Сабақтың тақырыбы: Ми және психика Сабақтың мақсаты



Дата14.10.2018
өлшемі88 Kb.
#87741
түріСабақ
№9

Күні:

Топ: ББМ-02

Пән: Психология

Сабақтың тақырыбы: Ми және психика

Сабақтың мақсаты:

Ми және психика тақырыбын толық жан-жақты ашып түсіндіре отырып,теориялық жағын практикамен байланыстыра отырып оқушыларға меңгерте білу.



Білімділік мақсаты:

Әрбір оқушыны өздігінен білім алуға үйрету, және оқыту. Білім алудағы негізгі талаптарды іске асыру,білімді терең толық жүйелі саналы түрде игерту.

Дамытушылық мақсаты:

А) Оқушының сөйлеу қабілетін, сауаттылығын дамыту,сөздік қорын арттыру,ойлау қабілетін арттыру,өз ойын нақты ,дәл жеткізе білуге үйрету.

Ә)Оқушының дүниетанымын және ғылымға деген қызығушылығын тудырып ,дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

Халықтық салт сана мен халықтық тәлім тәрбие беру.Өз Отанын ,ұлтын, туған жерін сүйе білуге,ерлікке ,адамгершілікке ,тіл өнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:баяндау, әңгіме, түсіндіру, жаттығу, кітапты пайдалану, салыстыру,жүйелеу, ауызша және жазбаша шығармашылық жұмыс.

Көрнекі құралдар:тақта,бор, кітап, кеспе карточкалар,техникалық құрал жабдықтар.

Пән аралық байланыс:анатомия, физиология,педагогика.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері: Оқулық. Алматы: Эверо, 2010.

2. Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999

3. Жарықбаев Қ. Психология. А., 1993

4.Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.

5.Тәжібаев Т. Жалпы психология. А., 1993



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Жоспар.


1. Мидың құрылысы

2. Ми мен психиканың байланысы.



Ми' ('дұрыс айтылуы — мый) — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми бастабассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми жәнеүлкен ми сыңарлары.

Жұлындағы сияқты мида ақ және сұр заттар болады. Ақ заттан өткізгіш жолдар түзіледі. Олар миді жұлынмен, сондай-ақ ми бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Өткізгіш жолдардың арқасында бүкіл орталық жүйке жүйесі біртұтас қызмет атқарады. Сұр зат өз алдында шоғырланып, ақ затқа ядролар түрінде орналасады. Мұнымен қатар сұр зат ми сыңарларымен мишықты қаптап, ми қыртысын түзеді.

Сопақша ми мен көпір жұлынның жалғасы болып табылады, олар рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады.

Сопақша ми мен көпірдің ядросы ас қорыту, тыныс алу, жүрек қызметін және басқа процестерді реттейді, сондықтан сопақша ми мен көпірдің зақымдалуы өмірге қауіпті. Шайнау, жұту, ему процестерінің реттелуі, сондай-ақ құсу, түшкіру, жөтелу сияқты қорғаныш рефлекстері мидың осындай бөлімдерінің қызметіне байланысты болады.

Сопақша мидің үстіңгі жағына мишық орналасады. Оның беті сұр зат — қыртыстан тұрады, қыртыстың астындағы ақ затта ядроболады. Мишық орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланысады.

Мишық адамның қимыл әрекетін реттейді. Оның қалыпты қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дененің тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар, мысалы, иненің көзінен жіп өткізе алмайды, олар мас адамдарша теңселіп жүреді, жүргенде қол-аяғы сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.

Ортаңғы мида ядролар орналасады, олар қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке импульстарын жіберіп, олардың шыриғып тұруын — тонусын сақтауға мүмкіндік береді. Көру және дыбыс тітіркенуін қабылдайтын бағдарлау рефлекстерінің рефлекс доғалары ортаңғы ми арқылы өтеді. Бағдарлау рефлекстері бас пен денені тітіркендіргішке қарай бұрудан бөлінеді.

Сопақша ми, көпір және ортаңғы мидан ми бағаны түзіледі. Одан 12 жұп бассүйек — ми жүйкелері таралады. Нервтер миды баста орналасқан сезім мүшелерімен, бұлшықеттер мен бездермен байланыстырады.

Нервтердің бір жұбы — кез келген жүйке миды ішкі мүшелер — жүрек, өкпе, қарын, ішектермен және т.б байланыстырады.

Жүйке жүйесі эволюциялық даму кезінде бірнеше негізгі кезеңнен өтті: І-кезең – торлы жүйке жүйесі (ішекқуыстыларда); ІІ- кезең –түйінді жүйке жүйесі (омыртқасыздарда); ІІІ-кезең – түтікті жүйке жүйесі (хордалыларда), ал омыртқалыларда ми пайда болды. Жүйке жүйесінің одан әрі дамып, мидың пайда болуы сенсорлық (иіс, жарық сезу) жүйенің жетілуіне байланысты. Мидың филогенездік І-кезеңінде үш: артқы, ортаңғы және алдыңғы ми көпіршіктері пайда болады. Одан кейінгі эволюциялық даму барысында (ІІ-кезең) ми екіге: сопақша ми мен мишыққа бөлінеді. Организмнің қоршаған ортамен зат алмасуының өзгеруінен сопақша ми мен артқы мида тыныс алу, қан айналым, ас қорыту, т.б. орталықтары пайда болады. ІІ-кезеңде көру рецепторының әсерінен ортаңғы ми күштірек дамыды (тіпті балықтарда да). ІІІ-кезеңде, жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығуына байланысты алдыңғы ми дами бастайды. Одан әрі алдыңғы мидың көлемі ұлғайып, аралық және соңғы ми (ми қыртысы) дамыды. Жануарлардың судан құрлыққа тіршілік етуге бейімделуі арқылы алғаш рет ми қыртысының жеке шоғырлары жорғалаушыларда байқалады. Жүйке жүйесінің одан әрі қарай эволюциялық дамуы барысында ми қыртысы барған сайын барлық төмен жатқан орталықтардың қызметтерін өзіне бағындырып, ми қызметі біртіндеп ми қыртысына ауысты. Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.

6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу.

1. Психика дегеніміз :

а) қоршаған ортадан шындьқтың мида бейнеленуі іс-әрекеті.

б) жүйке жүйесінің физиологиялық қызметі.

в) мидың рефлекторлық, іс-әрекеті.

г) бас ми материясының субстраты.

д) бақылаудың, жанның көрінісі.

2. Психикалық процесс – бұл …

а) Индивиттің тұрақты ерекшеліктері және қабілеттері.

б) Сыртқы дүние заттары мен құбылыстардың мидағы бейнелері.

в) Жеке адамдардың қасиеттері.

г) Іс - әрекет барысында көрінетін жеке адамның қасиеті.

д) Қарым – қатынас барысында көрінетін қасиеттер.

3. Адам санасының пайда болуында шешуші жағдай:

а) еңбек.

б) қоршаған орта.

в) жалпы көзқарас.

г) бас ми.

д) қарым-қатынас жасау

4. Психологияның негізгі психологиялық принциптері. Артығын алып таста:

а) Детерминизм принципі,

б) Сана мен іс- әрекет принципі,

в) Психологияның даму принципі,

г) Ойын принципі.

д)Жеке бағыт принципі.

5.“Ми рефлексі” кітабының авторы:

а) Сеченов И.М.

б) Павлов И.Н.

в) Вертгеймер М.

г) Гальперин П.Я.

д) Ананьев Б. Т.

6. Бас ми рефлекстері екі топқа бөлінеді:

а)Уақытша және тұрақты.

б) Шартты және шартсыз.

в) Психикалық және физиологиялық.

г) Иррадиациялық және концентрациялық.

д) Қозу және тежеу.

7. Жоғарғы нерв іс - әрекеттері теориясының негізін салушы:

а) И.П. Павлов.

б) В. Д. Теплов.

в) С.В. Небылицын.

г) И.М.Сеченов.

д) В.М.Бехтерев.

8. Сана дегеніміз:

а) Рефлексияға қабілеттілік.

б) болмысты психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі, қоғамдық тарихи дамудың жемісі.

в) субъектінің сезімдік және ақыл-ойлық бейнелерінің жиынтығы.

г) қоршаған ортадағы өзгерістерге пара-пар жауап беру қабілеттілігі.

д) психиканың көп функционалды жүйесі.

9. Нерв клеткаларының бір -бірімен түйіскен жері не деп аталады:

а) Нерв орталығы.

б) Синапс.

в) Дендриттер.

г) Аксондар.

д) Ретикулярлық формация.

10.Психиканың индивидтің жүйке реакцияларының қарқыны, күші жөне жылдамдығынан көрінетін динамикалық ерекшеліктерінің арақатынасы:

а) ұлтгық ерекшеліктері.

б) темперамент.

в) табиғи нышандар.

г) қабілеттер.

д) мінез.

7.Бекіту сұрақтары.

1.Жүйке жүйесінің атқаратын негізгі қызметі қандай?

2.Орталық жүйке жүйесі дегеніміз не?

3.Тежелу және қозу процестері дегеніміз не?

4.Мидын анализдік және синтездік қызметі дегеніміз не?

5.Бірінші және екінші сигнал жүйелері туралы не білесіз?

6.Екінші сигнал жүйесі кімдерде болады?

8.Үй тапсырмасын беру.

Ми және психика тақырыбын оқып келу.Терминдермен жұмыс.



9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау
Каталог: portf -> zhailaubaeva -> files -> лекциялар%20жинағы
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психика мен сананың дамуы. Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Нәресте мен мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы. Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы : Көру және есту түйсіктері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Темперамент және мінез Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психологиядағы қайшы көзқарастар Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Психика туралы жалпы түсінік Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Түйсік және оның түрлері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Топ және ұжым психологиясы. Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Қиял түрлері Сабақтың мақсаты
лекциялар%20жинағы -> Сабақтың тақырыбы: Қиял туралы түсінік Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет