардың кейбіреуі геометриялық фигураларға ұқсас болып келеді.

Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?
Франция түйме өндіруден алдына жан салмаған. Олар түймені фарфордан жасады. 18 ғасырда Богемияда әйнек түймелер жасап шығарған. 19 ғасырдың басында Европада папье - машьеден жасалған түймелер тек сәндік киімдерге ғана тағылды. Ал күнделікті киетін киімдерге пластмасса түймелер қолданылды. Сондай - ақ киімнің матасымен қапталған түймелер де ерекше сәнге айналды. Түймені ағаштан, теріден, әйнектен, перламутрдан, металдан да жасады. Металл түймелер ұзақ уақыт бойы тіпті ақша орнына да қолданылды. Алтын, күміс, мыс, мырыштан да түймелер жасалды.

Кімдер түйме жинайды?
Қазіргі кезде түйме киімді қапсыруға арналған бұйым ретінде қолданылады. Ол әр түрлі пішінге ие. Оны тесіктері немесе құлақшасы арқылы киімге қадайды. Көбінесе екі немесе төрт саңылаулы түймелер кеңінен қолданылады. Түйме жинаумен айналысуды филобутонистер клубы бар. Клубтың 5000 мүшесі бар. Италияда да 20 мүшесі бар филобутонистер клубы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Түйме әлемінде 1930 жылдан бастап әлі ешкім жаңалық ашқан жоқ. Олай дейтін себебі, АҚШ - та тұңғыш рет сол жылдары пластмассадан түйме жасалды. Пластмасса түймелер қазірге дейін қолданысқа ие. Көп жағдайда түйменің орнын кнопка мен замок басса да, түйме өз маңызын жойған жоқ деп ойлаймын.
Түймені анам неге оң қолымен, әкем сол қолымен тағады?
Сондай - ақ ерлерде түйме киімнің оң жағына, ал әйелдерде сол жағына қадалады. Мұның да өзіндік сыры бар.
Біріншіден, бұл әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолы. Екіншіден, тарихқа сүйенсек, ертеде әйелдер оң қолымен баланы көтеріп жүріп, сол қолымен түрлі шаруаларды атқара беретін болған. Сол себепті әйелдерде түйме сол жақта орналасқан деген болжам бар.
Ал ерлер болса ат үстінде жүргенде үнемі сол қолымен аттың тізгінін ұстаған. Ал оң қолымен қару - жарағын ұстап жауға шапқан. Ал жайшылықта қаруын қынабына салып жүрген. Сол қолы ат тізгінінен босамаған. Сондықтан ерлердің түймесі оң жақта орналасқан деген жорамал да шындыққа жанасады.
Негізгі бөлім

Киімдердің түрлеріне қарай, қадалатын түймелердің түрі, түсі, пішіні де әртүрлі болады. Түймені қадаудың бірнеше жолдары бар. Жұқа киімдерге түймелер жақындата тығылса, ал сырт киімдердің түймесі матадан қашықтау ғып қадалады.

Сырт киімдерге қадалатын түймелер мықты болуы үшін, киімнің ішкі астар жағына кішкене түймелер, болмаса мата қиындыларын салып қадайды.

Түймелер қолданылуына қарай әр түрлі болады. Оларды асыл тастан, сүйектен, ағаштан, пластмассадан металдан жасайды. Түймелердің түрі, түсі, пішіні әр түрлі. Түймені қадау үшін инені матаның тыс жағынан шаншып аламыз. Себебі жіптің түйіні түйменің астында қалады. Жоғарыда айтылғандай, жіпті бостау етіп қадаймыз. Түйме көлемінің, түрінің бұйымға байланысты болады. Түймені бір қатарға қадаймыз. Екі қатарғада қадаймыз. Киімді түймемен немесе моншақтармен әшекейлейміз.



VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Сиқырлы сандар арқылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Т Ү Й М Е Қ А Д А У

  1. Түймені кім бірінші ойлап тапты және ол қандай болды?

  2. Түймені қай елде көп жасады және неден жасады?

  3. Кімдер түйме жинайды?

  4. Түйменің орнын қалай белгілейміз?

  5. Түйменің түсі неге байланысты болады?

  6. Жіптің түйіні матаның қай жағында қалады?

  7. Түймелерді неден жасайды?

  8. Түйменің орнын қалай анықтаймыз?

  9. Мата түріне қарай түймелердің орналасуын ата?

  10. Әйелдер мен ерлер киімін ажыратудың ең оңай жолын ата?

Сарамандық жұмыс

  1. Құрал-жабдықтарды дайындау

  2. Қауіпсіздік ережені еске түсіру

  3. Түймені қадау үшін жіпті, матаны таңдау

  4. Жіпті бостау етіп қадаймыз

  5. Түймені қадау үщін, инені матаның тыс жағынан шаншып аламыз

  6. Түйме көлемі бұйымға байланысты болады



VIІ. Жаңа білімді бекіту



VIІІ.Үйге тапсырма: Түйме қадап келу


Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Сәндік қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі:

Ережепбаева Гүлжан Әділбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Гүл композициясын құрастыру.

.

Сабақтың мақсаты: 


Білімділік: Ертегі желісі арқылы гүл композиция түрлеріне сипаттама беру,


Дамытушылық: Ойлауды танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Тазалыққа, ұқыптылыққа дағдыландыру, көркемдік талғамды, икемділікті қалыптастыру, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа сабақ


Сабақтың әдісі:  сараманды жұмыс.


Көрнекілік:

 Суреттер жинағы, тақта, дәптер, қалам, карандаш. Гүл түрлері слайд. Үй гүл өсімдіктерінің түрлері. Гүлістан журналы.

Құрал – жабдықтар: қайшы, ұсақ тастар мен гүл схемасы .Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- сәлемдесу
- түгендеу.
- оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
- оқушыларды топқа бөлу.
- жұмыс орнын дайындау.

ІІ. Оқушы білімін тексеру.


Ой шақыру әдісі.
Қандай гүлдердің атауын білесіңдер
Мына гүлдердің орысша атауын табыңыздар?.
Қазтамақ - герань, шегіргүл – фиалка, раушан - роза, түймедақ - ромашка.

ІІІ. Жаңа тақырып мақсаты.

Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру ,жасалу әдіс-тәсілдерін үйрету.

ІV.Жаңа сабақ.
Композиция (латын сөзі – kompositio – құрастыру, тәртіпке келтіру) – көркем шығарманың құрылысы. Гүл композициясы дегеніміз - гүлмен көркемдеп құрастыру.

«Қызғалдақ» ағылшын ертегісі.

.


Ерте, ерте, ертеде бір кішкентай қаланың шетінде Мэри атты қарапайым әйел өмір сүріпті. Шағын қалада Мэриді бәрі біледі екен. Мэридің неше түрлі гүлдер өскен ғажайып бағы болыпты.

Жүрегі таза, мейірімді Мэри гүлдеріне үлкен сүйіспеншілікпен күні-түні қарап, әлпештеп күтіп-баптайды екен.


Оның ақ, қызыл, сары, көк түсті гүлдері көктемнен бастап, күзге дейін алма-кезек гүлдеп, баққа кірген адамның көзін қуантыпты.
Көктемде Мэри нәзік әрі таңғажайып «қызғалдақ» деген жаңа гүлдерді отырғызады. Бірде сол сүйікті гүлдерін көрейін деп, ол түнде қолына шам алып, баққа барады.
О, ғажап! Қызғалдақтарға жақындап қараса, олардың ішінде сүйкімді нәрестелер тәтті ұйқыда жатыр! Бұл гүл періштелерінің балалары еді. Мэри оларға мейірлене қарап қайырлы түн тіледі.
Ертеңіне бақтың иесі ерте тұрып, терезені ашады. Үйдің ішін лезде аңқыған жұпар иіс алып кетеді. Мэри баққа жүгіріп шығады. Бүгін қызғалдақтардан бұрын-соңды болмаған хош иіс аңқып тұр екен.

Бұл ғажап иісті Мэридің қайырымдылығы үшін гүл періштелері қызғалдақтарға сыйлаған еді.


Күндер, айлар, жылдар зырлап өтіп жатты. Мэри қартайып, гүлдеріне қарай алмайтын болғандықтан басқа қалада тұратын баласының қолына көшеді.
Үйді сатып алған жаңа адамдар бақтың орнына бақша егіп, көкөніс сатпақшы болыпты. Бір көктемнің ішінде Мэридің тамаша гүлзарын құртып жіберіпті.
Гүл періштелерінің жағдайлары кетіп, олар көрші бақтарды паналауға мәжбүр болыпты. Сүйікті Мэриді сағынып, қызғалдақтар ауырып қалады.
Күтімсіз қалған гүлдерді көршілер үйлеріне алып кетіп, өздерінің бақтарына отырғызып, аялайды.
Келесі көктемде қызғалдақтар дертінен жазылып, жаңа орындарында құлпырып өсіп шыға келеді. Бірақ, олардың ғажайып хош иісі жоғалып кетіпті.
Содан бері, гүл өсірушілер бүгінгі күнге дейін қанша ізденіс жасаса да, қызғалдақтардың бұрынғы иісін қайтара алмапты.

Қызғалдақ шөптесін өсімдік. Көктемде қазақ даласы мен тау етектерінде қызыл, сары қызғалдақтар қайталанбас көркемдік сыйлайды. Қызғалдақтың гүлі біреу немесе көпгүлді түрлері де бар.
Ол күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты күні жабылады. Қызғалдақ бірнеше күн гүлдейді. Қызғалдақ гүлін мерекеде сыйлық ретінде ұсынуға болады. Әсіресе 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға, аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлауға болады.
“Қызғалдақ”гүл бейнесінің өмірде қолданысқа енуі.

Біздің елімізде Қызғалдақ гүлінің бейнесін шеберлер көп пайдаланған. Ер - тұрман, тері белдік, зергерлер сақина, білезік камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірілген.

ІV. Сарамандық жұмыс.



Қайшымен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Еңбек сабағына арналған ұшы доғал қайшыны пайдалан.
2. Қайшыны тек Өз жұмыс орныңда ғана пайдалан.
3. Қайшының ұшын жоғары қаратып ұстама.
4. Қайшыны ашық күйінде қалдырма.
5. Екінші адамға қайшыны жабық түрінде сабы жағымен ұсын.
6. Қайшымен қию кезінде жүрме, ешкімге жақындама.
7. Қайшының алмасына зер салып қи.
8. Жұмыс соңында қайшыны қабына салып қой.
Желіммен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Желімнің қақпағын абайлап аш.
2. Қағазға ұқыпты, керегінше жақ.
3. Артығын сүрткішпен алып таста.
4. Қолыңды сүрткішпен сүрт.
5. Жұмыс соңында қақпағын жауып, орнына қой.
Қылқаламмен жұмыс жасау қауіпсіздігі
1. Қылқаламды қажетті уақытта ғана ұста.
2. Қылқаламды дұрыс ұста.
3. Қылқаламның ұшымен қағазды абайлап үз.
4. Қылқаламды ешкімге нұсқама.
5. Жұмыс соңында қылқаламды орнына сал.

 Қауіпсіздік ережелері:
5. Қайшыны лақтырма, сермеме. Қайшының ашасын ашық тастама.
6. Қайшыны партаның оң жақ жоғарғы шетіне қой.
7. Қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап алушыға сабын бер.
8. Желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе.
9. Желімді аузыңа, көзіңе тигізбе.
10. Желіммен жұмыс соңында қолыңды жу

Енді біз әр түрлі гүлдерді әдемілеп үйлестіріп гүл жасаймыз.


Жұмыстың орындалуы
- Дайын раммаға суретін салып дайындап алу.
- Керекті материалдар таңдау.
- - Жасанды гүлдерді желіммен жабыстыру.
- Өз қиялымен әрлеп жасау.(жапырақтар салып, кепкен бұтақтарды қолдану).
(ІІ. Мағынаны ашу). Берілген мақалдың мағынасына әр топ өз ойларын, түсініктерін беру.
І топ. «Гүл өссе – жердің көркі»
ІІ топ. «Гүл – көңіл ашады»

Тақырыбы: Гүл композициясын құрастыру. «Сыйлық гүл жасау»


Сарамандық жұмыстың мақсаты: оқушыларға берілген тапсырманың орындалуын қадағалау мен түсіндіру, көрсету.
Сарамандық жұмыстың құрал - жабдықтары: қайшы, ұсақ тастар мен гүл орайтын фальга және корзина, паралон қиындылары, түрлі түсті таспалар(лента). Жасанды гүл түрлері және кепкен жапырақтар мен гүлдер.
Гүл композициясын жасау кезіндегі ТҚЕ сақтау.
Сергіту сәті. 2 мин.
Бәріміз экранға қараймыз «Қарлығаш» сергіту сәтін жасаймыз.
V. Бекіту.( ІІІ. Ой толғаныс)
Гүлдерді атауына қарай өзіндік сыйлау қағидасы, мәдениеті болады екен айтып жіберіңіздер кім біледі?
Гүлдерге байланысты есімдерді білеміз ба?.
VI. Сабақты қорытындылау.
Бүгін менің білгенім..... Мен енді жасай аламын.... Менің түсінбегенім...

VI Оқушыларды бағалау.(оқушылар өздерінің жасаған жұмыстарына қарап бірін - бірі бағалайды.)

VIІ Үйге тапсырма.Жұмысты аяқтау


Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы,

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

«Шебер» үйірмесінің мұғалімі:

Әжіғұлова Сағынкүл Әділбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектің шығу тарихы, түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ою-өрнектің шығу тарихы туралытүсінік беру, ұлттық

дәстүрге баулу.
Дамытушылық: Шеберліктерін шыңдау, шығармашылық ойлау қабілетін

дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп, қызығушылығын

арттыру.

Сабақтың түрі. Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: ою-орнек түрлерінің сызбалары



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Кім жылдам» ойыны арқылы



ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру

Сөзұмбақты шешу арқылы

  1. Тігінші құралы

  2. Белдемшенің орысша атауы

  3. Матаның түрі

  4. Мата қиындыларынан жасалатын көрпе түрі.

  5. Жіптің серігі

ІІІ . Жаңа сабақтың мақсаты

Оқушыларға АНА ұғымын жан-жақты түсіндіре отырып,Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңінің мағынасын ашу.



ІV. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі:

-Ана-бәріміздің ақылшымыз,қамқоршымыз екен.

-Ана деген қасиетті сөз екендігіне келісесіндер ме? Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған-Ана. Бала-ананың бауыр еті дейді.Ана баласы үшін отқа да күйеді,суға да түседі,өмірдің суығына тоңып,ыстығына төзеді. «Қарға баласын аппағым,кірпі баласын жұмсағым дер» дегендей анаға өз баласынан артық ешкім жоқ.Тіпті жан-жануар да баласына мейіріммен қарайды.Қарапайым еңбек адамдары анасына қолынан келгенше сый-құрмет көрсетсе,ақын оған арнап өлең жазады.Жазушы әңгіме жазады,ал сазгер ән-күйін шығарады. Яғни,барлық адамзат баласы өзінің борышын өтеуге тырысады.

Олай болса, балалар, өмірден алынған мына бір оқиғаға назар аударыңдар.

«Жалғыз көзді ана» (Бейне ролик)

Төлеген Айбергеновтың «Ана» өлеңі

Арманыңды ақтарам ба жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті Жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдырет деп түсінем,

Сендік қуакт мың есе артық Жердің тарту күшінен.

Сұлу әлем,әлем сұлу сен жаратқан адаммен,

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен.

Сендік қуат болар,бәлкім,басын иді көк маған,

Әр кез сенен туғанымды есіме алсам,тоқтаман.

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін,

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім.

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде,

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде,

Көз алдымда жас дөңгелеп бұлығам да ызадан,

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам.

Бұл дүниеге онсыз-дағы кеткен жоқ па көп есең,

О,аналар,кей пысықты жаратасың неге сен!

Тасбауырлар дүниеге келсін де,тез кетсін де,

Әлде өзгелер ондайлардан жиіркенесін дейсің бе?

Қай кеудесін жылатуға құдыреті жетпеген.

Анаң саған керек болса,балаңа да сен керек,

Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.

Ана керек,о,адамдар,ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.

(Оқушылар «Жалғыз көзді ана» бейне ролигіне, « Ана» өлеңіне талдау жүргізеді)

Мұғалім сөзі:

-Балалар,сонымен қатар, жалпы статистикаға сүйенсек, қазіргі таңда Қазақстанда 64 қарттар үйі бар оның ішінде 35 мың қарттар бар,соның ішінде 45-5 % аналарымыз екен

Проблемалық сұрақтар:


  1. Қалай ойласыңдар осындай қарттар үйлері бізге қажет пе?

  2. Адамдар неге бұндай жағдайға барады?

  3. Өзіне жақсы таныс,жиі аралысатын құрбыңның әжесі мен атасы бар. Ол ата-анасымен дөрекі сөйлеседі,сыйламайды.Айтқандарын тыңдамайды.Танысына қандай кеңес бере аласың?

  4. Келешекте осындай адамдар қарттарды қадірлемейді деген пікірмен қосыласың ба?

  5. Жалғыз тұратын қарт көршің бар.Үнемі сенен көмек сұрайды.Отын-су тасуға,дүкенге баруға,кейде үйін жинауға шақырады.Сенің әрекетің қандай?Ашуланбай көмек бере аласың ба?

V.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

«Төлдерді табу» ойын арқылы:

  1. Қазақстанда қанша қарттар үйі бар,оның ішінде аналар саны қанша?

  2. Ана туралы қандай мақал-мәтелдер білесің?

  3. «Жалғыз көзді ана» оқиғасы қандай әсер берді?

  4. Т.Айбергеновтың «Ана» өлеңінен нені түсіндің?

  5. Ананың алдындағы парызыңды өтеу үшін не істер едің?

VI .Жаңа сабақты бекіту:

Топтастыру әдісі арқылы








VII. Үйге тапсырма

Т.Айбергеновтың «Ана»өлеңін жаттап келу.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет