Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт тағамдарын дайындау



Дата21.12.2017
өлшемі35.43 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Ырғыз ауданы

Құтикөл ауылы

Т.Шонанұлы атындағы орта мектебінің

Технология пәнінің мұғалімі

Дәулет Сағадат

Класы: 6 Күні: Пәні:Технология



Сабақтың тақырыбы:Сүт және сүт тағамдарын дайындау.

Сабақтың мақсаты:Сүт және сүт тағамдарының құнарлығы мен ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Білімділігі:Төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік жеке қасиеттері, соның ішінде сиыр сүтінен жасалатын тағамдар, оларды дайындау жолдары туралы мағлұмат беру, сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену.

Дамытушылығы:Сүт тағамдарын пайдасы, жөніндегі түсініктерін дамыту.

Тәрбиелігі:Сиыр малының дастархан құты екендігін түсіндіре отырып, халқымыздың ежелден келе жатқан ата кәсібін жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:топпен жұмыс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі:төрт түлік мал туралы буклет, осы төрт түлік малдың тек сүтінен даярланған тағам түрлерінен көрме, сурет жұмбақ, плакат.

Пәнаралық байланыс:тарих, биология, химия.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

ІІ.Өткен сабаққа шолу, үй тапсырмасын сұрау:

«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру.Тақтада оқушы өзіне ұнаған тағамды таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.

1.Тағамдық құндылығына қарай жармалар қандай топтарға бөлінеді?

2.Бұршақ дақылдары неге «өсімдік еті» деп атайды?

3.Макарон пісірудің қандай тәсілдер бар?

4.Дайын ботқаның сапасына қандай талаптар қойылады?

5.Ботқаның сапасына қойылатын талаптар.

6.Жұмыртқа қосылған макарон қалай пісіріледі?

Мұғалімнің сөзі

Наннан тағам аспайды,

Нан бәрін де бастайды.

Басса да адам Құранды

Нанды, бірақ баспайды.

Нан, қарағым, киелі.

Нанды халық сүйеді

Қастерлеген адамға, шапағатын тиеді.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жаңа сабағымызды ашпас бұрын сурет жұмбағымызды ашамыз. Сурет жұмбақтың шешуі: «сүт».

«Ақ-дертке дауа, жанға шипа»демекші, бүгін біз Сүт және сүттен жасалған тағамдар туралы тоқталамыз.

Сүттің өзі адам денсаулығына пайдасы бар.Ал сүтті біз қайдан аламыз? Қазақ халқының бұл қасиетті сусыны төрт түлік малдан өндіріледі.Қазақ халқымыз тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстырып, тіршілікке пайдалануды шебер игерген.Мінсе көлік, ішсе сусын, жесе тағам, кисе киім, тұтынса бұйым, байлығы мен мақтанышы да осы мал болғанын жақсы білеміз.



Айран-ұйытылған сүт.Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. Ол үшін сүтті бес минут қайнатып, қанжалым қалыпқа түскенше суытады. Содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды бір - екі сағат аралығында ұйып болады. Ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. Айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.

Қатық сиырдың , қойдың , ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. Қатық піскен сүттен де ұйытылады. Қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. Қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. Ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың жиналады. Аса құнарлы сүттенұйытылған қатықтың сол күйінде ішеді не болмаса кенеп қапқа құйып сүзіп, сары сусын шығарып сүзбе жасайды. Сүзбені тұздап « Сүзбе құрт »жасауға да, немесе қарынға салып сүзбе күйінде пайдалануға да болады. Қатықтың ұйытылған күйінде де, сүзбе жасағаннан кейін де сорпаға, көжеге қосса астың дәмін келтіреді.

Қойыртпақ-қатық, айран т.б сусындарға сүт қосып ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген. Қанжығадағы қойыртпақ көп шайқалады. Соған орай қанша ашыса да ашуы білінбейді.

Шұбат-түйе сүтінен ашытылады. Бұл әрі сусын, әрі тағам . Өйткені бие сүтіне қарағанда түйе сүті өте майлы. Оның емдік қасиеті де бар. Шұбатты ашыту технологиясы қымыз ашытуға қарағанда оңай. Өйткені оны бір қорландылып алса, одан әрі ешқандай ашытқысыз аши береді. Қымыз секілді мезгіл-мезгіл пісіріп отырудың да қажеті жоқ. Тек кісіге құйып берерде ғана шайқап-шайқап жіберсе, ол жақсы араласып, көпіршігі азаяды. Шұбат құйылған ыдыстың тығынын алып немсе месті пышағын шешіп, газын шығарып отыру керек.

Сарамандық жұмыс.

Құрт жасау, айран жасау тәсілдерін айту.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Сергіту сәті:

Сүт тағамдарына қатысты тыйымдар мен ырымдар.

1.Сауылған сүттің бетін ашып қоюға болмайды.

2.Сүтті үрлеп ішпейді, майлылығы азаяды.

3.Сүт сауатын шелекті су басына апаруға болмайды.

4.Жерге төгілген ақты бауға болмайды,сүт төгілген жерге тұз себеді.

5.Ақтың жуындысын ағып жатқан суға төгуге болмайды.

6.Сүттен жасалған тағамдарды жерге түкіріп тастауға болмайды.



Қорытынды:Сүт өнімдерінің түрлерін ата?

Сүт өнімін қалай пайдаланады?



Сүт өнімдерінің бірі айран қалай жасалады?

Бағалау: Оқушыларды салыстырмалы түрде бағалау

Үйге тапсырма:Сүт өнімдері туралы ой қозғау жазып келу.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет