                     Кудайбергенова Гульжамиля Мурзакановна
Ақтөбе қаласы,
Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Математика 3 класс
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға көбейтуді қайталау
Сабақтың мақсаты: 1. Қосындыны санға көбейту тәсілдерін пысықтауға арналған есептерді әр түрлі тәсілмен шығаруға машықтандыру.
2.Математикалық ұғымдарды меңгерту, оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық ойын дамыту.
3.Өз әрекетіне саналы көзқарасқа, ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, оқушыларды шапшаңдыққа ,алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, ойын, көрнекілік, «Алтын қақпа» ойын элементтері .
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту.
- Оқушыларды сабаққа бағыттау.
Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын,
Күлші қане, достым,2 р
Бүгінгі күн міне,
Сәттілікке толсын,
Бестік деген баға
Күнделікке толсын.
2.Мағынаны тану.
Сабақ өткен сабақта өтілген қосындыны санға көбейту тәсілдерін қайталаудан басталады
Бір қатарда неше көк шаршы бар? Бір қатарда неше қызыл шаршы бар?
Бір қатарда барлығы неше көк , қызыл шаршы бар? Осындай неше қатар?
Тік төртбұрышта барлығы неше шаршы бар?
Қосындыны санға көбейтудің бірінші тәсілі. (3+4)х2
Қосындыны санға көбейтудің екінші тәсілі. 3х2+4х2
Бұл көбейтудің қандай қасиеті?(Үлестірімділік қасиеті)
Көбейтудің қосындыға қатысты үлестірімділік қасиеті деген не?
Балалар, бүгін біз «Алтын қақпа» танымдық ойынына қатысамыз.
«Алтын қақпа» ойынының шартында бірнеше қақпалар берілген. Әр қақпаның тапсырмалары дұрыс орындалған жағдайда қақпадан математикалық керемет нақыл сөздерді оқитын боламыз,сонымен қатар «Алтын сандық » қазынасына қол жеткіземіз.
Қазына табуға уақытымыз шектеулі, сол себепті сағатымызды жөндеп алуға шеберханаға соғайық.
1- слайд
№1. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар:
Сағат жөндеуші сағатты ашып , ішін тазалауға 15 минут ,ал оны қайта жинауға 5 минут уақыт жұмсайды.Ол осындай 3 сағаттың ішін тазалап , қайта жинауға қанша уақыт жұмсайды?
Шешуі :(15+5)х3=60 15х3+5х3=60
Жауабы:3 сағаттың ішін жинап, қайта тазалауға 60 мин=1сағ жұмсайды.
2-слайд.
Ұста әрқайсысына 4 тағадан бірінші күні 9 атқа, ал екінші күні 8 атқа таға соқты.Ұста екі күнде барлығы қанша таға соқты?
Шешуі:(9+8)х4=68 9х4+8х4=68
Жауабы:Ұста екі күнде барлығы 68 таға соқты.
3-слайд. «Мыс қақпа» тапсырмасы
№2. Өрнектердің мәндерін тап:
(10+80)х5 (13+27)х4 (100+80)х5 (100+70)х4
(24+6)х2 (12+18)х3 (400+60)х2 (200+80)х3
Тапсырмалар орындалып, «Мыс қақпа» ашылады. Қақпадан нақыл сөз шығады.
4-слайд.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика қызығына тоймайтұғын.
5-слайд «Темір қақпа» тапсырмасы
№3
Тік төртбұрыштың ұзындығы
|
Тік төртбұрыштың ені
|
Тік төртбұрыштың ауданы
|
Тік төртбұрыштың периметрі
|
?
|
3см
|
24см
|
?
|
8см
|
5см
|
?
|
?
|
6см
|
?
|
12см
|
?
|
6-слайд.«Темір қақпа» ашылады.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сендерді
Математика сырына.
7-слайд.Сергіту сәті(шыршаның қимылдарын жасау)
8-слайд.«Күміс қақпа» тапсырмасы
№ 5Салыстыр:
2сағ 30мин*90мин 20м 5дм*205дм
5тәул.12сағ*6тәул 15см*5дм 5см
3сағ 50мин*186мин 2м 5дм*248см
9-слайд.«Күміс қақпа» ашылады.
Есептерге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың болар табылатын қасыңнан.
10-слайд.«Алтын қақпа» тапсырмасы
№ 6 Теңдеулерді шеш:
1 қатар 2 қатар 3 қатар
Сх4=200 200:а=40 Х:4=50
320
200
80
50
8
5
Сх4=320 320:а=40 Х:4=80
11-слайд. Шығармашылық есеп.
7 таяқшаны алып тастап,әр түрлі 2шаршы шығар.4 таяқшаны алып тастап, 4 бірдей шаршы шығар.
12-слайд. «Алтын сандықтан» – «Білім – байлық» деген сөз шығады.
3.Ой толғаныс.
Жалынды жастық желкені,
Егеменді елдің ертеңі – Біз боламыз!
Бар байлыққа білімнің негізінде қол жеткіземіз. Ендеше, білімді болуға тырысайық!
13-слайд. Үйге: №4, №7 160 бет
Бағалау.
(3-рет шапалақ соғу,сабаққа жақсы қатысқандары үшін «Алтын сандық» қазынасынан сыйлық ұсынылады.)
Достарыңызбен бөлісу: |