Сабақтың тақырыбы Үнді мұхиты. Тынық мұхиты. Сілтеме



Дата27.09.2018
өлшемі38.87 Kb.
#85080

Сабақтың тақырыбы

Үнді мұхиты. Тынық мұхиты.



Сілтеме

Материктер мен мұхиттар 7 сынып 12.10.15ж

Жалпы мақсаты

Мұхиттардың географиялық орнын, жер бедерін, пайдалы қазбаларын,тіршіліктегі маңыздылығын түсіну



Оқыту нәтижелері

- Берілген  тапсырмаларды  жұпта,  топта  орындауға  үйрету;

-Оқушылардың өзін және бірін-бірі  бағалауға дағдыландыру;

-Тапсырмаларды  орындауда  ережелерді қолдана білу дағдысы 

 географиялық  терминдік  тілде сөйлеу қабілеттері;



Күтілетін нәтиже

Үнді және Тынық мұхиттары жайлы мәліметтер бере алады.

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

2топқа бөлу ( теңіз, өзен )

 Бағалау критерийлері

•      Өз бетімен білім алуы

•      Дербес жұмыс жасауы

•      Жұпта жұмыс жасауы

•      географиялық терминді пайдалану



Сабақта қолданылатын
модульдер:
оқыту әдістері


  «Миға шабуыл»,»Ой шақыру», «Венн диаграмма»,»Жигсо».

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Диалогтік оқыту

«Оқыту үшін бағалау, оқытуды бағалау

«Оқытудағы көшбасшылық»

СТО технологиясының элементтері

АКТ пайдалану

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу



Сабақтың    барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөлу. Өзен, теңіз.

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.

Қызығушылықты ояту.

«Миға шабуыл»


1.Гидросфера дегеніміз не?

2.Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы қанша?

3.Мұхит суының басты қасиеттері неде?

4.Судың тұздылығын немен өлшейміз?

5.Дүниежүзілік мұхиттағы тұздылықтың өте жоғары көрсеткіші қай жерде?

6.Мұздықтар нешеге бөлінеді?

7.Мұхит ауданының шамамен қанша пайызын мұздықтар алып жатыр?

8.Су массалары дегеніміз не?

9.Дүниежүзілік мұхит суындағы негізгі беткі ағыстарды ата?

10.Мұхиттағы тіршілік дүниесі қандай топтарға бөлінеді?




Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

1.су қабаты

2.361,1 млн.км2

3.температурасы мен тұздылығы

4.промилле

5. 41‰ Қызыл теңіздің солтүстігінде.

6. біржылдық, көпжылдық, қозғалмайтын, қалқыма.

7.15%

8.мұхиттың белгілі бір бөліктерін алып жатқан зор көлемді суды су массалары деп атайды.



9. жылы ағыстар және суық ағыстар.

10.планктон, нектон,бентос.










3. «Ой шақыру»

Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу (МҰХИТТАР)
Сұрақтары:
1. Су тек мұз түрінде кездесетін ғаламшар?(Марс)
2. Гидросфераның құрамдас бөлігі (Мұздық)
3. Судың көп бөлігін алып жатқан гидросфераның бөлігі / яғни 97 пайызын (мұхит)
4. Су қабығы (гидросфера)
5. Қайда 20 млрд км3 су бар? (мантия)
6. Гидросфераның тығыз байланыстағы қабығының бірі (атмосфера)
7. Мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы, жер астындағы сулар үнемі неде болады? (айналым)
8. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ішіндегі тек қай ғаламшарда су сұйық күйінде кездеседі? (Жер)
Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз мұхиттарға байланысты

4.Мағынаны тану.

Оқушыларға ресурстар таратылады.

1топ- Үнді мұхиты


2топ- Тынық мұхиты

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша ақылдасып, не түсінгендерін талқылау парағына сурет салу арқылы немесе жазу арқылы түсіндіреді. Әр топтан бір спикер шығып тапсырманы қорғайды, картадан көрсетеді.




 

5. «Ең, ең, ең...» ойыны
Ең үлкен материк. Еуразия
Ең үлкен мұхит. Тынық
Ең терең шұңғыма. Мариан
Ең суық мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең таяз мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең жылы мұхит Үнді мұхиты
Ең терең мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші мұхит Солтүстік Мұзды мұхиты
Ең ұзын мұхит Атлант мұхиты
Ең енді мұхит Тынық мұхиты
Ең кіші материк Австралия



 


 

 


Бағалау

2 минут

  Формативті және сумативті, стикерлермен бағалау






      Үйге тапсырма беру  /   2 минут

1. Мұхиттағы өсімдіктер мен жануарлар жайлы тың мәліметтер жазып әкелу.


Үй  тапсырмасын  күнделікке  жазып  алу.

        Рефлекция    /   1 минут  

1.      Мен бүгінгі  сабақта не білдім.......

2.      Маған қызықты болды........

3.      Маған қиындық  тудырған.......



4.      Бүгінгі білгенімді болашақта өмірде............... пайдаланымын

Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет