Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы Сабақтың мақсаты



Дата22.10.2018
өлшемі168.3 Kb.
түріСабақ
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Кіндікті аулы

«Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі» КММ

Химия пәнінің мұғалімі: Шаяхметова Анар Әменқызы

Күні: Сыныбы: 8 «б»

Сабақтың тақырыбы: Судың құрамы, физикалық және химиялық қасиеттері, маңызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды судың сапалық, сандық құрамын анықтау әдістерімен, судың химиялық қасиетін қарастыра отырып, бейорганикалық қосылыстардың жаңа класы – негіздермен таныстыру, табиғаттағы айналымын,судың тіршілік үшін маңызын түсіндіру, реакция теңдеулерін сауатты жазуға үйрету. Кластар арасындағы байланыстарды мысалдармен көрсету, негіздердің, қышқылдық және негіздік оксидтердің құрамын салыстыра отырып, негізге ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.Табиғат байлығын қорғауға,туған жерге дегенсүйіспеншіліккебаули отырып экологиялық тәрбие беру

Дамытушылық: сұрақ –жауап, есеп шығарту, Ойын элеметтерінқолдану арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тесттер, су, стакан, әк, сынауық.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа қатысуы мен оқу құралдарының әзірлігі тексеріліп, назарын сабаққа аударамын.

ІІ. Үй тапсырмасы “Сен білесің бе ?

  1. Ерітінді дегеніміз не?

  2. Сутегі жанғанда алынатын зат?

  3. Заттар ерігіштігіне байланысты нешеге бөлінеді?

  4. Еріткіш дегеніміз не ?

  5. Сұйықтықтардың және газдардың суда еруінің айырмашылығы қандай?

(Газдардың суда ерігіштігі температура төмендегенде және қысым жоғарылағанда артады)

«Кедергілермен көтерілу»

Химиялық сатымен көтеріле отырып, оксидтер формуласынқұрып жаз. Оларды ата.


N (V)



Cu (II)



AI (III)



P (V)



S (VI)


Тест

1). Суда жақсы еритин заттарды көрсет?

А)өсімдік майы, қант, тұз Б) спирт,глицерин, аммиак В)бензин, спирт,сутек

2) Оттегіні өнеркәсіпте қандай ыдыста сақтайды?

А) газометрде Б) болат баллонда В) дьюар ыдысында

3) Лабораторияда оттегіні қалай аламыз?

А) сұйық ауаны айдау арқылы Б) KMnO4 қыздыру арқылы В) екеуі де емес

4)Мөлшері 3 моль оттек газы қ.ж-да қанша көлем алады?

А) 22,4 б) 44,8 л в) 67,2 л

5) Мына қосылыстағы KMnO4 марганецтің тотығу дәрежесі нешеге тең?

А) +5 б) +6 в)+7

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға судың сапалық құрамын білетінін ескере отырып, оны еске түсіру мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады.

  1. Сутегін судан алу әдістерін және олардың реакция теңдеулерін жаз.

Нәтижесінде су түзілетін реакция теңдеулерін жазып, қай типке жататынын ата.

2H2 + О2 = 2Н2О

Реакция теңдеулерін жазғаннан кейін судың құрамында сутегі және оттегі элементтері бар екендігіне, су осы жай заттардың қосылуы нәтижесінде түзілетіндігіне оқушылардың назарын аудара отырып, осы заттар қандай көлемдік қатынаста болатынын қарастыру қажет.

Судың химиялық формуласы- Н2О Құрылымдық формуласы: Н-О-Н
Салыстырмалы молекулалық массасы: Mr(H2O)= 18

Физикалық қасиеті Таза су- түссіз,иіссіз,дәмі жоқ сұйықтық.Табиғатта су үш түрлі агрегаттық күйде кездеседі: қатты,сұйық,газ.Қалыпты жағдайдағы судың қатуы 0 градус С және қайнауы 100 градус С белгіленеді.Себебі:мұз судың бетінде қалқып жүреді.Егер мұз судан ауыр болса,барлық өзен-көлдер түбіне дейін қатып,ал жаз айларында тек беті ғана еріген болар еді.Су жайлап қызады және жайлап суиды.Осы судың қасиетінің нәтижесінде су бассейндері Жер шарындағы температураны күрт өзгертпей,реттеп отырады.Су электр тоғын нашар өткізеді.


Дәмсіз сұйықтық

иіссіз

түссіз



Тығыздығы 0,92 г/см3



Электр тогын нашар өткізеді

Таза су



00 қатады, 1000 қайнайды


Химиялық қасиеттері

Судың жай заттармен әрекеттесуі

Актив металл + су сілті + сутек

2Na + 2H2O→ 2NaOH + H2

натрий сутегі

гидроксиді (сілті) орын басу реак.

  • Суда еритін негіздерді – сілтілер деп атайды.

  • Сумен әрекеттесіп сілті түзетін металл оксидтерін – негіздік оксидтер деп атайды.

Актив. төмен металл + су MeO + сутек

Zn+H2OZnO +H2

Судың күрделі заттармен әрекеттесуі. Белсенді металл оксидтері сумен тікелей әрекеттесіп, металл гидроксидтері негіздерді түзеді:

2Na2 O+ 2H2O → 2NaOH

Белсенді металл оксиді + су сілті

Ca O + H2O → Ca(OH)2 кальций гидроксиді

  • Сумен әрекеттесіп қышқыл түзетін бейметалл оксидтерін қышқылдық оксидтер деп атайды.

Бейметалл оксиді + су қышқыл

SO2+H2O H2SO3
№1 Зертханалық тәжірибе

Молекулалық қозғалысты бақылауға қажетті құрал жабдықтар: суы бар ыдыс, бояу.
Орындау: банкідегі суға бояу салып, бақылау жүргіземіз. Бояу бірінші төмен түседі, біраздан соң біркелкі тарайды. Неге?

(Жауабы:
Заттарды құрап тұрған молекула мен атомдар үнемі қозғалыста болады. Олай болса су молекулалары да қозғалып, бояу бөлшектерін итермелейді. Еріген бояу су молекуланың арасында біркелкі таралады.Бұл құбылысты
диффузия деп атайды)

2 Зертханалық тәжірибе


1. Су бетінде безектеп, ең соңында жоқ болып, металл Na жүзеді. Қандай қосылыс түзеді?
2Na+ 2Н
2О = 2 NaOH +Н 2ꜛ

Сілті

3 Зертханалық тәжірибе


Денесіне су тисе бұрқырап, ашуланар .
Әркім оны өз үйінде пайдаланар.
СаО+ Н
2О =Са(ОН)2

Биологиялық рөлі Жасушаның 80% судан тұрады.Су-еріткіш.Ағзадағы бүкіл зат алмасу қатысында жүреді.Су тасымалданады. Адам ағзасының ішкі ортасындағы қан 91,5% судан құралады.Ас қорыту жүйесіндегі астың сіңірілуі ащы ішекте иондарға ыдырауына ықпал береді.Ыдырау өнімдері 3 жолмен өтетін болса,оның бәрі су қатысында жүреді.

1) тер бөлінуі 2) Зәр шығару 3) тыныс алу

Өсімдіктер әлемінде фотосинтез процесі су процесі арқылы жүреді.

Қолданылуы

Судың өндірістегі, ауыл шаруашылығындағы және күнделікті тұрмыстағы маңызы зор. Су химия өнеркәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады.

Судың қолданылуы 1. Сутекті алуда

  1. Негіздер алуда

  2. Қышқылдар алуда

  3. Жануарлар, өсімдік тіршілігінде

  4. Халық шаруашылығында

  5. Тұрмыста

  6. Органикалық заттар алуда

Халықтық педагогика

Суға байланысты мақал – мәтелдер, тыйым сөздер айту, жұмбақтар шешу.

  1. Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме.

  2. Өзің ішетін суға өлген ит тастама.

  3. Су ішкен құдығыңа түкірме.

  4. Судың да сұрауы бар.

  5. Сумен ойнама,батарсың, отпен ойнама,күйерсің.

Мақал – мәтелдер

1.Су анасы – бұлақ.

2.Сулы жер - нулы жер.

3.Ердің құты-белеңде,

4. Ағынды су - бал татыр,

Ақшабағы май татыр.

5.Су дүниенің - басы.

6. Наурызда су болмаса, сәуірде ну болмайды.

Жұмбақтар: 1. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.

2. Аяғы жоқ жүреді,сылқ-сылқ күледі.

3. Шыдасаң да алты күн ассыз мүлде,

Шыдау қиын бұл затсыз екі күнге.

«Ой - толғаныс» шығармашылық жұмыс.
1. «Су –тіршілік нәрі».
2. «Су-тазалық кепілі»


Сабақты бекіту

  1. тапсырма Судың металдармен әрекетесу реакциясынын мәнін түсіндіргеннен кейін оның теңдеуін жаза -білуге жаттықтыру үшін төмендегі тапсырманы ұсынған жөн.

Сабақты бекіту мақсатында мына заттар әрекеттескенде түзілетін реакция өнімдерін жазып, атын атаңдар: а) натрий мен су; ә) барий мен су; б) кальций мен су; в) калий мен су; г) литий мен су;

  1. тапсырма Оксидтер дегеніміз не? олардың құрамына қандай заттар кіреді? Оксидтерге мысалдар келтіріледі. Бұл берілген жауапты төмендегі кестеге жазыңдар.




Металдар оксидтері

Бейметалдар окидтері







3 – тапсырма Қышқылдық оксид дегеніміз не? Реакция теңдеуді белгіленген кестені оқушылар бейметалл оксидтері мен судың арасында жүретін реакция теңдеуін жазады:

а) SO2+H2O= ә) CO2+H2O= б) N2O5+H2O=

Реакция теңдеулерін дұрыс жаза білу үшін оқушыларға мынадай нұсқаулар беріледі. Бейметалл оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзіледі.

4 – тапсырма Негіздік оксид дегеніміз не? Төмендегі теңдеуін аяқтап, түзілген заттардың атын ата және жоғарыда берілген кестенің бөлігін жаз.

1.Na2O+H2O= 2.K2O+H2O=

3.BaO+H2O= 4.MgO+H2O=
Бағалау парағы

Р

Оқушылардың аты-жөні

Сен

білесің

бе?

Кедергі лермен көтерілу

тест

Жаңа сабақ (оқушы

белсенділігі)

Сабақты бекіту

Қорытынды

баға

1-тап

2-тап

3 –

тапс.

4-тапс





1

Амиржанова. А




























2

Алшынғазиев А




























3

Байғалиева А




























4

Мұқтарұлы Ш




























5

Нұржанова. Е




























6

Сарсенов. Ж




























7

Төкенов. Н




























8

Тоқтаров. Д




























9

Шакенов. Н































Үйге тапсырма беру: §39,40, 107б – 4,5жаттығу,

Күні: Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы.

Қышқылдардың құрамы, алу жолдары

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл, индикатор ұғымдарымен, алыну әдістерімен таныстыру. Қышқыл қалдығының валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу; қышқылдардың формуласын мен аттарын үйрету.

Білімділік: қышқылдарға сипаттама беру

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке, білім деңгейін өзі бағалауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: сұрақ –жауап, есеп шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.



Көрнекіліктер:Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т.б. мырыш, магний, сызбанұсқалар, кестелер.

Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл, оксид, қышқыл қалдығының валенттілігі, валенттілігі бойынша тұздарды жаза білу, негізгі қышқылдарды атау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы «Қызығушылықты ояту»

Сабақты әнгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қояды:

1.Сендерге қандай жай заттар белгілі?

2.Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?

3.Төмендегі заттар қандай кластарға жатады?



Na2O, CaO, AL2O3, H2O, CO2

/Формулаларды мұғалім тактаға жазады./

Сутегінің химиялық қасиетін қайталау мақсатында төмендегі тапсырмалаларды беруге болады.


  1. Мына заттардың қайсысымен сутегі әрекеттеседі:

О2, Н2О, СІ2, СuО, СО2, РbО?

Рекция теңдеуін жаз, реакцияның қай типіне жатқызасыздар?

2.Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйыққа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс оксиді /ІІ/ арқылы өткізгенде /жібергенде/ де болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция тендеулерін жаз.

Жаңа сабақ Мұғалім мына қышқылдардың НСІ, Н2S, Н24,НNО3

формулаларын жазады. Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма? Бұл қышқылдардың құрамында қандай ұқсастық бар?

Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегі бөліну реакциясын еске түсіру қажет. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы тақтаға жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамын түсіндіреді. Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді.

Қышқылдарды қандай қасиетіне сүйеніп жіктейміз? Оқушылар өздерінің тұжырымдарын айтады: екі қасиетіне сүйеніп, қышқылдарды екі топқа бөлеміз. Бірінші, сапалық жағы, құрамында оттегінің болу болмауы, екінші, сандық құрамы, қышқылдағы сутегінің саны .

Қышқыл құрамында сутектің бір атомы болса бірнегізді, екі атомы болса екінегізді, үш атомы болса үшнегізді болып бөлінеді.

Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты оттекті, оттексіз қышқылдар деп бөлінеді. Оттекті қышқылдардың дәстүрлі атаулары қышқыл түзуші элемент атымен байланысты шыққан. Мысалы, Н24 күкірт қышқылы, НNО3 азот қышқылы

Оттексіз қышқылдардың атауы, элемент атауына сутек сөзінен кейін қышқылы сөзін қосқанда шығады. Мысалы, НСІ тұз қышқылы немесе хлорсутек қышқылы.

ә/ Қышқылдардың оттек бойынша жіктелуін өрмекші әдісімен көрсету


б/ Балық сүйегі "Фишбоун" әдісі арқылы қышқылдардың сутекті жіктелуін талда

Қышқыл




оттекті

оттексіз

қышқылдар бірнегізді кінегізді үш негізді анықтама


Мұғалім өзіндік жұмыс ретінде бірнеше қышқылдардың формуласын жазуды тапсырады: тұз қышқылы, күкіртсутек қышқылы, күкіртті қышқылы, фосфор қышқылы, бромсутек қышқылы.



Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.

Қышқыл ерітінділерде түсін өзгертетін заттарды индикаторлар деп аталады. Қышқыл ерітіндісіне күлгін түсті лакмус салса,- -қызарады, сары түсті метилоранж –қызарады, фенолфталеиннің түсі өзгермейді.



Қышқылдарды алу тәсілдері

Кейбір бейметалл оксидтерін суда еріту арқылы оттекті қышқылдар алуға болады:




SO2 + H2O = H2SO3 күкіртті қышқылы

SO3 + H2O = H24 күкірт қышқылы



Оттекті қышқылдар

Алынуы

Оттексіз қышқылдарды алу үшін хлор, бром, күкірт сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді:


Н2 +S = Н2 S күкіртсутек қышқылы

Н2 +СІ2=2НСІ хлорсутек қышқылы



Оттексіз қышқылдар

Алынуы

Жаңа сабақты бекіту мақсатында бірнеше тапсырмалар орындатамыз.

1.Төменде көрсетілген заттардың ішінен қышқылдардың формулаларын теріп жаз, қышқыл қалдықтарының астын сыз, валенттілігін көрсет:



СиО, НNO3, Mg, H2SO4, HCI, K2SO4,H2O, NaOH, KCI.

2. Берілген қышқылдардың, қышқыл қалдығының валенттілігін табындар:



HNO3, H2SO3, HBr, H3PO4, H2CO3, KCI,H2SO4.

  1. Қышқылдар дегеніміз не ?

  2. Индикаторлар дегеніміз не ? олардың қышқылдарға әсері қандай?

Проблемалық жағдай.

Үшінші артықты табыңыз”.

1) НСІ 1) НСІ 1) Н23

2) Н24 2) Н23 2) Н2СО3

3) НNО3 3) Н2S 3) Н3РО4

Мына берілген қышқылдарды кестеге орналастырыңыз:

І-топ. НСІ, Н2S, Н3РО4

ІІ-топ. НВr, Н24, Н3ВО3

ІІІ-топ. Н2СО3, НF, Н2SіО3

Бірнегізді

Екінегізді

Үшнегізді

Оттекті

Оттексіз
















Деңгейлік тапсырмалар


  • А- деңгей

Формулалар ішінен қышқылдарды теріп жаз.

HCL, NaCL, HNO3, SO2, K2O, H2SO4



Ca3(PO4)2 , AL2O3, Cu(OH)2, H3PO4, HF, H2S

  • В-деңгей

Тұз қышқылының металмен, негізбен әрекеттесу реакция теңдеулерін жаз.

  • С-деңгей

6,7 г алюминий күкірт қышқылымен әрекеттескенде неше литр (қ.ж) сутек газы бөлінетінін есепте.

Үйге тапсырма. §33 6,7 –жаттығулар.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет