                     Жадыра Сериккалиевна
№3 жалпы орта білім беретін мектеп –кешенінің бастауыш сынып мұғалімі
Семей қаласы
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:Сан есім жайлы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:1.Оқушыларды сөйлем ішінен сан есімдерді табуға, сұрақ қоя білуге үйрету.
2.Сөз таптарын ажырата білуге жаттықтыру,ойлау қабілеттерін ,тілдерін дамыту.
3.Оқушыларды тапқырлыққа ,қамқорлыққатәрбиелеу.Адамгершілікке баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндіру,сұрақ-жауап,сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі : Ойын сабақ.
Көрнекілігі:жұмбақтар,ребус,тірек сызба,сөзжұмбақ,слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
-сабаққа әзірлік
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кіріспе әңгіме:
-
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктемде қандай өзгерістер болады?
-
Көктемде күн қандай болады?
-
Ендеше балалар,бүгін біздің күніміздің бетін бұлт басып қалыпты. Күнімізді бұлттан құтқарайық. Ол үшін бұлтты алу үшін ішінде сын есімі бар сөйлемдер айту керек екенбіз.Бізге үйге қандай тапсырма берілді.
-
Қане, күнді бұлттан құтқарайық.
Балалар сөйлемдерін оқиды.Күннің көзі ашылады.Күннің сендерге сыйлығы бар екен. Жұлдызшалар. Бұл жұлдызшалар сабаққа жақсы қатысып, тәртіпті оқушыларға беріледі. Кім көп жұлдызша жинаса сол жақсы баға алады.
ІІІ. Өткенді еске түсіру.
Өткен сөз таптарын,олардың ережелерін,сұрақтарын еске түсіру .
Кім? Не? Қанша? Неше? Нешінші?
Сөз табы
Кімдер? Нелер?
Зат есім Сан есім
Етістік Сын есім
Не істеді? Қайтті? Қандай? Қай?
Не қылды?
-
Балалар сендер нешінші сыныпта оқисыңдар?
-
Жылдың неше мезгілі бар?
-
Бір айда қанша күн бар?....
-
Балалар мен сендерге қандай сұрақтар қойдым.
-
Қанша? Неше? нешінші?
-
Ендеше сан есім осы сұрақтараға жауап береді.
Қане, балалар сан есімнің ережесін қорытып шығарайық.
Қызығушылықты ояту.
Жұппен жұмыс. «Сөздің әрбір дыбысынан сөз тудыру жұмысы». Парақтардағы сөздердің әрбір дыбысынан сан жазып шығу.
І жұп ІІ жұп ІІІ жұп
тоқсан жеті бір
Түс сегіз Жас сексен Бет екі
үш алты төрт
Әр жұптан бір оқушыға оқытып,тапсырманы тексеремін.
ІҮ. Мағынаны ашу.Оқулықпен жұмыс.
-
Балалар бүгін бізге ертегі кейіпкерлері қонаққа келіпті. Қане, кімдер келді екен?
   
Әр кейіпкердің тапсырмасы бар екен.Соны орындайық.Ұнаған кейіпкерді таңда.
-
Ендеше бәріміз оқулығымыздың 162 бетін ашайық.
1 тапсырма 498- жаттығу. /Ауызша/.
Әр оқушыға оқытып, ерекше жазылған сөздерге сұрақ қойғызып,қай сөз табына жататынын сұраймын.
-
Екі көзің не үшін керек?
-
Жақсыларды көру үшін.
-
Екі қолың не үшін керек?
-
Елге көмек беру үшін.(Қадыр Мырза Али)
2 тапсырма сан есімге мысал келтіріңдер.
Ереже еске түсіру. Өздеріне мысал келтірту.Сөйлемдер айту.
Балалар шарша-
дыңдар ма?
. Сергіту сәтін жасайық.
IV.Сергіту сәті.
3- тапсырма 499- жаттығу.Жұмбақ жасыру./Көркем етіп,дәптерге жазады/
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды.
4- тапсырма 500-жаттығу .Ребусты шешіп,сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау . /Өздіктерінен жазбаша орындайды/. Жүз екі.
1-2 сөйлем тақтаға жазады.
5- тапсырма 501-жаттығу.Берілген сөздердің сан есім екендігін делелдеу. /Ауызша/
Бес, тоғыз, жетінші,отызыншы Бұл - сан есім, өйткені
Сөз жұмбақты
шешіңдер
VI.Сөзжұмбақ шешу.Ой қорыту
С
А
Н
Е
С
І
М
1)Жанды сағат,
Айғай салады.(Есек)
2).Қанаты бар ұшпайды,
Су астында қыстайды.(Балық)
3)Жерде туып,көкте өледі. ( Түтін)
4) Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады. (Жел)
5) Жылт-жылт етеді,
Жылғалардан өтеді. (Су)
6) Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін. (Кірпі)
7)Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар.(Мысық)
-Ортасында қандай сөз шықты? Сан есім жайлы не білдік?
VII. Сабақты қорытындылау.
Бүгін не істедіңдер? Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
VIII. Бағалау.
Жинаған жұлдызшаларға қарап бағаланады.
IX.Үйге тапсырма.
502- жаттығу.162 бет ереже жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |