Сабақтың тақырыбы: Организмнің жеке дамуы онтогенез түсінігі. Жасушалардың бөлінуі өсуі жіктелуі организмнің өлуі



Дата08.07.2017
өлшемі84.33 Kb.
түріСабақ
Бекітемін:

Күні:

Сынып:10 ә

Сабақтың тақырыбы: Организмнің жеке дамуы онтогенез түсінігі.Жасушалардың бөлінуі өсуі жіктелуі организмнің өлуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көбею, оның түрлері, биологиялық маңызы, көбеюдің сатылары. Өмірде осы үрдіске қажетті жағдайларды түсініп біле жүру.Оқушылардың "Көбею" тақырыбы бойынша білімділігін көрсету.Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға үйрету.

Дамытушылық: Бала организмінің даму кезеңдері, белгілері бойынша ажырата алу қабілеттерін дамыту жас ерекшелік қасиеттерін анықтай алуға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың биологиялық ғылымына қызығушылығын арттыра отырып, болашақ мамандыққа баулу. Өзара сыйластық, қамқорлық, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар,тірек-сызбалар,плакаттар,ИНТ,венн диаграммасы,биология журналы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:баяндау,сөз-көрнекілік,слайд,әңгімелеу,тақтамен жұмыс,сұрақ-жауап,топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу

-түгендеу

-психологиялық дайындығы тексеру

Адам меңгермейтін білім бар ма ?
Жойқын істі тындырар күшің бар да.
Оқы,үйрен,жас ұрпақ бәрін меңгер ,
Алға қойған мақсатың ісің бар да !


Тренинг (оқушылармен жаттығу жұмысы)

«Әрқашан күн сөнбесін»

(тақтаға бұлттан шыққан күн бейнесі бейнеленеді,бұлт астында сұрақтар болад сол сұрақтарға жауап береді сол кезде әрқашан күн сөнбесін сөзі шығады )

Сұрақтар

1.Автотрофтар ұғымына сипаттама бер.

2.Жасушаның негізгі органоидтары

3.Вирус қайда тіршілік етеді?

4.Пластидтер дегеніміз,түрлері

5.Бейорганикалық заттар тұз бен суға сипаттама бер

6.Катализатор термині

7.Қазақстандағы тұнғыш «қызыл кітап» қай жылы шықты?

8.Зат алмасу ғылыми түрде қалай атайды?

9.Фотосинтез дегеніміз не?

10.Сілекей бездерінің қызметін,шартты рефлексті ашқан ғалым?

11.Клетканы зерттейтін ғылым?

12.Өсімдіктің вегетативті мүшелері?

13. Ең суыққа төзімді құс

III.Үй тапсырмасын сұрау

Тақырыбы: Ұрықтану Гүлді өсімдіктердің ұрықтану ерекшелігі

1 тапсырма

Жаңа сөздердің мағынасын ашу « терминдер кабинеті»

Гүл-

Ұрықтану-

Сперматогенез-

Овогенез-

Мейоз-

Зигота-

Гамета-

Гаметогенез-
2-тапсырма

I. "Тез, шапшаң" Ой шақыру

1. Аталық безден бөлінетін жасуша (жыныс жасушалары)

2. Аналық безден бөлінетін жасуша( овоцит жұмыртқа)

3. Аналық безден бөлінетін гормон

4. Аталық безден бөлінетін гормон( тестестерон

5. Ұрықтану жүретін аналық мүше (ұрық қапшығы)

6. Ұрық дамитын мүше

7. Сперматазоид пен жұмыртқа жасушасының қосылуы (зигота)

8. Дене жасушасындағы хромосома саны (23)

9. Жыныс жасушасындағы хромосома саны (46)

10.Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?

3 тапсырма Талдау «Ой толғаныс»

Гүлдің құрылысы (сурет бойынша оқушылар тақтаға шығып атап жазады

1.табаны

2. сағағы

3.тостағанша жапырақша

4.күлте жапырақша

5.аталық

6.Аналық


изображение 009

4 тапсырма

Аналық құрылысы Аталық құрылысы Гүлді өсімдіктердің ұрықтануы




2023изображение 011

5 тапсырма

III. Жаңа сабақ жоспары



  1. Онтогенез организмнің жеке дамуы

  2. Эмбриология ғылымының дамуы туралы қысқаша тарихи мәліметтер

  3. Ұрықтың даму сатылары

  4. 4.Ағзалардың өсуі мен дамуы

IV.Жаңа сабақты түсіндіру «Білгенге маржан»

Онтогонез ( грек. on – табыс септігінің жалғауы, ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель үсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын клетканың ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір клеткасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі клеткалары мен клетка кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік белок молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол. Бүкіл онтогенез үдерісін 2 үлкен кезеңге бөлуге болады:



  1. Эмбриогенез - ұрықтың дамуы (немесе көптеген омыртқасыздар, балықтар және қосмекенділер дернәсілінің сатылары).

  2. Постэмбриогенез - туу соңынан даму, яғни дернәсілдік немесе ұрықтық сатылардан соң даму.

http://edu2.tsu.ru/res/1675/text/img/ris88.gif

1. Ұрықтану өте салысымен зигота дамуының алғашқы сатысы басталады. Бұл саты бластула (өсу) сатысы деп аталады. Осы саты кезінде қарқынды бөліну - митоз өтеді. Жасушалардың тез бөлінетіні соншалық, қысқа интерфаза сатысында өсіп те үлгере алмайды. Бластуласатысында ұрыұ үсаұ жасушалар түрінде топтасып, бластомерлер деп аталады. Бұл «жасуша түйірлерінің» пішіні, жасушалар мөлшері, жасушаның орналасуы тірі мақұлықтардың түріне байланысты сан алуан болып келеді. Бластула - бұл жасушалары ерекшеленіп үлгермеген көпжасушалы ұрық. Сондықтан бластула бір қабатты ұрық деп аталады.

2. Гаструла - ұрық дамуының екінші сатысы. Бұл кезенде көптеген маңызды оқиғалар өтеді, яғни жасушалардың жіктелуі - ұрық жапырақшалары; гаструла (қарын) қуысы, желілену (омыртқалыларда) және жүйке тақташалары пайда болады. Біз үшін ең маңызды окиға - ұрық жапырақшаларының - жасушалардың ерекшеленген, жіктелген қабаттарының пайда болып қалыптасуы. Ұрықтың ертерек даму сатысы - эктодерма және ішкісі - энтодерма. Сондықтан гаструланы қосқабатты ұрық немесе ұрық дамуының екі қабатты сатысы деп атайды. Даму барысында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма жекеленіп шығады. Сөйтіпгаструланың кейінгі сатысы үшқабатты болады.

3. Нейрула (жүйкелік) - ұрықтың тек желілілерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы. Бұл кезеңде жүйке тақташасынан жүйке түтігі қалыптасады. Жүйке түтігінен ми және жұлын дамиды.

Туу соңынан постэмбриогенезде пішіндік өзгеріске метаморфозға ауысатын тірі ағзалар бар. Мұндай тіршілік иелерінің туу соңынан пайда болған ұрпақтары ересек дарақтарына мүлде ұқсамайды. Олардың жыныстық жағынан пісіп жетілуі үшін жүйелері және мүшелері өзінің тектеріне ұқсас болуы және ұрпақ қалдыруы үшін дарақтардың құрылысын қайтадан едеуір өзгертуі қажет.Метаморфоздарды құрылысын қайтадан едеуір өзгертуі қажет.Метаморфозды жануарларға бақа мысал бола алды.Мысалы адам ағзасының мөлшері 25 жасқа дейін өсе алады.Сыртқы қаңқасы бар буынаяқтылар жаңа жабыны қатайғанша тек түлеу кезеңіне дейін ғана өседі. Ал өсімдік ағзасы және саңырауқұлақтарөмір бой ғана өсе береді. Бұл құбылыс «шексіз өсу»деп аталады. Тіпті қартайған ағаш жас жапырақтар және бұтақтар түзуін жалғастыра береді.

I V. Жаңа сабақты бекіту



1 тапсырма

Сәйкестендіру (дәптермен жұмыс)




Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы

Постэмбриогенез

Организмнің ұрығының дамуын зерттейтін ғылым

Бластомерлер

Туу соңынан немесе ұрықтан кейінгі даму,дернәсілдік немесеұрықтық сатылардан соң даму

Тура даму

Ұрықтың тек желіліерге ғана тән гаструладан кейінгі сатысы

Онтогенез

Организмнің бірден ересек түріне ұқсап тууы

Түрленіп даму

Митоздық бөліну кезеңінде пайда болған бөлшектерді

Эмбриология

Эмбриондық дамудан соң дернәсілдің пайда болуы

Геронтология

Қарттық туралы ғылым

Нейрула



2-тапсырма

Сұрақ-жауап

1.Ұрық дамуының қандай үш сатысы бар?

2.Эмбриология ғылымына сипаттама бер.

3.Шексіз өсу дегеніміз не?

4.Бластула қандай саты?

5.Гаструла қандай саты?

6.Ұрықтың желілерге тән негізгі қасиеті.

7.Метаморфоз деген не?ол қай тірі ағзаларға тән қасиет?




  1. Адам денесінің моделінен мүшелердің қай қабатта дамыуын айту.

  2. Сәйкестендіру.

  3. Сурет бойынша даму түрлерін көрсету.




  1. Тірек сызба құру.

V. Бекіту сұрақтары.

1. Онтогенез дегеніміз не?

2. Эмбриогенезді зерттеген ғалымдар?

3. Онтогенез ұғымын енгізген ғалым?

4. Постэмбриогенз сатылары қандай?

Мысал келтіру.
VI.Бағалау



Аты - жөні

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа тақырыпты қорытындылау

тест

Суретте не бейнеленген?

Мағын

асы қандай?



Мүшелерді табу

сәкестендіру

Даму түрлері

Тірек сызба

1
























VII. Үйге тапсырма :Оқып түсінік айту.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет