Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2017
өлшемі36.49 Kb.
түріСабақ
Биология. 8-сынып. .

Сабақтың тақырыбы: Ми діңінің құрылысы. Мишық

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтерімен таныстыруды жалғастыру .

2. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, мидың құрылысын, оның бөлімдерінің атқаратын қызметін білу.

3.Оқушыларды өзін ортада сыпайы ұстауға, адамгершілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың пән аралық байланысы: математика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар. Сызба-нұсқалар «адам ми құрылысы» модель

Сабақтың барысы: І, ІІ, ІІІ, IV, V, VI, VII, VIII

І. Амандасу. Сынып тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабаққа әзірлеу. Түгендеу.

ІІ. Өткен тақырып бойынша жұлынның құрылысы мен қызметі туралы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Оқушылармен «Кім жылдам?» ойынын ойнату арқылы алдыңғы сабақтағы өткен тақырыптағы білімдерін бекіту.

ІV. «Кім көп біледі?» сайысы арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

V. Оқушыларға ми діңінің құрылысы, мишық туралы ақпарат беру.

Адам миы — ақпараттын үлкен көлемін қабылдап, өңдеуге кабілетті күрделі мүше. Мидың пішіні күрделі ол бас сүйек қуысында орналаскан. Ересек адам миының орташа массасы 1300—1400 г.организмнің жалпы массасынын 2%-ы. Бірақ жұмыс істеген кезде ми организмде түзілген энергияның 25%-ын жұмсайды.

Адам миы негізгі үш белімнен: ми діні (сопақша, көпір, ортанғы, аралық), мишық және үлкен ми сыңарынан тұрады

Сопақша ми — жұлынның жалғасы. Олардың құрылысы мен қызметі ұқсас. Ақ зат бетінде, ал сұр зат ядро түрінде ішінде орналасқан. Сопақша ми да өткізгіш және рефлекстік қызмет атқарады. Сопақша мидың сүр затының ядросы арқылы тіршілік үшін маңызды көптеген рефлекстердің доғасы өтеді: ас қорыту (copy, жүту, ас қорыту безінің қызметі); қорғаныс (жөтелу, түшкіру, құсу); жүрек- қан тамырлары (жүрек іс-әрекетін реттейтін, тамыр қозғалтқыш); тыныс (тыныс қозғалысын реттейтін, тыныс орталығы). Сопақша мидан тіл, жұтқыншақ, көмей, қалқанша ірі қан тамырлары мен ішкі мүшелердің іс-әрекетін басқаратын жүйкелер шығады.

Үлкен ми сыңары



Аралық ми

Ортаңғы ми

Көпір


Мишық

Сопақша ми


Сопакша ми көпір арқылы ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарына қозуды өткізеді. Көпір сопақша миды ортаңғы мимен жалғастырады. Сонымен катар көптеген рефлекстік кызмет аткарады.Сопакша ми мен көпір зақымданса, нейрондар тіршілігін жояды да, белгілі мүшелерге өткізгіш қызмет тоқтайды, бұдан тіршілік тоқтап қалуы да мүмкін.

Ортаңгы ми жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсетуді қамтамасыз етеді. Басты бұруға және жарққа байланысты көз бұршағының қисықтығын; қарашық мөлшерін өзгертеді, бұлшық ет тонусын сақтайды. Жарқ еткен жарыққа немесе бір дыбыска жалт бұрылып қарау адамға қауіпті.



Аралық ми. Аралык ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, есту, тері, дәм сезу және т.б.) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Жүру, жүзу сияқты күрделі козғалғыш рефлекстердің үлкен бөлігі аралық мимен байланысты. Оның ядролары әр түрлі ішкі мүшелер жұмысын үйлестіреді. Аралық ми зат алмасуды, су мен тамақ ішуді, дененің тұрақты температурасын сақтауды реттейді.

аралық мидың кейбір ядроларының нейрондары гуморальдық реттелуді жүзеге асыратын биологиялык белсенді заттар өндіреді.



Мишық. Мишык өзара байланыскан екі сыңардан тұрады. Оның беті көптеген көлденең ойыстардан — жүлгелер мен иірімдерден түрады. Мишықтың жұқа беткі қабаты қыртыс деп аталады.

Мишықтың ең басты кызметінің бірі — қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау. Мишық закымданғанда адамның қимыл-қозғалысы бұзылады, ол тепе-теңдікті сақтай алмайды, қисалаңдап жүреді.



  1. Сәйкесіп табу әдісімен

    Ми бөлімдері

    Атқаратын қызметі

    Сопакша ми

    Көпір


    Ортаңғы ми

    Аралық ми

    Мишық





    Сопақша ми рефлекстері

    Қандай рефлекстер болады?

    Қорғаныш

    Ас қорыту



    Тыныс

    Жүрек-қан тамырлары






  2. Сабақты қорытындылау. Оқушылар тақтада ілінген мидың құрылысын жіктеп жазу. Әр оқушыға

Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? деген сұрақтар бойынша бүгінгі сабақты қорытындылау.

  1. Ми діңінің құрылысы. Мишық оқу. Ми құрылысының суретін салу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет