Сабақтың тақырыбы: Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі



Дата16.07.2017
өлшемі37.76 Kb.
түріСабақ
Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы:Кәдімгі қарағайдың мысалында қылқан жапырақты өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі.

Мақсаты:
а. Оқушыларға қарағай және оның тұқым арқылы көбеюін мысалға алып, қылқанжапырақтылар туралы толық мәлімет беру.
б. Оқушыларды табиғатты аялауға қорғауға, аялауға, патриоттыққа, жеке бас гигиенасын ұстануға, ойлау сөйлеу және жазу мәдениетіне тәрбиелеу.
в. Оқушылардың интерактивті тақта арқылы видеоматериал, слайд, логикалық тапсырмалар көрсету арқылы ой өрісін дамыту.
Құрал-жабдықтар:
Интерактивті тақта, видеоматериал, слайд, венн диаграммасы.
Сабақ типі:
Жарыс сабақ
Сабақ әдісі:
Баяндау, сұрақ-жауап.

I. Ұйымдастыру:


Амандасу, түгендеу, сергіту сәті.
II. Үй тапсырмасы:
а. Биологиялық диктант:
Қырықжапырақтәріздестер – жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің . . . . . болған тобы.
Қырықжапырақтар тропикте ағаш, . . . . . түрінде өседі.
Сабағы өте көп буын және . . . . . тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қырықбуынның жанама бұтақтары – . . . . . мүше.
Қырықбуындар – вегетативті, . . . . . және жыныссыз жолдармен көбейеді.
Далалық қырықбуын – . . . . . өсімдік.
Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан – . . . . . пайда болған.
. . . . . . – ағаштың су өткізгіш бөлігі.

б. Адасқан әріптер:


қырықбуын – рықынуықб
қырықжапырақ– қарыпажрықық
сүрек– рексү
қылқанжапырақ – қарыпажнақлық
спора – рапос
в. Бөлімдерін ата:

Г. Суреттегі мозайкадан өсімдікті табу:

Д. Байланыстыру:
Қырықбуын Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы
Ашықтұқымды Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан
Қырықжапырақ Тұқымдары тұқымқабыршақ қойнауында қорғанышсыз, бүрде жетіледі.

III. жаңа сабақ:


Ашықтұқымдылар бөлімінің бүртүзушілер класы қылқандылар қатарына жататын өсімдік түрі кәдімгі қарағай деп аталады. Жер шарында 700 – ге тарта қылқанжапырақты өсімдіктер бар. Солардың 100 – ге жуығы қарағай түрлерінің үлесіне тиеді екен. Енді біз кәдімгі қарағай деген түріне тоқталайық.
Кәдімгі қарағай – бірүйлі өсімдік. «Бірүйлі » - аталық бүрлер мен аналық бүрлердің бір өсімдікте болуы.
Кәдімгі қарағай – жарықсүгіш өсімдік, тік өсетін діңінің биіктігі 20-40 м-ге жетіп, тамыры тереңге кетеді. Орманда өскен қарағай түзу де сымбатты болады. Ашық, далалы жерде өсетіндерінің діңі жуандап, сәл аласа болып келеді. Жарық жетілікті болғандықтан, бұтақтары жан – жаққа жайыла, таралып өскен. Қылқанжапырақтылар – кіндік тамырлы өсімдіктер. Одан жанама тамырлар тарайды. Ұзын жанама тамырлар өте ұсақ тамыршаларға тармақталады. Сөйтіп ұсақ тамыршаларда микориза түзіледі. Қарағай тамырларымен селбесу арқылы саңырауқұлақтар топырақтағы кейбір өсімдік сіңіре алмайтын органикалық заттарды сіңіруге көмектеседі. Өздері өсімдік тамырынан қажетті заттарды пайдаланады.
Қарағай бұтағында әртүрлі бүрлер болады. Бүрлер жас өркеннің ұшында орналасады. Олар көктемде пайда болатын, үлкендігі 5 миллиметрден аспайтын қызғылт түсті аналық бүрлер. Аналық бүр негізгі өзекше мен оған тығыз жанасқан қабықшадан тұрады. Сыртқы қабыршығы – жабын, ішкісі – тұқымдық деп аталады. Екі түрлі қабыршақтар бірімен – бірі тұтасып кетеді. Тұқымдық қабыршақта 2 тұқымбүршік түзіледі. Жас өркеннің түбінде тығыз топтаса орналасқан ұсақ, жасылдау сары түсті бүрлер болады. Бұлар – аталық бүрлер. Аталық бүрлердің қабыршақтарының төменгі жағында тозаң түзілетін 2 тозаңқапшықтары бар. Ауаға толы тозаңдар өте жеңіл боландықтан, желмен өте алысқа ұшып таралады. Сөйтіп қарағайдың бір бұтағында аналық және аталық бүрлер болады. Аталық бүрлері мен аналық бүрлері бір өсімдіте орналасқандықтан, қарағай бірүйлі өсімдік деп аталады.
Аналық бүрдің тұқымбүршіктері ашық болып жетіледі. Желмен ұшып келген аталық тозаңдар аналық бүрдің тұқымбүршігіне түскен кезде оның қабыршақтары жабылады. Жабылған қабыршақтар шайырмен желімделеді. Бұл сәтте тұқымбүршіктерде жұмыртқажасушалар болмайды. Сондықтан тұқымбүршік бірден ұрықтана алмайды. «Жұмыртқажасуша» дегеніміздің аналық жыныстық мүшесінде дамиды. Жұмыртқажасуша ұрықтануға әзір болу үшін уақыт қажет. Аналық бүр көлемі ұлғайып, жасыл түске ауысады. Тұқымбүршікте эндосперм – қоректендіруші ұлпа пайда болады.
Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен қозғала алмайды. Аталық және аналық жасушалардың қосылып, ұрықтануынан зигота түзіледі. Зиготадан ұрық дами бастайды. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Сөйтіп тұқымбүршіктен тұқым жетіледі. Тұқым аналық бүрде түзіледі. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен және тұқым қауызынан құралады.
Түзілген тұқымның сыртқа шашылуы үшін тағы жарты жыл қажет. Ағаш басындағы пісіп жетілген аналық бүр енді қоңыр түске ауысады. Бүрдің ұзындығы 4 – 6 сантиметрге жеткен кезде ол пісіп жетіліп, қабыршақтарын ашады. Ашылған қабыршақтан тұқым анық көрінеді. Сондықтан қылқанжапырақты өсімдіктер ашықтұқымды өсімдіктер тобына жатады. Қарағайдан басқа да қылқанжапырақты өсімдіктердің тұқымында қанатша болады. Мұндай тұқымды жел оңай таратады.
IV. Бекіту:
Сөзжұмбақ:
Т Ұ Қ Ы М
Ж А Б Ы Н
Б Ү Р
Ж А Н А М А
Қ А Б Ы Ғ Ы
А Т А Л Ы Қ
Ш А Й Ы Р Л Ы

1. Қарағай қалай көбейеді


2. Қарағай бұтағының сыртқы қабыршағы қалай аталады
3. Қарағай бұтағында әр түрлі қандай заттар болады
4. Кіндік тамырларынан дамиды
5. Діңнің бөлігінің бірі
6. Аналықтан басқа қандай бүрлер орналасқан
7. Сүрегінде қандай жол болады

Графикалық диктант:


1.Кәдімгі қарағай бір үйлі өсімдік
2.Қарағай споралары арқылы көбейеді
3.Қарағайдың аталық жыныс жасушасы өздігінен
қозғала алмайды
4.Тұқымбүршіктерде жұмыртқа жасушасы болады

Теннис ойыны:

Сандар сөйлейді:
Аналық бүрлер көлемі ... мм
Қылқанжапырақтылардың ... жуығы қарағайларға тиесілі
Тұқымдық қабыршақта ... тұқымбүршік
Сүректегі өлі өткізгіш ұлпалар саны...

V. Қорытынды:


Зертханалық жұмыс:
Қажетті құралдар: қарағай немесе шыршаның көктемде жиналған аналық және аталық бүрлері.
1.Жас бүрдің суретін анықтап қарап суретін дәптерге салу, оның реңіне, мөлшеріне, бірінен-бірінің ерекшелігіне назар аудару. Бүрдің аналық немесе аталық бүр екенін анықтауға тырысу.
2. Бүрді ортасынан бөліп микроскоп арқылы бақылау және дәптерге кескіннің суретін салу.
3. Қылқанның ұзындығын өлшеу, пішініне зер салу.

VI. Бағалау:



VII. Үйге тапсырма:
§ 26 мазмұндау, тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беру.
Каталог: uploads -> doc -> 1289
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1289 -> «Строение мужской и женской половых систем человека»
1289 -> Деление клетки. Митоз
1289 -> «Қанатты достар»
1289 -> Түсінік хат. Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет