Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер: қос нүкте, сызықша»



Дата18.12.2017
өлшемі47.42 Kb.
түріСабақ
Пән мұғалімі: Тұрымбетова Аружан Тілеубекқызы

Сыныбы: 9

Пәні: Қазақ тілі


Сабақтың тақырыбы: «Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер: қос нүкте, сызықша»

Сабақтың мақсат-міндеттері

а) білімділік:

Сөйлемнің мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай оған қатынасып тұрған тыныс белгілерінің қызметін ажырата білу-нағыз сауаттылықтың бірден-бір кепілі екендігін ұғындыруСөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер: қос нүкте, сызықша жайында молынан мағлұмат беру және оқушыларға сөйлем талдаудың ерекшелігін ұғындыру;

ә)дамытушылық:

Оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып, сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерді үйренуге машықтандыру, түрлі әдістерді пайдалана отырып, балалардың тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау секілді қабілеттерін арттыру;

б) тәрбиелік:

Егемен еліміздің болашағы-жас ұрпақты өз ана тілін құрметтеуге, ғылыми, мәдениқатынастарда қолдана білуге , қазақ тілінің мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу;


Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сатылай кешенді талдау

Сабақтың типі:

Аралас

Сабақтың түрі:

Дәстүрлі

Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ- жауап

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, қима-қағаздар, тірек сызбалар

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі:

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының

назарын сабаққа

аудару;

-оқу


құралдарының

дайындығын

тексеру


-амандасу;

-кезекшілік

міндеттерін

атқару;


-сабаққа

дайындалу;




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тыныс белгілерінің дауыс интонациясында атқаратын өзіндік ерекшеліктеріне қарай екі топқа диалог құрып келуге тапсырма берілген болатын. Сол тапсырманың қаншалықты орындалғанын тексеремін. Ұяшықтарда жасырылған сауалдарға жауап аламын.

ІІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық:

Өткен сабақты пысықтау арқылы жаңа сабақпен байланыстырамын

Күннің ретін, жаңа сабақтың тақырыбын жазып, сабақ тыңдауға кірістіру.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру:

а) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Сызықша- сөйлемдегі белгілі бір сөзді, сөйлемді, сөйлем мүшесін ерекшелеп, даралап, бөліп көрсету үшін және қызметі бірдей, мағынасы ыңғайлассөздерді жинақтап, топтап, тұжырымдап айту үшін қойылатын белгі. Сөйлемді дауыстап оқығанда, айтқанда кідіріс жасалады, ол үтірге байланысты кідіріске қарағанда басқаша естіледі. Мысалы: Ақсақалдың жанынжа Майбасар, Бөжей, Дәрмен бер еді. (дауыс ырғағы жалғаспалылықты білдіреді, үзіліс қысқа )

Адамның жаманы-мылжың, жақсысы-жомарт. Қыз-келіншек тербетіп тұрғанда, жігіттің қарызы-ән салу. (дауыс ырғағы біршама ұзақ)

Сызықша төмендегідей жағдайда қойылады:


  1. Бірыңғай мүшеден кейін келген жалпылауыш сөздің алдына;

  2. Жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден басқа сөздер келсе;

  3. Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан;

  4. Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса;

  5. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласта;

  6. Мақал-мәтелде ерекше мән беріле айтылған шартты бағыныңқы сабақтаста;

  7. Төл сөз ,автор сөзі, диалогта;

  8. Мақал-мәтелде сөз ықшамдалып айтылған кезде;

Сөйлемішінде қойылатын қос нүктенің де атқаратын рөлі ерекше. Ол мынадай жағдайда сөйлем ішіне қойылады:

  1. Бірыңғай мүшелердің алдына жалпылауыш сөзден кейін;

  2. Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін;

  3. Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдерің арасына;

  4. Төл сөздің алдына келген автор сөзінен соң;

ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Жаңа сабаққа орай жаттығу жұмыстары орындалады.

192-жаттығу

Сызықшаның қойылу себебін айқындай отырып, кешенді талдау жасау.

Үлгі: Сағал көз, сары жүзді, үлкен қауға сақалды, қартаң кісі-Жұман.

201-жаттығу

Қос нүкте қажет орындарды тауып, оның қай ереже бойынша қойылғанын айтып, талдау жасау

Үлгі: Бұл өзі машақатқа толы шақ: мал айдау, үй-жайды көшіру, қой қырқу-бәрі-бәріқосылып, қым-қуыт қарбаласқа айналды.


V.Жаңа білімді бекіту:

Жаңа сабаққа орай екі оқушыға әріптердің қиындысы салынған конверт таратылады. Конверттегі қиындыларды сәйкестендіріп, белгілерін қойып, сауатты түрде сөйлем құрау. Бұдан оқушының жаңа сабақты қалай меңгергендігі аңғарылады

VІ. Үйге тапсырма:

Ереже жаттау

202-жаттығу



Қос нүктенің қойылу себебін түсіндіру.


VІІ.Бағалау:


Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушы білім дәрежесіне орай бағаланады.


Қойылған баға күнделікке түседі

Каталог: uploads -> doc -> 0e40
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0e40 -> Сабақ Мақсаты: Оқушыларды бір-бірімен байланыстыру


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет