Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы



Дата03.07.2017
өлшемі60.55 Kb.
түріСабақ
8-сынып биология Күні: 21.10.15ж

Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы

Сабақтың мақсаты:Ми діңінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Адам миының үш бөлімнен тұратындығын,олардың бір-бірінен құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін ажырата білу.

1.Оқушыларды жүйке жүйесінің құрысы мен қызметтерімен таныстыруды жалғастыру .

2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, ми дың құрылысын оның бөлімдерінің атқаратын қызметін білу.

3.Оқушыларды өзін ортада сыпайы ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгеру

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,топтық, жеке жұмыстар, сұрақ-жауап, бағалау.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика , тарих

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам ми құрылысы» модель

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру

V. Бекіту

ҮІ.Қорытындылау

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ.Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

Сынып оқушыларын түгендеу

Сынып оқушыларын топқа бөлу

1 топ – Сопақша ми

2- топ – Аралық ми

3- топ - Ортаңғы ми

2. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылар берілген сұрақтарға топпен жауап береді.

1. Жұлынның құрылысы қандай?

2. Жұлынның ақ және сұр заты дегеніміз не?

3. Жұлынның ақ және сұр заты қалай орналасқан?

4.Жұлын тамыршасы қалай аталады? Олар не

құрайды?


5. Жұлыннан қанша жұп аралас жұлын жүйкелері таралады?

6.Жұлында жұлын өзегі қалай орналасқан? Ол неге толы?

7. Қандай рефлекс доғасы жұлын арқылы өтеді?

1-топ Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі

2- топ Жұлынның құрылысы

3-топ Жүйке құрылысы

Сәйкестендіру тесті


  1. Жүйке жүйесі орналасуына қарай .

  2. Орталық жүйке жүйесінен тыс нейрон денелерінің шоғырлануы.

  3. Жұлын екі негізгі қызмет атқарады

  4. Жүйке қабығын түзетін дәнекер ұлпасымен жабылған.

  5. Тітіркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді.

  6. Жұлын тұрады .

  7. Нейрон денелерінен құралған төмпешіктер.

А) Орталық және шеткі, Ә) Жүйке түйіндері, Б) Рефлекстік және өткізгіш, В) Шоғыр

Г) Сезімтал Д)Ақ және сұр заттан Ж) Жүйке түйіндері

ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру.

Адам миы — ақпараттын үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге кабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі ол бас сүйек қуысында орналаскан. Ересек адам миының орташа массасы 1300—1400 г.организмнің жалпы массасынын 2%-ы. Бірақ жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25%-ын жұмсайды.

Адам миы негізгі үш белімнен: ми діні (сопақша, көпір, ортанғы, аралық), мишық және үлкен ми сыңарынан тұрады

Сопақша ми — жұлынның жалғасы. Олардың құрылысы мен қызметі ұқсас. Ақ зат бетінде, ал сұр зат ядро түрінде ішінде орналасқан. Сопақша ми да өткізгіш және рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша мидың сүр затының ядросы арқылы тіршілік үшін маңызды көптеген рефлекстердің доғасы өтеді: ас қорыту (copy, жүту, ас қорыту безінің қызметі); қорғаныс (жөтелу, түшкіру, құсу); жүрек- қан тамырлары (жүрек іс-әрекетін реттейтін, тамыр қозғалтқыш); тыныс (тыныс қозғалысын реттейтін, тыныс орталығы). Сопақша мидан тіл, жұтқыншақ, көмей, қалқанша ірі қан тамырлары мен ішкі мүшелердің іс-әрекетін басқаратын жүйкелер шығады.


Үлкен ми сыңары

Аралық ми

Ортаңғы ми

Көпір


Мишық

Сопақша ми


Сопакша ми көпір арқылы ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарына қозуды өткізеді. Көпір сопақша миды ортаңғы мимен жалғастырады. Сонымен катар көптеген рефлекстік кызмет аткарады.Сопакша ми мен көпір зақымданса, нейрондар тіршілігін жояды да, белгілі мүшелерге өткізгіш қызмет тоқтайды, бұдан тіршілік тоқтап қалуы да мүмкін.

Ортаңгы ми жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді. Басты бұруға және жарққа байланысты көз бұршағының қисықтығын; қарашық мөлшерін өзгертеді, бұлшық ет тонусын сақтайды. Жарқ еткен жарыққа немесе бір дыбыска жалт бұрылып қарау адамға қауіпті.

Аралық ми. Аралык ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, есту, тері, дәм сезу және т.б.) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Жүру, жүзу сияқты күрделі козғалғыш рефлекстердің үлкен бөлігі аралық мимен байланысты. Оның ядролары әр түрлі ішкі мүшелер жұмысын үйлестіреді. Аралық ми зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды реттейді.

дралық мидың кейбір ядроларының нейрондары гуморальдық реттелуді жүзеге асыратын биологиялык белсенді заттар өндіреді.



Мишық. Мишык өзара байланыскан екі сыңардан тұрады. Оның беті көптеген көлденең ойыстардан — жүлгелер мен иірімдерден түрады. Мишықтың жұқа беткі қаты қыртыс деп аталады.

Мишыктьщ ең басты кызметінің бірі — қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау. Мишық закымданғанда адамның қимыл-қозғалысы бұзылады, ол тепе-теңдікті сақтай алмайды, қисалаңдап жүреді.



Адамда мидың одан әрі дамуы – оның шығу тегіне байланысты заңдылықтарға бағынады. Адам миының салмағы 1100 г-нан 2 кг-ға дейінгі аралықта ауытқып отырады, көлемі – 1456 см3, аумағы 1622 см2. Адамның ақылдылығы мидың салмағы мен көлеміне байланысты емес. Мысалы, дарындылығы деңгейлес екі жазушы – Иван Сергеевич Тургеневтің миының салмағы – 2012 г., ал Анатоль Франстың миының салмағы – 1017 г.[1]

Ми бассүйектің ми сауытының ішінде жатады. Мидың орташа салмағы шамамен 1300-1400 г. Салмағы бұл көрсетілгеннен көбірек болатын адамдар да кездеседі. Адамның дарындылығы мен ақылдылығы мидың салмағына байланысты емес. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Оны бұлшықеттер тәрізді «жаттықтыруға» болады. Ойлау жүктемесін оқу арқылы үнемі жетілдіру нәтижесінде нейтрондар жүктемесі өседі де қысқа өскіндер көбірек қалыптасады, сөйтіп олар тармақтала түседі. Тұрақты шұғылдану нәтижесінде есте сақтау, назар аудару, ойлау, көз алдына елестету және басқа да жоғары жүйке қызметінің үдерістері жетіле түседі.

Жұлындағыдай ми да ақ зат пен сұр заттан құралған. Жұлыннан айырмашылығы - мидың ақ заты ішкі жағында, сұр заты сыртында болады. Мидың бөлімдеріне байланысты сұр заты тұтас немесе ақ затының әр жерінде топтанып жатады, оны «ядро» дейді. Мидың ақ затынан өткізгіш жолдар түзіліп, миды жұлынмен байланыстырады. Ми бөлімдерінің өзара байланысы өткізгіш жолдар арқылы қамтамасыз етіледі.

Мидың ішінде ми сұйықтығы толған қуыстар бар. Оларды ми қарыншалары дейді, себебі ішінде мөлдір әрі тұтқыр сұйықтық болады. Ол қорғаныштық, ыдырау өнімдерін шығару және ми ішіндегі қысымды реттеу қызметін атқарады.
Дәптермен жұмыс:

Сопақша ми, аралық ми, ортаңғы ми, мишық, үлкен ми сыңарлары.

«Топтастыру стратегиясы» Постер арқылы қорғайды

1-топ Сопақша ми

2-топ Аралық ми

3- топ Ортаңғы ми

Сергіту сәті. «Кірпі қара жорға» биі

Қызықты деректер



  1. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.

  2. Адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.

  3. Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей болмайды.

  4. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл.

  5. Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі.
    Бекіту.

Сөйлемді толықтыр

І. Ми ____________ орналасқан.

ІІ . Орташа __________салмағы

ІІІ ___________ жасқа дейін өседі

ІҮ. Ми ________________________________________________бөліктерден тұрады

Ү. Ми қарыншалары___________________


ҮІ .Ми сұйықтығы ________________________

 

1. Ми қарыншаларында болады, түссіз,құрамында қан жасушалары мен ақуыз болады.Бұл бұзылса ,ми қызметі бұзылады.



2. Ми бөліктері өзара қатынасатын қуыс,4.

3. 1300-1400гр.

4.Бассүйек қуысында орналасқан.

5 . 20 жасқа дейін өседі.

6. 5 бөліктен тұрады- үлкен ми сыңарлары, аралық ми,ортаңғы ми,мишық,сопақша ми.

Жауабы: І- 4 ,ІІ- 3 ,ІІІ-5 ,ІҮ-6 ,Ү-2 ,ҮІ-1

«Суреттер сөйлейді» оқушыларға мидың суреттері беріледі, берілген сұрақтарға жауап береді

Бағалау.


Үйге тапсырма беру: Жануарлардың миының салмағын жазып келу.

Рефлексия
Каталог: uploads -> doc -> 000b
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
000b -> Сабақтың тақырыбы: Бидай мен Қаңбақ (мысал)


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет