Сабақтың тақырыбы: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер



Дата09.11.2018
өлшемі87.29 Kb.
түріСабақ
ШҚО Ұлан ауданы Бестерек ауылы

«Ғ.Салықов атындағы орта мектебі» КММ

Биология-география мұғалімі Шалқарова Еркежан Шалқарқызы

Сабақтың тақырыбы:

Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер.






СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.1.1.3 - омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысының ерекшеліктерін сипаттау


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды.



Бағалаукритерийі

Тақырыптың маңызын түсіндіреді.Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Омыртқалы және омыртқасыздар, мантия, õитин, ішкі қаңқа, бассүйектілер.




Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Тірі ағзалардың бес патшалығына жалпы сипаттама: прокариоттар, протисталар, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Патшалықтар. Типтер. Бөлімдер. Кластар. Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеудің маңызы.

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу.

Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға буын қиындыларын беремін. Буын қиындыларын құрастырғанда тақырыпқа сай сөздер шығуы керек.




1-топ


2-топ

3-топ


Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Омыртқасыздардыңбелгілері.Ламаркомыртқасыздарғаорталық бөлігі омыртқа жотасы болып табылатын ішкі қаңқасы жоқ барлықжануарларды жатқызды. Омыртқасыздарда не шеміршекті, не сүйекті бассүйегіболмайды.

Барлық жануарды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу за- манауи жүйелеуге сәйкес келмейді. Яғни «омыртқасыздар» деген түсініктің өзі қандай да бір жүйелеу категория болып табылмайды. Бірақ былай бөлу биологияда шамамен 200 жылдан бері бар және ол қолайлы болғандықтан қазіргі кезге дейін қолданылады. Сондықтан бізжануарлардыңомыртқасыздаржәнеомыртқалылардегенекітобын қарастырамыз.



Омыртқасыздардың негізгі типтері. Жануарлар патшалығының ең қарапайым өкілдері – біржасушалылар. Олар қарапайымдар типін құрайды. Жасушалары бір-бірінен аз айырмашылық жасайтын алғашқы нағыз көпжасушалы жануарлар губкалар типіне жатады. Олар мұхитта тіршілік етіп, судан сүзіп алған ұсақ жәндіктермен енжар қоректенеді. Омыртқасыз жануарлар эволюциясының келесі кезеңі ішекқуыстылар типінен тұрады (30-сурет). Ішекқуыстыларда екі қабат қалыптасып, жасушаларының бір-бірінен қатты айырмашылықтары болады. Оларэнтодерма және эктодерма деп аталады. Ішекқуыстыларға маржандар, медузалара, саңырауқұлақтар жатады. Эволюциядағы келесі қадам – жасушалардың үш қабатынан тұратын және бұлшық ет жүйесі бар жануарлардың пайда болуы. Ең бірінші пайда болған мұндай жануарлар – жалпақ құрттар. Олардыоңайажыратуғаболады,себебіолардыңденелеріүстіненастынақарай жаншылған сияқты, сондықтан жалпақ құрттар деп аталады. Жалпаққұрттардан кейін едәуір жетілген жұмыр құрттар типі пайда болды. Бұл жануарларда ішінде алғаш рет ішкі мүшелері орналасқан дене қуысы пайда болды. Бұл қуыс қысым арқылы сұйықтыққа толы, сондықтанмұндайқұрттарденесініңкөлденеңқимасыдөңгелекболып көрінеді.

Әрі қарай омыртқасыздар эволюциясында буылтық құрттар типі пайдаболды.Бұлтипөкілдеріноңайажыратуғаболады,себебіолардың денесі жеке буылтықтарға – сегменттергебөлінген

сияқты. Оларға шұбалшаң, сүлік сияқты жануарларжа- тады. Бұл омыртқасыз жануарлардың өте маңызды типі. Буылтық құрттарда эволюцияда алғаш рет қан және қан тамырлары жүйесі пайда болды. Ежелгі буылтық құрттардан ұлулар, буынаяқтылар типі және омыртқалы жануарлардың арғы тегішықты.
«Еркін микрафон» әдісі (Микрафонды бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жауаптарын айтады.)

1. Омыртқалылардың негізгі класын атаңдар.

2. Омыртқасыздардың негізгі типтерін атаңдар.

Оқулық.


Кеспе мәтіндер.

Микрафон


Ортасы

10 минут




Қолдану

Ұлулартипінеденесіндеміндеттітүрдеарнайытеріқатпары–ман- тиясы (шапанша) бар жануарлар жатады. Мантиядан көбінесе бақалшық (раковина) түзіледі. Бұлар – ұлулар, устрицалар, сегізаяқтар, теңіз құрттары.

Буынаяқтылар типі сыртқы қаңқасы қатты зат – хитиннен тұратын жануарлар жатады. Бұл типтің барлық өкілдерінің денесі мөлшері әртүрлі буылтықтарға – сегменттерге бөлінеді.

Аяқтары да буын арқылы байланысқан бөліктерден тұрады, солүшін осылай аталған. Оларға шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер мен жәндіктержатады.



Омыртқалылардың белгілері. Басты белгісі ішкі қаңқасы болып табылады. Ол сүйекті немесе шеміршекті болуы мүмкін. Бастысы омыртқалыларда ол үнемі денесінің бойымен ось – омыртқа жотасы немесе желі (хорда) түрінде созылып жатады.

Омыртқалылардың негізгі кластары. Омыртқа жотасы немесе желісі (хорда) бар барлық жануарлар желілілер типінің өкілдер, тип тармағы: бассүйектілер (омыртқалылар). Омыртқалылар тип тармағына: сүйекті балықтар, шеміршекті балықтар, қосмекенділер, құстар мен сүтқоректілер кіреді. Бұл жануарлардың барлығында омыртқа жотасы мен бассүйек болады.
Талдау
Ортақ тапсырма: (Суреттер беріледі. Оқушылар суреттерді сөйлетеді. )
1. Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың тіршілік ортасын анықтаң- дар. Бұл оларды омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөлуге әсер етті ме?

2. Өздеріңе белгілі жануарларды омыртқасыздарға және омыртқалыларға бөліңдер.



Дәлелдер мен айғақтар жинайды. Ортаға шығып айтып береді.


Оқулықтағы мәтінді оқып алады.Суреттер.


Сергіту сәті

2 минут


« Көңілді күн» музыкасымен

Миды шынықтыру тапсырма-сын орындайды.

Аяқталуы

Сабақты бекіту



10 минут

Синтез

  1. Кестенітолтырып,салыстырыңдар.




Омыртқасыздар

Омыртқалылар

Тип

Белгі

Типтармағы

Белгі

Қарапайымдар




Қабықтылар




Губкалар




Басжелілілер




Ішекқуыстылар




Бассүйектілер (омыртқалылар)




Жалпаққұрттар




Класс

Өкілі

Жұмырқұрттар




Балықтар




Буылтыққұрттар




Қосмекенділер




Ұлулар




Жорғалаушылар




Буынаяқтылар




Құстар




Сүтқоректілер






Сызылған дайын кластерлер





Бағалау
5 минут

Кері байланыс

3 минут



Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Ж.Б. Ламарктің омыртқасыздар мен омыртқалыларды жүйелеудегі рөліне баға беріңдер.

Аты-жөнім :



Маған бәрі түсінікті. Өзгелерге түсіндіре

аламын


Мен бәрін түсіндім

Кей жерлерін түсінбедім

Мен ештеңе түсінбедім



Рефлексия
«Бір ауыз сөз»

Оқушылар стикерге сабақ туралы бір ауыз сөз жазып, оны тақтаға жапсырады.Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады. (Ұнады,қажет,пайдалы, білдім, үйрендім,қызықты, ұмтылдым,есте сақтадым)




Бағалау парақшасы



Түрлі –түсті стикерлер



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет