Сабақтың тақырыбы: Мінез құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі



Дата24.10.2018
өлшемі75.13 Kb.
#92320
түріСабақ


k:\3-1.jpg


Кожикова Бакытжан Муктаровна

46 орта мектебінің химия және биология пән мұғалімі



Өскемен қаласы


Сабақтың тақырыбы:

Мінез құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер. Шартты рефлекстердің сөнуі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Мінез –құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Мінез- құлықтың рефлекторлық табиғаты: шартсыз және шартты рефлекстер туралы біледі, түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шартсыз және шартты рефлекстерге мысал келтіре отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

Рефлекстердің ағзаның тіршілік етуіндегі рөлін бағалай алады.

Бағалау критерийі

Білім алушы

Шартты және шартсыз рефлекс ұғымдарын анықтайды.

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіреді.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар

Мінез –құлықтың рефлекторлы сипатта болатынын түсіндіре алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Рефлекс, шартсыз рефлекстер, шартты рефлекстер, инстинкт (түйсік), қорғаныштық рефлекс, уақытша байланыс,бағдарлау рефлексі.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Шартсыз рефлекс сілекей бөліну ... кезінде бөлінеді, кенеттен қатты болған оқиғаны естігенде сілекей бөліну тоқтайды себебі...

Жануарларда күрделі мінез-құлық ..... деп аталады, ол бір жауап реакциясымен аяқталмайды. Келесі бір реакцияны тудыратынын мысалдар келтір...,....,....,....



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Адам организімінің саналы және саналы емес іс-әрекеттерінің барлық актілері.... екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Егер шартты тітіркену үнемі ... бекітілген болса, ... ... берік болады.

... кез келген таныс емес тітіркендіру әсерінен ..., Жаңа тітіркену .... .... тудырады.


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» 3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият (білім беру, денсаулық сақтау) 7. Ұлттық кауіпсіздік (қоршаған ортадағы келеңсіз оқиғадан сақтану).

Пәнаралық байланыс

Дүние тану, география, экология.

Алдыңғы білім

Адам ағзасындағы жүйке жүйесі. Дүниетану 3 сынып

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру, 4-топқа топтастыру, ынтымақтастық орта құру. (3 мин)

Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырма: (5мин) топтағы төрт оқушыға берілген тапсырма.



Тапсырма 1. «Сандықтағы конверт»

Оқушы 1. Қолдарындағы гүл суретіне қарап түрі бойынша рефлекторлық доғаның сызбасын сызу;

Оқушы 2. Қолдарындағы гүл суретіне қарап иісі бойынша рефлекторлық доғаның бөлімдерін жаз.

Оқушы 3. Рефлекторлық доғаның биологиялық маңызын ата.

Оқушы 4. Суретпен жұмыс.

Қосымша 1.

Топтастыруға арналған құралдар «гүлдер»



Қосымша 2. 4 конверт.

Сабақтың ортасы


Топтық, жеке жұмыс.

Тапсырма 2. «Түртіп алу»

Оқулықпен жұмыс (жеке жұмыс 10 мин)

Оқулықтағы мәтінді оқу. Әр топта тталдау.

Тапсырма 3. (10 мин)

1 топ. «Интеллект карта». Берілген суреттерді мұхият қарап рефлекстерді жікте. ( ми,жұлын, түшкіру, иіскеу, сілекей бөлу, қолды ыстықтан тартып алу, оқыс болған оқиғаға қарау, тб)

2 топ. «Венн диаграммасын» толтыру. Шартты,шартсыз рефлекстердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану.

3 топ. «Миға шабуыл» Тамақ ішіп жатқан иттің қасында атылған оқтың дауысы шықса сілекей бөлу рефлексі тоқтайды. Себебін түсіндір....

4 топ. Логикалық сұрақ. Көрген фильмдерін екі дос жолда талқылап келе жатты. Кенеттен көлік сигнал берді. Екеуі де ойланбастан, артқа қарамастан жол шетіне жүгіріп шықты. Қандай рефлекс түріне жатады? жауабыңды түсіндір...

Тапсырма 4. «Шағын эссе»

Жануарларда инстинкт болмаса өмір сүре алар ма еді ? (бірнеше мысалдармен дәлелді жауап беру)



Қосымша 3. Суреттер берілген.

Қосымша 4. Сөздер мен сөз тіркестері берілген.


Сабақтың соңы


Тапсырма 5.

Шартты рефлекстер, шартсыз рефлекстер түрлері және олардың сипаттамаларын сәйкестендіру.



1.Шартты рефлекстер

2.Шартсыз рефлекстер



А.Тұрақсыз, түзілуі де жойылуы да мүмкін.

В.Организм қабылдайтын кез келген тітіркенуден түзіледі.

С. Тұқым қуалау арқылы берілетін, туа біткен.

Д. Тұрақты рефлекс доғасы болады.

Е. Сәйкес тітіркенуге жауап жүзеге асырылады.

F. Шартсыз рефлекс негізінде қалыптасады.

G. Үлкен ми сыңарларының қыртысының іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.


Үй тапсырмасы. §42,43. 164 бет сұрақтарға жауап беру

Бағалау «Бағалау ағашы»

«Кері байланыс бутерброды»

1.Маған ... ұнады, себебі ...,

2.Енді/ келесі жолы ... жетілдіруге болады;

3.Сонымен қатар ... жақсы шыққан, себебі ....






Тапсырмалар

Қосымша 1. Топтастыруға арналған құралдар «Гүлдер»

Қосымша 2.

Тапсырма1. « Сандықтағы конверт» Бір топта төрт оқушыға арналған тапсырмалар салыған 4 конверт. (4 топтағы 4 оқушыға бірдей тапсырмалар беріледі, оқушылардың өз қалаулары бойынша тапсырмаларды таңдап алады)

Оқушы 1. Қолдарындағы гүл суретіне қарап түрі бойынша рефлекторлық доғаның бөлімдерін жаз; c:\users\birzhankyzy_zh.ukk\desktop\550px-8_9_16_1.png

Оқушы 2. Қолдарындағы гүл суретіне қарап тірі гүл деп елестетіп, иісі бойынша рефлекторлық доғаның бөлімдерін сызба нұсқамен көрсет.http://school.xvatit.com/images/thumb/5/5f/8_44_16_3.png/550px-8_44_16_3.png

Оқушы 3. Рефлекторлық доғаның биологиялық маңызы..., ..., .....

Оқушы 4. Суретпен жұмыс. Суретке қарап төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

Кестеге рефлекстік доға бөлімдерін санмен белгілеңіз:



Сезгіш нейрон

Қозғалтқыш нейрон

Жүйке орталығы

Рецептор

Тітіркенуге жауап қайтаратын мүше
















Тапсырма 1, дискриптор:

  1. Рефлекстік доғаның сызбасын елестетеді;

  2. Рефлекстік доғаның бөлімдерін біледі;

  3. Рефлекторлық доғаның биолгиялық маңызына бірнеше мысал келтіре алады.

  4. Дайын суретті пайдаланып кестеге сандармен көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау: өздерін бағалау.(бағалау ағашында қай жерде тұрғанын бояу арқылы көрсетеді)

Тапсырма 2. «Түртіп алу». Оқулықпен жұмыс (жеке жұмыс 10 мин) Оқулықтағы жаңа тақырып мәтінін оқу. Бір топтағы оқушыларға жеке- жеке тақырыпшаны оқуға бөліп беру. Әр оқушы өз тақырышасы бойынша топта түсіндіреді. c:\users\администратор\desktop\фото\img_1591.jpg

Тапсырма 2, дискриптор:

1. Оқушылар жаңа тақырыпты және оқу мақсатын біледі;

2. Әр оқушы өз тақырыпшасын мұхият оқиды;

3. Тақырыпшасындағы негізгі сөздерді теріп жазады, анықтамасын біледі.



Қалыптастырушы бағалау: өздерін бағалау.( «Блоб» бағалау ағашында қай жерде тұрғанын бояу арқылы көрсетеді)

Қосымша 3

Тапсырма 3 (10 мин)

1 топ. «Интеллект карта».

Берілген суреттерді мұхият қарап рефлекстерді жікте

i:\9 сынып\реттелу\s88684586.jpgc:\users\user\desktop\22647947_html_m6a794aca.jpgc:\users\sony\desktop\rvota-1.jpgc:\users\sony\desktop\5af8888ad4d36e9ab50fc6afe146401a.jpgc:\users\sony\desktop\jazyk.jpgc:\users\sony\desktop\скачанные файлы.jpgc:\users\sony\desktop\122359349_silnyjkashelsmokrotoj.jpgc:\users\sony\desktop\depositphotos_59799265-emoticon-with-tears-of-joy.jpg

І топ. 3 тапсырмаға
дискриптор:

1.Берілген суреттерге мұхият қараңыздар;

2. Рефлекстің түрлерін еске түсіру;

3. Рефлекстің түрлеріне қарай жіктеп жазып алыңдар;

4. Түрлеріне қарай суреттер арқылы жіктең іздер.

Қосымша 4

2 топ. «Венн диаграммасын» толтыру. Шартты,шартсыз рефлекстердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалану.

Туа пайда болған, Өмір бойында сақталады және өзгермейді, Жүре пайда болған, Өмір бойында өзгеріп отырады, Бір түрдің организмдерінде бірдей, Әр организмде өзінің жеке рефлекстері болады, Тұрақты жағдайларға бейімдейді, Өзгеріп отырған жағдайларға бейімдейді, Рефлекстік доға жұлын арқылы өтеді, Уақытша байланыстар үлкен ми сыңарларында сақталады, Лимонның ауызға салғанда сілекейдің бөлінуі, Лимонды көргенде сілекейдің бөлінуі, Нәрестенің емуі, 6 айлық баланың сүті бар бутылкаға рефлексі, Түшкіру, жөтелу, ыстық заттан қолын тартып алу, Мысық пен иттің атын айтып шақырғандағы рефлексі, қорғану, тірі қалу.

3 топ. «Миға шабуыл» Тамақ ішіп жатқан иттің қасында атылған оқтың дауысы шықса сілекей бөлу рефлексі тоқтайды. Себебін түсіндір....

4 топ. Логикалық сұрақ. Көрген фильмдерін екі дос жолда талқылып келе жатты. Кенеттен көлік сигнал берді. Екеуі де ойланбастан, артқа қарамастан жол шетіне жүгіріп шықты. Қандай рефлекс түріне жатады? жауабыңды түсіндір...

Әр топтан өз қалаулары бойынша бір оқушы топ алдына шығып ұжымға түсіндіру.



Қалыптастырушы бағалау: топтық бағалайды. «Екі жұлдыз бір тілек»
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы:
sabaktar -> Түйетабандар тұқымдасы ( Peganaceae Tiegh)
sabaktar -> Тақырыбы: Жүрек- қан тамыр жүйесі
sabaktar -> Құрамы (мг/л): Тамыр жаюға арналған ортаның құрамы (мг/л)
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Витаминдер Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Жігер бұзылысы туралы жалпы түсінік»
sabaktar -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға тістің құрылысы, тістің эволюциясыжәне гигиенасы туралы кең көлемдегі түсінік беру
sabaktar -> 11 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
sabaktar -> Жанғали Асылай, №21 жалпы орта мектебінің оқушысы ОҚО, Түркістан қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет