Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Біржасушалы саңырауқұлақтар. Зең саңырауқұлақтары Сабақтың мақсаты



Дата05.07.2017
өлшемі67.63 Kb.
түріСабақ
Бекітілді:

Күні:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Біржасушалы саңырауқұлақтар.

Зең саңырауқұлақтары



Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік. Оқушыларға саңырауқұлақтардың ерекшеліктері, құрылысы, түрлері туралы түсінік беру

ә) Дамытушылық. Оқушылардың тірі табиғат туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру, білімді нақтылау және қисынды ойлауын дамыту.

б) Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетінше ізденуге, шығармашылықтарын дамытуға, еңбектенуге, өзара білімдерін тексеріп бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдістері: СТО элементтерін пайдалану, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, тест, сұрақ-жауап. суретпен жұмыс



Көрнекілігі: слайдтар, стикер, бағалау парақшасы, электронды оқулық, микроскоп,заттық шыны, сапты ине, жабын шыны

1. Ұйымдастыру

- Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу

- Сабаққа даярлықтарын тексеру

- Оқушыларды топқа бөлу

- Оқушылардың көңіл - күйлерін анықтау

II Үй тапсырмасын сұрау 4 мин

1 топ "Биологиялық диктант"

Тірі табиғатта прокариоттар дүние тармағы екі бөлімге бөлінеді......бактерия және цианобактерия...............................................................................................

Микробиология ......көзге көрінбейтін ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым............

Бактериялардың пішіндері......таяқша, шар, үтір, оралма...... тәрізді болады

Тіршілікке қолайсыз жағдайларда бактериялар ......спора........түзеді

Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша .....спора..........................

Өлі ағзалардың денесінде қоректеніп тіршілік ететіндер ......сапрофит............

Прокариоттардың фотосинтез процесі жүретін көк-жасыл түсті өкілдерін.....цианобактерия........ деп атайды



2 топ "кесте толтыру"

Бактериялардың адам өміріндегі және қоршаған ортадағы маңызы мен зияны

"+"

"-"

Бактериялардың өлі ағзаларда тіршілік ететін түрлерін сапрофитті бактериялар деп атайды. Олардың көпшілігі шіріген өсімдіктер мен өлген жануарларды, саңырақұлақтарды ыдыратып шірітеді.


Тірі ағзалардың жануарлардың , өсімдіктердің денесінде мекендейтін түрлерін паразитті бактериялар деп атайды. Олар тірі ағзаның жасушасынан ағзалық заттарды сорып паразиттік жолмен тіршілік етеді




III Үй тапсырмасын қортындылау 5 мин

Жеке жұмыс "тест тапсырмасы"

  • 1. Бактериялар-бұлар:

  • а) көп жасушалы ағзалар в) ядросы болмайтын біржасушалы ағзалар с) тек таяқша пішінді ағза

  • 2. Бытыранықтар дүниесіне жатады:

  • а) вирустар в) бактериялар с) саңырауқұлақтар

  • 3. Туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды ашқан ғалым:

  • а) А.Левенгук в) Л.Пастер с) Р:кох

  • 4. Бактериялар мақта өсімдігінде.............. ауруын туғызады.

  • а) бактериоз в) гоммоз с) бруцеллез

  • 5. Адам, жануар, өсімдіктер ағзасында тіршілік етіп, ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар тобы:

  • а) сапрофиттер в) паразиттер с( бактериофаг

  • 6. Мына ағзалардың қайсысы прокариоттар тобына жатады:

  • а) вирус в) бактерия с) саңырауқұлақтар

  • 7. Өлген ағзалардың денесінде тіршілік ететін бактериялар қалай аталады?

  • а) сапрофиттер в) паразиттер с) бактериофаг

  • 8. .........- тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша:

  • а) фаг в) спора с) гоммоз

  • 9. Бактериялардың ең көп кездесетін жері:

  • а) ауа в) топырақ с) су

  • 10. Бактериялар қалай көбейеді?

  • а) спора арқылы в) бүршіктену арқылы с) бөліну арқылы екі жас жасуша түзеді

  • 11. Шіріту бактериялары қалай қоректенеді?

  • а) фототрофты в) паразитті с) сапротрофты

  • 12. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерінің тамырында кездесетін бактериялар:

  • а) шіріту бактериясы в) түйнек бактериясы с) күкірт бактериясы

  • 13. Қандай бактериялар топырақтағы қарашірікті минерал заттарға айналдырады:

  • а) топырақ бактериясы в) шіріту бактериясы с) түйнек бактериясы

  • 14. Қандай бактериялар өлген ағзаларды қарашірікке айналдырады.

а) топырақ бактериясы в) шіріту бактериясы с) түйнек

  • 15. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын бактерия:

  • а) түйнек бактериясы в) сүт қышқылы бактериясы с) шіріту бактерия

IY Жаңа сабақ 20 мин

Саңырауқұлақтың құрылысы. Ашытқы саңырауқұлағы (эл. оқулық)



Постер әдісі (Топтарға жаңа тақырып бойынша және өткен сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады )

Саңырауқұлақтар – өсімдіктердің ішіндегі ерекше топ . Олардың бойында өсімдіктердің де , жануарлардың белгілері де бар . Саңырауқұлақ денесінің негізін мецелий (жіпшумақ) құрайды . Саңырауқұлақтардың адам үшін пайдалы түрлері де (мысалы, ашытқы , жеуге жарайтын саңырауқұлақтар ), сондай-ақ зиян келтіретіндері де (мысалы , өсімдіктің , жануарлардың , адамның ауру туғызатын паразит саңырауқұлақтар ) кездеседі . Саңырауқұлақтың бәрі топырақ астында өседі де , жер бетіне қалыптасып, жетілген кезде шығады . Саңырақұлақтың жер бетіндегі тіршілігі өте қысқа -2-3 күн, ал оның түбіртегі ұзақ жасайды . Кейбір саңырауқұлақтың түбіртегі 15-25 жылға дейін өмір сүреді .
Көбіне саңырауқұлақ орманда өседі , егіс танаптары мен шалғындарда сирек кездеседі .
Саңырауқұлақтар қарашірік жасай отырып , табиғаттағы зат айналымында маңызды рөл атқарады . Көптеген саңырауқұлақтарды адамдар тамақ ретінде пайдаланады немесе олардан дәрілер жасайды.

Саңырауқұлақтар бөлімі

төменгі сатылы саңырауқұлақтар жоғары сатылы саңырауқұлақтар

Саңырауқұлақтың жіктелуі


бір жасушалы саңырауқұлақтар

көп жасушалы саңырауқұлақтар



жеуге жарамды

зең саңыруқұлағы

ашытқы



улы

пеницилл

мукор



паразит

аспергилл


Мен саған , сен маған (Бір-біріне сұрақтар қоя отырып тақырыптың негізгі идеясы мен мазмұнын ашу)

Y Сабақты бекіту 6 мин

1 топ "Суреттер сөйлейді"

Берілген суреттер бойынша саңырауқұлақтарды ажыратып жазыңыздар



19-2 25-1 136

2 топ Қалпақшалы саңырауқұлақ құрлысы?

245

1 топ "кесте толтыру"

Өсімдіктер мен жануарларға тән белгілері

Өсімдіктер ретінде

Саңырауқұлақтар

Жануарлар ретінде

Өсімдік сияқты бір орыннан қозғалмай өседі. қанша тіршілік етсе сонша өсе береді. жасушасында қалың қабықша болды. қоректі заттарды бүкіл денесімен сіңіреді

image241

Хлоропластары болмайды, фотосинтез процесі жүрмейді. дайын органикалық заттармен қоректенеді. қоректік қор заты-гликоген


2 топ

Венн диаграммасы


бір ғана жасушадан тұрады;жасуша екіге бөліну арқылы көбейеді; қорғану үшін спора түзеді; дайын органикалық заттармен, асфальт, мұнай, ағаш; шырышты қалта түзеді

бір және көп жасушадан тұрады; вегетативті, жынысты, жыныссыз жолдармен көбейеді; спора арқылы жыныссыз көбейеді; су және дайын органикалық заттармен қоректенеді;шырышты қалта түзбейді
Бактерия Саңырауқұлақ

YI Сабақты қорытындылау

32 зертханалық жұмыс 7 мин

ашытқы және зең саңырауқұлақтарының тіршілігін бақылау

http://t1.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcstppwz-53yjr1pd3ztk7yhmlwsxpl5gsvkytoqjhpa_l8swvgcuofwfew9

Рефлекция Бүгінгі сабақта не түсіндім? Не қиын болды?

(Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну)

YII Үйге тапсырма 1 мин

$ 58/59 оқу, № 32 зертханалық жұмысты аяқтау



YIII Бағалау 2 мин

27 С. Есқараев атындағы орта мектеп



Панорамалық сабақ

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар. Біржасушалы саңырауқұлақтар. Зең саңырауқұлақтары

Сыныбы: 6

Пәні: Биология

Пән мұғалімі: Н. Смаханова

2015-2016 оқу жылы
Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет