Сабақтың тақырыбы: Көлік және байланыс географиясы Мақсаты



Дата21.04.2018
өлшемі99.12 Kb.
#69496
түріСабақ
Зекешова Арайлым Нәсіпқалиқызы

Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі,

Казталов ауданы, БҚО.

Сабақтың тақырыбы:

Көлік және байланыс географиясы

Мақсаты:

Дүниежүзі елдеріндегі көлік және байланыс жүйесінің ерекшелігін, көлік кешені мен ел экономикасындағы байланыстың маңыздылығын білу.

Күтілетін нәтиже:

1. Көлік кешенінің ерекшелігін білу.
2. Көлік түрлерінің дүниежүзі елдеріндегі таралу заңдылығын білу.
3. Көлік кешенінің экономикадағы орнының маңызды екенін білу.
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру; жұптық, топтық жұмыстар негізде диалогтік қарым қатынасқа түсу арқылы сөйлеу қабілетін дамыту. шешім қабылдауға, басқаларды тыңдай білуге үйрету.

Дифференциа-ция:

Топтық жұмыс: серіктестермен әңгімелесу, жеке оқушының өзін - өзі реттеуге түрткі тапсырма. Сұрақтар арқылы пікір алысады. Мұғалім мен оқушы арасындағы диалог; Жеке жұмыс, жұптық жұмыс түрлері қолданды.

Сілтеме:

 Күнтізбелік жоспар, Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау, СТО әдістемесі

Түйінді идеялар:

«Ыңғайлы тулар» астындағы елдерге талдау жасау арқылы көліктің ел экономикасын дамытудағы басты себептерін анықтауды негізгі мақсат ете отырып берілген сұрақтарға жауап іздейді. Мұғалім жаңа сабақты өту барысында оқушылардың өз ойларын еркін ортаға салуларына баса назар аударады. Мәнін кеңірек ашуы арқылы балалардың нақты тұжырым жасауына, сыни ойлауына мүмкіндік тудырады.

Ресурстар:

Проектор, жұмыс дәптері, маркер, түрлі - түсті қағаздар, дидактикалық материалдар, тақырыптық слайдтар.

Сабақтың құрылымы:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдастыру: 2 мин

Амандасу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру тренингі:

Топ мүшелері бір-бірінің иықтарына қолдарын қойып: «Біз дайынбыз!»

Топ мүшелері бір мезгілде қолдарын ортаға қойып: «Біз дайынбыз!»

Топ мүшелері бір мезгілде қолдарын жоғары көтеріп: «Біз дайынбыз!»

Топ мүшелері бір мезгілде бір бағытқа бұрылып: «Біз дайынбыз!»

Топқа бөлу: Стакандағы түсі әр түрлі шырындарды таңдау арқылы екі топқа бөлінеді, шырынды ішеді. Топ басшысын сайлау.

Өзін-өзі бағалау парағын үлестіру.


Оқушылар амандасады, көңіл-күйлері орнығады, топқа бөлінеді.


Тұсаукесер 2 мин

Барлық оқушыларға почта арқылы сұрақтар беру:

1.Дүниежүзіндегі ірі қара мал басы саны- 1,3 млрд

2.Дүниежүзіндегі етті көп өндіретін

алғашқы 5 ел АҚШ,Қытай,Бразилия,Аргентина, Ресей

3.Цеце шыбыны тарататын ірі қара ауруы - ұйқы

4.Дүниежүзіндегі қойы көп ел – Аустралия.

5.Дүниежүзіндегі қой басы саны - 1,2 млрд.

6.Қой өсіруден жетекші 5 ел - Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай, Ресей.

7 Дүниежүзіндегі ауланатын балық мөлшерін жан басына шаққанда–7 тоннадан асатын ел – Исландия.

8.Құстың саны жағынан жетекші 3 ел – Қытай, АҚШ, Ресей.

9.Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі жетекші елдер – Қытай, АҚШ, Жапония, Аустралия.

10.Бразилия қандай өсімдік өсіруден және оны экспортқа шығарудан 1 орын алады– Кофе.



11. Балық пен теңіз өнімдерін қолдан өсіру қалай аталады- марикультура

12. Африканың тропиктік аймақтарында өсірілетін ірі қара-зебу

13. Бидай өсіретін басты елдер-АҚШ,Қытай, Үндістан.


Оқушылар өз почталарына келген хаттарға жауап береді.

Қызығушылық-ты ояту кезеңі

3 минут


Екі топқа көлік және байланыс туралы суреттер беріледі, оқушылар оларды топтастырып постерге орналастыру керек.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, тақтаға жазу: «Көлік және байланыс географиясы»



Оқушылар жұмысты қалай орындағандарына түсінік береді

Мағынаны тану кезеңі:

Мәтінмен танысуға

(5 минут)

Қорғауға 5 минут



Мәтінмен танысуға, топта талдауға уақыт беріледі, оны қорғайды.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.



Оқушылар мәтінмен танысады, топта талдайды, қорғайды.

Тапсырмалар:

10 минут


Хат : «Стикердегі диалог» әдісі арқылы оқушылар ролдік тапсырмаларға жауап береді.

Біздің сабағымызға көлік және коммуникация министрлігінен бір топ ғалымдар қонаққа келді және аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшілері қатысып отыр. Ал енді сөз кезегін тілшілер мен мамандарға берейік.







3 минут

Мұғалім: Бізге әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар келіп жатыр, жауап беріп көрейік:

  • Кім бірінші болып тақырып бойынша 10 сөз жазады.

  • Кім ең ауыр сөзді жазады, ең көп әріптен тұратын сөз

  • Кім ең ұзын сөйлемді бірінші жазады.

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Ой-толғаныс:


1. Сәйкестендір:

1. Көліктің  ең  жылдам  түрі - Ұшақ

2. Таситын  жүк  көлемі  жағынан  ірі  көлік - Теңіз

3. Ең  қымбат  көлік - Ұшақ

4. Таситын  жолаушылар  саны  жағынан  ірі  көлік -  Автомобиль

5. Жүк  айналымы  бойынша  ірі  көлік – Теңіз.

6. Экологиялық  лас  көлік -  Автомобиль.

7. Ең  арзан  көлік -  Құбыр.

8. Қақпадан қақпаға  жеткізетін  көлік – Автомобиль.

9. Басқа  көлік  түрлеріне  ұқсамайтын  көлік – Электронды.

2. Көлік пен байланыстың пайдасы мен зиянын айту.


Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

Картамен жұмыс:

Картамен  жұмыс.

1топ:Карта  бойынша  ірі  теңіз  порттарын  анықтау.

2. Ірі теңіз  каналдары  мен  бұғаздарды  көрсетіп  олардың  жүк  тасымалдау-дағы  маңызын   сипаттау.





Үйге тапсырма:

Оқу, кескін  картаға  көлік  кешенін  түсіру, «Интернет және қоғам», «Интернет және білім беру жүйесі, «Интернет және туризм» тақырыбында жоба жасау.




Бағалау

Формативті бағалау: Өзін-өзі бағалау парағы




Кері байланыс:

Менің почтама стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырады.





Тілші: 1 сауал: Көлік және байланыс министрі .................. сізге. Жалпы көлік және байланыс жүйесі дегенді қалай? Түсіндіріп беріңіз.

Жауап:1. Көлік және байланыс жүйесі Халық пен өндірісте қызмет көрсететін кешенге жатады. Соның ішінде көлік пен байланыс жүйісі коммуникациялық жүйеге жатады.Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады.



  1. Көлік құралдары : автомобиль, кемелер, ұшақтар.

  2. Жолдар: автомобиль жолы, темір жол, құбырлар, әуе жолы, теңіз жолдары.

  3. Ұйымдар: авиациялық, теңіздік, темір жол компаниялары.

  4. тиеу түсіріу пункттері: теңіз және әуе порттары, темір жол станциялары

Көлік жүйесі

тағайындалумен

Орындайтын жұмысы бойынша

Көлік

Түрлері

Жалпы қолданылуы

Өндірістік

Жер бетіндегі көлік түрлері

Су көлігі

Жүк тасымалдау

Адам тасымалдау

әуе көлігі

Теңіз, өзен

Теміржол, автомобиль, құбыр жолы, электронды.

авиациялық

Тілші: Менің сұрағым автомобиль көлігі маманына.Автомобиль көлігінің Дүние жүзі және Қазақстандағы дамуына тоқталсаңыз.

Маманның пікірі:


Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 25 млн км.


Автомобиль көлігі

Жолаушы тасымалы 80%

Қазақстанда ұзындығы 90 мың км

Дүниежүзілік жүк айналымы 10 %

АҚШ - та 1000 адамға 600 автомобиль.

Автомобиль жолдары ұзындығы бойынша 1- орын АҚШ 5 млн км.

Тілші : темір жол көлігі маманына сұрағым.

«Темір жол жүйесі дүниежүзінде және Қазақстанда қалай дамыған» ?


Дүниежүзіндегі жалпы ұзындығы 1 млн 250 мың км


Темір жол

Жүк айналымы15%

Қазақстанда ұзындығы 14,6 мың км.


  1. орын АҚШ 245 мың км



Европада жолдар жиілігі 100 км² 10 км²-дан

Дж 140 елде темір жолы бар.темір жолы жоқ елдер: Ауғаныстан, Непал.

Тілші: келесі сұрағымыз құбыр көлігі маманына.

Сұрақ: Дж құбыр көлігі қалай дамыған?

Маман: Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері құбыр және электронды көліктер. Оларды кез – келген бағытта жүргізуге болады.Әрі темір жолдан қысқа және ең арзан көлік.




Дүние жүзілік жалпы ұзындығы 4,5 – 5 мың км болатын құбырлар.Ресей, Канада, АҚШ.


Құбыр көлігі

Электронды көлік электр энергиясын ЭЖЖ арқылы тасымалдайды

Қазақстанда газ құбыры1017 км.

Дүниежүзілік жүк айналымы 10%

Мұнай құбыры Қазақстанда 6 мың км.

Дж құбыр көлігінің ұзындығы 2 млн км.

Қазақстанда құбыр жүйесі ең жақсы дамыған аймақ батыс; одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады Қазақстанда ең алғаш салынған мұнай құбыры 60 км. Доссор – Ракуша.

Ең алғаш ұзындығы 720 км ² магистралды мұнай құбыры 1936 жылы Атырау мен Ресейдің Ор қаласындағы мұнай өндіру зауыты арасында салынды.

Маңғыстау мұнайын тасымалдау үшін Өзен – Жетібай –Ақтау, Өзен – Ақтау – Самара.

Ресейдің Туймазы- Иркутск мұнай құбырынан Омбы - Павлодар – Шымкент – Чарджоу.

Келешекте Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.



  1. Атырау облсындағы Теңіз кен орнынан Ресейдің Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портына дейін ұзындығы 1000 жарым км қуаты жылына 75 млн тонна мұнай тасымалдайды.

  2. Теңіз – Баку – Супса – Джейхан құбыр жолы Каспий теңізі арқылы Қазақстан мұнайын халықаралық саудаға шығару мүмкіндігі.

  3. Иран мемлекеті арқылы өтіп Парсы шығанағы жағалауын баратын Теңіз – Харг құбыр жолы.

  4. Батыс Қазақстан – Қытай – Тынық мұқиты жағалауы құбыр жолы Атасу – Алашанькоу.

  5. Батыс Қазақстан – Құмкөл мұнай құбыры.

Тілші: Менің сұрағым Теңіз көлігі маманына сауал.Дж теңіз көлігінің даму дәрежесі қандай?

Теңіз көлігі бүкіл халықаралық сауданың 5,4-ін құрайды. Теңіз порттарының жалпы саны 2,5 мың. Ең ірі порт – Роттердам

Кеме қатынасы мен жүк тасымалдауда:

1- орынды Атлант мұхиты,

2- орынды Тынық мұхиты,

3- орынды Үнді мұхиты алады.


Жетекші елдер: Панама, Либерия, Грекия, Кипр.


Теңіз көлігі

Жүк айналымы

60 %

Дүниежүзілік жүк айналымы 80%

Ірі сауда кемелері үлесі жоғары: Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ,

Ла Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500 кеме өтеді.

Зонд бұғазы арқылы-175

Гибралтар бұғазы арқылы 140 кеме өтеді.



Тілші:сауалымды өзен-көл көлігі маманына қоямын.

Сауал:Дж және Қазақстандағы өзен-көл көлігі калай дамыған?

Маман:өзен – көл көлігі жекелеген елдердің жүк тасымалының бір бөлігін камтиды.

Ірі халықаралық өзен жолдары Рейн,Дунай,Эльба,Одер,Әулие Лаврентий,Парана және Ұлы көлдер.Рейн өзені арқылы жылына 250 – 300 млн тонна жүк тасмалданады.


Қазақстандағы өзен көлігі Ертіс өзенінде жылына 36 мың адам


Өзен- көл көлігі

Жолаушы тасымалы 250-300 млн тонна.

Қазақстанда өзен көлігі маусымды.

Ірі халықаралық өзен жолдары Рейн,Дунай,Эльба,Одер,Әулие Лаврентий,Парана және Ұлы көлдер.

Тілші : менің сұрағым Әуе көлігі маманына. Қазақстанда және дүниежүзінде әуе көлігі қалай дамыған?

Маман: Әуе көлігі ең жас, ең қымбат көлік.


Ең күшті дамыған ел -АҚШ


Әуе көлігі

Жолаушылардың 50% тасымалданады.

.

Ең ірі әуежайлары

О Хара, Хитроу, Ханеда.

Ірі халықаралық әуе тасымалы АҚШ, Ресей, Германия.

Тілші.Менің сұрағым Байланыс жүйесі маманына. Қазақстанда және Дүниежүзінде байланыс жүйесінің қызметі қандай?

Маман : Байланыс құралдары қазіргі кездегі ең басты қажеттіліктің бірі.

Екі жақты қызмет атқарады:

1.Экономикалық.

2.Әлеуметтік.

Дүние жүзіндегі халықтың тең жартысы телефон дегенді білмейді.


1-орын -АҚШ Байланыс жүйесінің 2/5, жаңа байланыс жүйесінің 9/10.


Байланыс жүйесі

Нью–Йорк , Манхаттен ауданы телефон желісі Африка материгінің санымен бірдей

Қазақстанда Интернет жүйісі 1994 жылы құрылды.

Қазақстанда интернетті пайдаланушылар саны 200 мыңнан астам.



Еліміздің әр тұрғыны телефонмен сөйлесуге 1 млрд 725 млн мин халықаралық байланысқа 157 млн минут жұмсаған.

Әр 5- қазақстандықта ұялы телефон бар.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет