Сабақтың тақырыбы ms. Excel-дің графикалық мүмкіндері. Диаграмма құру Жалпымақсаты



Дата08.03.2018
өлшемі60 Kb.
түріСабақ

Пәні: информатика

Сынып: 8 а б в №23 сабақ




мерзімі




Пән мұғалімі




Сабақтың тақырыбы

MS.Excel-дің графикалық мүмкіндері.Диаграмма құру

Жалпымақсаты

MS.Excel –де графикалық объектілермен жұмыс жасауға, диаграмма құруға үйрету.Диаграммада берілген мәліметтерді салыстыра отырып, анализ жасауға дағдыландыру

Оқушыны ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйесіне тәрбиелеу,



Оқунәтижелері

MS. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері туралы жалпы мәлімет алады;

Диаграмма ұғымының мағынасын, бөліктерін, типтерін басқаларынан айыра біледі;

Берілген мәліметке сәйкес типін таңдап құрады және диаграмманың жеке элементтерін, кестеге кірістірілген басқа графикалық объектілерді форматтайды.

Мәліметтерді салыстырып анализ жасай біледі.Оқушылардың сөздік қоры жаңа терминдермен толығады.



Түйіндіидеялар

Оқушылар іс-әрекеттері арқылы ізденімпаздыққа жетеді. Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін анықтау, түсінік деңгейін ескере отырып шешім қабылдау.Топпен жұмыс- ортақ пікірге келу, өзінің және өзгенің әрекетіне талдау жасау

Ресурстар

АКТ, ақпарақшалар, стикер, маркерлер, интерактивтітақта

Сілтеме

8 сыныпоқулық, интернет ресурстары

Жаттығулар

тапсырмалар



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Стратегиялар немесе әдіс- тәсілдер

Қызығушылығын ояту

Ынтымақтастық атмосферасын құру

- ұйымдастыру

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

3 мин


Амандасу

-оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, жүрегіміздің дүрсіліне құлақ түрейікші..

-менің жүрегім сендерге деген сенім мен мейірімділікке толы

-Ал сендердікі ше?

--------

-Олай болса, осы жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға таратайық...

Фигуралар бойынша топқа бөлу :

Үшбұрыш таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін жандар.

Төртбұрыш таңдағандар өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысы -ның шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар

Шеңбер таңдағандар қарым-қатынасты жоғары бағалайтын,

өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, әңгіме айтқанды ұнатады, тез шешім қабылдай алмайды, достары мен таныстары көп жандар.



-Оң алақандарын жүрек тұсына қойып,өз жүректерінің қандай екенін айтады..

-алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу

- 3 топқа бөлінеді;

- Ынтымақтастық орнайды, жақсы көңіл –күймен орындарына отырады.

- Топ ережесін үнемі басшылыққа алады.


«Жүрек жылуы» тренингі

ОЖТ(оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс


Ой қозғау

5 мин



Графикалық диктант

Төмендегі пікірлер ақиқат болса,

_ (түзу) сызықпен, жалған болса

^ белгісін қой:

1.Жол және бағанның қиылысуы ұяшық деп аталады.

2.Бағандар араб цирларымен белгіленеді.

3.Әр ұяшықтың өз адресі болады.

4. MS. Excel-сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған программа.

5.Кез келген формула «-» белгісінен басталады.

6.Әр ұяшықтың мекені қатарда орналасқан.

7.Жұмыс парағы 256 бағаннан 65 536 қатардан тұратын кесте түрінде беріледі.

8. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін

Файл-Ашу командасын таңдау керек

9.Кез келген электронды кестенің ұяшығына сан, формула,мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.



Оқушылар ойланады.

Пікірлердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтайды, график тұрғызады.

Өз жауаптары дұрыстығын салыстырады, көз жеткізеді.

«Болжау» стратегиясы

Миға шабуыл

Мағынаны таныту

(оқушылар жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады)

7 мин


Жұптық жұмыс

5 мин


1. MS. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері туралы мәлметті электрондық оқулықтан сынып болып тыңдау.

2. Диаграмма туралы тарихи мәліметтерді слайд (флипчарт) арқылы беру.


«MS.Excel-дің графикалық мүмкіндері.Диаграмма құру» туралы не білдім?



-Оқушылар тыңдайды, қажет болса жазады;

-білуге деген құлшыныстары оянады

-ынталары артады;

-жаңа ұғымдармен танысады;

- ой түйіндейді

-Дәптермен жұмыс жасайды


-Оқушылар сұхбаттасады;

-Тыңдалым барысындағы мәліметтерді талқылайды,

-ой бөліседі

АКТ


Түртіп алу стратегисы
Диалогтік оқыту

3-кезең:

Ой- толғаныс:

15 мин


-АКТ пайдаланып топта жұмыс жасауға жетелейді;

-Оқушылардың ойларын жинақтап, ми қыртысында сәулеленген ойларды топтастыруға бағыттайды.



Тапсырма:

Интернет ресурстарын пайдалана отырып, төмендегі мәліметтерді кестеге енгізіп, диаграмма құрыңдар және пішімдеуді орындаңдар:



Ұшбұрыш тобы:1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты

Сотталғандар саны-

Комсомол қатарынан шығарылған

дар саны-

Комсомолдық жаза қолданылған-

дар саны-

оқу орындарынан шығарылғандар саны-

ақталғандар саны-



Төртбұрыш тобы:Қазақстан халқының ұлттық құрамы туралы мәлімет енгізіңдер.(қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, ұйғырлар, кәрістер, басқа ұлттар)

Шеңбер тобы:«Еңбек ақыны есептеу» кестесін құрыңдар және еңбек ақының өсу немесе кемуінің диаграммасын тұрғызыңдар.

-Оқушылар постермен жұмыс жасайды.

-Әр топ кезекпен жаңа сабаққа толық анықтама беріп айтады;

-анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;

-синтез, бір-бірімен ой бөліседі;

-Оқушылар сұхбаттасады, сұрақтар қояды;

-Қателіктерін түзейді



АКТ

ОБжК: (оқытуды басқару және көшбасшылық)


Сергіту сәті 2 мин

« Көңілді күн» әніне қойылған би

Би қимылдарын қайталайды

Сергіту сәті

қорытынды

Сұрақтардың дұрыс қойылуына назар аударады

Әр топтан бі-бірден оқушылар шығып сұрақтарға жауап береді

Ыстық орындық

Рефлексия

3 мин


Мұғалім оқушылардан не білгені жайлы сұрайды

Сабақтың өтілуі туралы ой (Бағалау)



Қорытындылау. Не білдік? Не үйрендік? Не білгіміз келеді? Сұраққа жауап іздейді.

Кері байланыс

Тапсырмалар кейінгі оқу2 мин

§30 107-111-бет.

Күнделіктеріне жазады.

Түртіп алу

Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет