Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев.«Аққулар ұйықтағанда»



Дата07.07.2017
өлшемі46.32 Kb.
#27619
түріСабақ
Майташева Сарсенгуль Сырымбетовна
Ақтөбе облысы,

Мәртөк ауданы,

Вознесен орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
8 класс,

Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев .«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға поэма мәтінін талдата отырып, поэманың тақырыбы мен

идеясын, көркемдік тілін ашу;

Дамытушылық:

Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге

дағдыландыру;

Тәрбиелік:


  • Ақын тілімен салынған сурет арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру;

  • Табиғатты қорғау идеясының халық ұғымындағы қасиетті нәрселермен көмкерілгенін байқату.

Сабақтың әдісі:

Көркем мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, ой шақыру;



Сабақтың көрнекілігі:

Мұқағали суреті, Нағиман ана суреті, поэма мазмұнына байланысты суреттер, «Аманат» өлеңдер жинағы.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

Тағы да күн шығады, таң атады,

Жатады түн жамылып дала таңы.

Жалғыз ғана жыр тусам, жалғыз ғана,

Секілді самұрықтың балапаны, - деп жүріп ,халқына өлмес мұра қалдырған Мұқағали ақынның арқалы ақын екендігін халқымыз танып отыр.

Өз ғасырына деген сүйіспеншілігін ХХІ ғ. ұрпағына аманат еткен. Оны мына бір күнделігінен көруге болады:

«Ей, безілдектер! Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, бізді әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды... Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді. Мен өзім жайында мынаны айтам: «Мен ХХІғ. ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын...» деп жазған екен.

Расында да ХХІғ. ұрпағы Мұқағалиды құрдасындай қабылдады.

Бүгінгі сабағымыз «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын талдауға арналады.

Поэманың тақырыбы мен идеясын ашамыз. Композициялық талдау жасаймыз. Поэманың көркемдік тіліне тоқталамыз.



ІІІ. Ой ашар.

  1. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім ? (Мұқанбетқали)

  2. Мұқағалидың туған жылы, туған жері. (1931 ж., Алматы обл., Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы)

  3. «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған ? (Ф.Оңғарсыноваға)

  4. Ақынның анасының аты. (Нағиман)

  5. Ақын өлеңді алғаш рет неше жасында жазды ? (10 жас)

  6. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы қай жылы жазылды, оған алтын қаламын сыйға тартқан кім ? (1973ж., Ғ.Мүсірепов)

  7. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы ( «Аманат» жыр жинағы 2000ж.).

  8. Мұқағалидың көзі тірісінде неше кітабы жарық көрді? (11 кітабы)

IV. Проблемаға шығу.

Поэманың мазмұнымен үйден танысқандықтан талдауға көшейік.

Ақын поэмасына арқау болған тақырып не?

Поэмадағы сұлулықты неден көреміз? (оқушылардың ойлары).

Махабатты ше?

Әрине табиғатта сұлулық пен махаббат сезімдерімен қатар зұлымдық та бар екен.



  • Зұлымдық деген не? Поэмада неге екеуі қатар жүреді деп ойлаймыз?

(Буклет арқылы бөлімдерді атап өту)

V. Композициясына талдау.

1. Дастан қалай басталды? Аққуға байланысты халық сенімі қандай?



Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай көл (теңеу).

  • Қанатынан үзіліп ән – самала,қаншама аққу кетті екен- аңсаған ән?

Метафора

2. Оқиға қалай дамыды?

Жетімкөл жетімсіреп қала берді, Арман –ай, аққуымен қосылар ма?

Баланың науқастануы.

3. Ана мен әке диалогы. (мәтіннен табу).

4.Ана Жетімкөлге келіп нені аңғарды? \Экспозиция мен оқиға арасындағы байланыс\ текстен табу.



Аққулар ару – мойын, сүмбе – қанат,

Алаңсыз тарануда күнге қарап – эпитет табу.

Аққулардың шыр айналып алаңсыз ұшуы, құм тұрса да ауырсынып, тұмсығын тарақ етіп, қауырсынын тарауы, әсем реңді ақ қанатын сабалауы, суға басын малып сүңгуі, арқасынан су моншақтың сусып түсуі – тыныштық, бейбіт өмір көрінісі.

5. Ананың Жетімкөлге келгендегі мақсаты. /оқиғаның дамуы/.

6. Ананың жан күйзелісі /шиеленіс/.

7. Ананың аққуды атуы / оқиғаның шарықтау шегі/.

«Апыр-ай бұл кім болды таңсәріде?»

8.Жылқышы қарт не деді? Бала жазылды ма? /оқиғаның шешімі/.

9. Эпилог.

VI. Ізденушілік.

Поэманың тіліне талдау жасау.

1- топ. Аққу. 2- топ. Табиғат. 3- топ. Ана.



Жеке тапсырмалар:

  1. топ.

  1. Аққудың рең әсемділігін айқындайтын сөздерді табыңдар?

  2. Аққудың жарасымды қылықтарын бейнелейтін жолдарды табыңдар.

  3. Жаралы аққудың мүшкіл халін суреттейтін жолдарды табыңдар.

  1. топ.

  1. Табиғаттағы түс, рең ерекшеліктерін білдіретін сөздерді тап.

  2. Су тазалығын ашатын көріністерді тап.

  3. Табиғаттағы тыныштық салтанатын көрсететін көріністерді ата.

3 – топ.

1. Ана неге аққуды атпақ болды?

2. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға бер.

3. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік. / өлеңнен тап/.



Мұғалім:«Поэзия – естілетін сурет өнері, сурет өнері – көзге көрінетін поэзия» деген екен Леонардо да Винчи. Олай болса, «Мұқағали – табиғатты өз қолынан жасайтындай ұлы құдірет, ғажайып суреткер».

VII. Пікір сайыс.

    1. Табиғаттың жүрегі жараланып...

    2. Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі.

    3. Арман – ай аққуына қосылар ма?

Пікірлерін дәлелдеу.

VIII. Аққу туралы тағы қандай шығармаларды білесіз? (өлеңдер)

Мұғалімнің сөзі.

Бүгінгі сабақта поэманы талдай отырып, әр түрлі сезім құшағына ендіңіздер. Түрлі көзқарастар айтылды. Дастанның өн бойынан ақынның көңілі, сезімі табиғатпен үндесіп жатқанын байқадық. Олай болса, дастанның идеясы қандай екен?

Идеясы – табиғатты қорғау.

Бұл идея халықтағы киелі боп табылатын нәрселермен көмкерілген, халықтың дәстүрін құрметтеу.



ІХ.Үйге тапсырма.

Ақынға хат немесе сен қалай аяқтар едің?



Х.Қорытынды:

Аққу- бап таңдайтын сирек құс. Сондықтан ата- бабамыз киелі құс санап атпаған. Мұқағали жырына арқау еткен сол дәстүр.

Ананың табиғатқа қол көтеруі - өмір қайшылығы, жалғыз баланың ғұмырын сақтап қалудан туған аналық сезім арпалысы. Ақынның тапқырлығы да, шеберлігі де осында.

Ойымызды қорыта келе, біз аққуды ешқашан атпай, қайта өз үлесімізді қосуымыз керек.Табиғатпен қарым – қатынастағы тепе- теңдікті жоймау қажет.



Мұқағали өз туындысында «табиғат деген сұлулықты сақтайық, тіршілік тамырына балта шаппайық» деп үн қатады.

«Оты жоқ жер жетім, аққуы жоқ көл жетім». Табиғатты қорғаушы -біздер.
Каталог: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет