Сабақтың тақырыбы: "Көп жасушалы жасыл балдырлар" Сабақтың мақсаты



Дата21.01.2018
өлшемі22.6 Kb.
#54179
түріСабақ
Шайхимова Жанна Тлемісқызы

Биология пән мұғалімі

Ақкөл орта мектебі

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл селосы

Сабақтың тақырыбы: “Көп жасушалы жасыл балдырлар”

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Көп жасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар және олардың табиғаттағы,шаруашылықтағы маңызымен таныстыру әрекетін ұйымдастыру

Дамытушылық: Алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және қорытындылай білу икемдігін дамытуға ықпал жасау

Тәрбиелілік: Көп жасушалы балдырлардың адам өміріндегі маңызымен таныстыра отырып, оларды тиімді пайдалануға баулу

Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Сабақты бекіту

V. Қорытындылау

VІ. Үйге тапсырма

VІІ. Бағалау


ІІ .Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Балдырлар туралы білімдерін топтау әдісін пайдаланып,тексеру.



группа 4

Хлорелла мен хламидомонаданы салыстыра отырып,

Венн диаграмасын сызу.

овал 1овал 2овал 3 Хламидомонада Хлорелла

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:

Электронды оқулықтағы оқу бейнефильмдер арқылы түсіндіру.

Ламинария теңіз жағалауындағы 5-10 шақырым аймақты қамтып, 20-30 метр тереңдікте өседі. Теңіздің терең түбінде (270 м) көпжасушалы қызыл балдырлар өседі. Талломы (денесі) – таспа, тақташа, жіп тәрізді, кейде жіптері тарамдалған.

ІҮ. Бекіту кезеңі:

І. Сұрақ-жауап

І топқа тест сұрақтары беріледі.

1.Хламидомонада қайда тіршілік етеді?

а) тоқтау суларда ; ә) теңізде; б) өзенде; в) көлде.

2.Жыныс жасушаларының аталуы:

а) зигота; ә) гамета; б) спорофит; в) гаметофит.

3.Біржасушалы жасыл балдырлар қашан пайда болған?

а) 2 млрд. жыл бұрын; ә) 1,5 млрд. жыл бұрын; б) 3 млрд. жыл бұрын; в) 1 млрд. жыл бұрын.
ІІ топқа тікелей сұрақтар беріліп, жауап алынады.

1.Балдырлар қайда тіршілік етеді?

2.Таллом деп нені айтады?

3.Хроматофор дегеніміз не?

4.Балдырлар қалай көбейеді?

5.Хлорелла балдырын ғалымдар не себептен жан-жақты зерттеуде?

6.Суда тіршілік ететін жасыл балдырлардың қандай маңызы бар?

Ү.Қорытындылау кезеңі:

Электрондық оқулықты пайдалану арқылы тесттілік жұмыстарды орындау.

VІ. Үйге тапсырма:

Есеп №1

1л. Суда 55 г. Хламидомонада болады. 7 л. суда қанша грамм балдыр болады?



Есеп №2

500 г. Хлорелла алу үшін неше литр су жұмсалады? 1 литр-55грамм.



Есеп №3

1 тонна қоңыр балдырлардан 4 кг. таза йод шығады. 100 т йод алу үшін неше тонна балдыр жұмсалады?


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет