Сабақтың тақырыбы: Пектин заттар. Буын үндестігі. Мақсаты



Дата15.10.2018
өлшемі35.48 Kb.
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Пектин заттар.Буын үндестігі.

Мақсаты:Пектин заттар туралы түсінік беру.Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.
Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту.
Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру .

Технологиясы:  СТО

Көрнекіліктер: Таблицалар

Пәнаралық байланыс: .орыс тілі

Сабақ барысы :

І Ұйымдастыру

ІІ Үй жұмысын тексеру

Үндестік жаңы ережесін жатқа сұрау.

ІІІ Жаңа сабақ

1)    Қызығушылықты ояту

2. «ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

2) Мағынаны тану

2. Үш жақты күнделік

Жаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға










3. Мәтінмен жұмыс

Пектин. Пектин және құрамында пектин заттары бар өнімдерді, қант және қышқылдың қатысуымен сілікпе түзу қабілетіне байланысты негізінен тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Пектинді жеміс – жидекті мармелад, дірілдек, джем, пастила, жеміс – жидекті салма және т.с.с. өндірісте пайдаланады.


Пектинді заттар – бұлар жеміс, жидек және өсімдіктердің түйнегінде және сабақтарында кездесетін, екінші реттік полисахаридтер. Өсімдік және көкөністерде пектинді заттардың массалық үлесі орташа есеппен 0,5...2,5 %. Пектинді заттардың құрылысы негізінен галактурон қышқылының қалдықтарынан құралған тармақталмаған тізбектен тұрады. Пектинді заттар өсімдіктерде еріген (еритін пектин) немесе ерімеген (протопектин) күйде кездеседі.

Жеміс және көкөністердің өсуі, пісуі және сақталуы кезінде, пектин заттарының байланысы өзгереді. Жемістердің жетілу кезеңі негізінен протопектиннің түзілуімен сипатталады. Пісіп – жетілу процесінде, еритін пектин түзе отырып протопектин бұзылады. Алманың қысқы сорттарының, алмұрттың, айваның қаттылығы, ондағы протопектиннің көп мөлшерде болуымен сипатталады. Жемістерді сақтау кезінде, ұлпалардың жұмсаруы байқалып, протопектиннің құрамы төмендейді.

1.Жаңа сөздермен танысу.

2.Мәтінді аудару.

3.Сұрақтар дайындау.

4.Грамматикалық бөлік

Буын үндестігітүбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңішке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалғануы. Мысалы, бала+лар, үйрек+ті, құдірет+ті, кітап+қа, т.б. Буын құрауға негіз болатын дауысты дыбыстар болғандықтан, буын үндестігі дауысты дыбыстар арқылы орындалады. Буын үндестігі сингармонизм деп те аталады. Сингармонизм – грек тілінен енген термин. Sуn «бірге» және һаrmoni «байланысу», «үндесу» деген мағынаны білдіреді.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар да кездеседі. Олар:

-мен, бен, пен – баламен, жұлдызбен, жолдаспен;

-қор, -паз, -қой – еңбекқор, өнерпаз, әуесқой;

-тал, -дар, -тай – өсімтал, кіріптар, шешетай;

-хана – емхана, дәріхана;

-нікі, -дікі, -тікі – Майранікі, атамдікі, Мақсаттікі;

-кер, -гер, -кеш – айтыскер, қаламгер, арбакеш;

-кес, -күнем – даукес, пайдакүнем;

-ов(а), -ев(а), -ин(а) – Әуезов(а), Серікбаев(а), Майлин(а);

бей – бейтарап, бейуақыт, бейтаныс.

Қазақ тілінде буын үндестігіне бағынбай жасалатын күрделі сөздер де бар. Мысалы, қос сөздер: салт-дәстүр, некен-саяқ, азық-түлік, қыз-келіншек, көрші-қолаң, аумалы-төкпелі, аға-іні, т.б.;



біріккен сөздер: Есекқырған, Екібастұз, түйетабан, Алтынемел, көкқұтан, итмұрын, егеуқұйрық, ақсүйек, Аягөз, т.б.;

тіркес сөздер: келе жатыр, көк ала, жақын жер, самал жел, жетпіс тоғыз, алтыншы үй, талдырмаш денелі, т.б.

5. Жаттығу жұмыстары

№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз.


Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.
Ақыл – жас..., асыл тас...,
№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.
Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.
Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.
құрылыс... - тер
аң... - шы
көбелек... – дар

Бекіту сұрақтары.

1.Қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?

Жауап. Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.

.ІҮ.Үйге тапсырма



Сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Ү. Бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0db8
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0db8 -> 1. Білімдік: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет