Сабақтың тақырыбы: Шарапат пен ілтипат мерекесі



Дата25.06.2017
өлшемі30.89 Kb.
#13642
түріСабақ
Ерейментау аудандық білім бөлімі

Тайбай орта мектебі

Сынып сағаты

Тақырыбы:

«Шарапат пен ілтипат мерекесі »

Өткізген :Жағыпарова К.Ж.

8 «а» сынып

29.02.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Шарапат пен ілтипат мерекесі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алғыс айтудың мәні неде және де өзіңізге алғыс айтқан адамдар бар ма? Яғни сіз бөгде адамға алғыс айтып көрдіңізбе жайында мәліметтер беру.

Сабақтың барысы;Ұйымдастыру

Сыныпты топқа бөліп ,әр топқа жеке-жеке тапсырма берілді

1ші топ Алғыс айтудың мәні неде?

2ші топ:Өзіңіз біреуден алғыс алдыңыз ба?

3ші топ:Сіз бөгде адамға алғыс айтып көрдіңіз бе? Себеп қандай?

Кіріспе сөз:

Елбасының 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялануынан бері алғаш рет елімізде аталып өтілген мерекенің жұртшылық үшін маңызы айрықша.Себебі,көктемнің алғашқы күніне сәйкес келген мейрамды ел тұрғындары бір-біріне жаппай алғыс айтумен басталды. Осы ретте Президент жанындағы Орталық коммуникациялық қызыметінде ҚХА өкілдері көпщілікті осынау рухани мерекемен құттықтады.

Ассамблея Хатшылығының сектор меңгерушісі Назипа Шанай осы күннің ерекше әрі керемет екеніне, жұртқа алғыс айтудың өзіндік тарихы бар және онда да үлкен маңызға ие болып отырғанына тоқталды.Сондай-ақ,ҚХА-ның 22-сессиясында Мемлекет ретінде қалыптасуына байланысты тарихқа шолу жасай отырып,осы ойды айтқан еді.

Бугінгі таңда Тәуелсіздіктің таңсәрі шағында дүниеге калген жастар қоғамға белсенді мүше болуда.Олар сол заман туралы білеме.Егер де білмейтін болса, оларға осы жөнінде ақпараттар беру керек.Осындай егемен елде өмір сүріп жатқан бірнеше ұлт өкілдері бір-біріне алғыс айтса,нұр үстіне нұр болар еді.Бұл мереке осы жолы 800-ге жуық шарадан тұрады.Алғыс айту мейрамы Елбасының қатысуымен Астанада атап өтеді,-деді өзінің сөзінде Назипа Ыдырысқызы.Атам қазақ ықылым заманнан бері сүрінгенге сүйеніш,жылағанға жұбаныш болған жанға алғысын арналған.«Рахмет,қарағым »; «Өркенің өссін», «Көп жаса»,деген сөз тіркестері жан баласын қанаттандырады.

Ата-аналарымыздың пікірі: Елбасының 1 Наурызды арнайы Алғыс айту күніне айналдырғаны құпталық қадам.Түпкі мән-мағынасы өскелең жасты елгезектікке ,ізгілікке жетелейді.Алғыс-бата ұлт та,жас та таңдамайды.

1ші топ Алғыс айтудың мәні неде?

Біз өзіміз үлкендерге шамамыз жеткенше біреуге қолғабысымызды тигізуге тырысамыз.Үйде ата-ана,мектепте мұғалім-екі жақтап,жақсылық жасау қағидасын біздің теңдестеріміздің құлағына құйып келді.Бізге үлкендер риза болғанда ,мынадай тілектер айтады: «Мұғалім бол,балам», «Ел сыйлаған азамат бол» , «Сені тапқан анаңнан айналайын» деп жылы лебіз білдіретін.

2ші топ: Өзіңіз біреуден алғыс алдыңыз ба?

Үй ішіміз қонақ шақырғанда ,үлкендерге қолдарына су құйған кезде өздерінің алғыстарын білдіріп жатады. Үлкен немесе кіші адамдар

болсын ,әкеле жатқан заттарын көтере алмай келе жатқан уақытта көмектессек ол адамда өзінің ризашылығын білдіріп,алғысын айтып жатады.Бұл да кішіпейілдіктің,сыйластықтың нышаны.

3ші топ:Сіз бөгде адамға алғыс айтып көрдіңіз бе?

Бөгдеге алғыс айту-сол адамның жақсылығына берер жауабын тәрізді.Қымбатшылық дендеген бүгінгі уақытта танысыңның әлде досыңның өлшеусіз көмегін,тегін қызметін,жомарт пейілін,жүрегінің кеңдігін сезінудің өзі зор ғанибет.Ол кісіге іштей сүйсінесіз,тілеуін тілейсіз,тіпті бір ауыз батаңызды арнайсыз.Ең жаман деген адамның өзінде де ,бір жақсы қасиет болады.

Қорыта айтқанда:



Жақсылықты әуелі ата-анана жасау қажеттігі шариғат жүзінде де атап айтылған.Әке шешенің алғыс ризашылығына бөленген ұрпақтың келешегі жарқын болады,сол жақсылығы өз ұрпағынан еселеп қайтады.Екінші бізге білім және тәрбие берген берген ұстаздарымызға үлкен алғысымыз шексіз.Сонау қиын-қыстау кезеңде қазақ елімен бауырласқан түрлі ұлт өкілдері ата-бабамызды жерлес,тамыр ретінде танып,жергілікті халықтың ізгі қасиеттеріне көзі жұмылғанша ризашылық сөзін арнап өтті емес пе! Әрдайым осынау тіршілікте,өлшеулі ғұмырымызда баршамызға да айналамыздан алғыс алуға,игі қадамымыз ұрпағымызға үлгі болуға жазсын.Алғаш аталып өтетін мейрамымыз құтты болсын!Өсіп келе жатқан жас ұрпақ мейірімді де дені сау болып өсіп өне берсін


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет