Пәні: Қазақ әдебиеті.
Күні: 22.12. 2015ж.
|
Сыныбы: 9
|
Мұғалімі: Тұрғынбекова Г.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жиембет жыраудың толғаулары.
|
Жалпы мақсаты:
|
Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы таныстыру, өздігінен мәліметтер жинауға дағдыландыру.
|
Сілтеме:
| -
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
-
9- сыныпқа арналған оқулық
-
Оқулық, хрестоматия.
|
Оқу нәтижесі:
|
Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
Өздігінен ойлауы дамиды.
Ынтымақтастықта жұмыс жасай алады.
Кері байланыс болады.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Оқулық тапсырмалары, интерактивті тақтадағы тапсырмалар, қосымша деректер.
|
Оқыту әдістері:
|
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдер;
Диалогтік оқыту: сұрақ- жауап, диалог. СТО. Миға шабуыл. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: стикерлер арқылы бағалау, қол шапалақтау, жиынтық бағалау.
|
Тапсырмалар:
|
1.Ой қозғау. Түрткі болу сұрағы арқылы жаңа сабаққа қызығушылығын ояту.
|
|
2. Мағынаны тану. Жаңа сабақты меңгерту.
|
|
3. Оқулықпен жұмыс. (жаттығу жұмыстарын орындау)
|
|
4. Ой толғаныс. Бекіту сұрақтары.
|
|
5. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы ойларын білу үшін стикерлер тарату. (кері байланыс).
|
I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалімнің іс- әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Психологиялық тренинг
(3 мин)
|
«Сәттілік тілейік» тренингі
|
Бір- біріне сәттілік тілейді.
|
Топқа бөлу
(2 мин)
|
Әр түрлі фигуралар арқылы топқа бөлу.
|
Стикерлер арқылы топқа бөлінеді
|
Үй тапсырмасын сұрау (7 мин)
|
Үмбетей жыраудың толғауынан үзінді жаттап келу.
|
Жауап береді
|
II. Жаңа тақырып
-
Ой қозғау
-
тапсырма (5 мин)
|
Есім ханның тұсында өмір сүрген қандай жырауды білесіңдер? (оқушылардың жауабы тыңдалады)
|
Оқушылар топтастыру жасайды.
|
-
Мағынаны тану
-
1-тапсырма (10 мин)
|
Топқа тапсырмалар беріледі:
Барлық топтарға арнайы тапсырмалар беріледі.
Ғаломтордан алынған деректер жазылған бетшелер таратылады.
|
Топ мүшелері ақылдаса отырып, тапсырмаларды орындайды, ортаға шығып қорғайды.
|
2-тапсырма
|
Топтық жұмыс:
1-топ: Жиембет кім? (өмірі туралы айту). 2-топ: Жиембеттің шығармаларының негізгі тақырыбы қандай? 3-топ: Жиембет жырларының көркемдік ерекшелігі неде?
4-топ: Жиембет жырларындағы ерлік рух, туған жерге деген сүйіспеншілік сезім қалай суреттелген?
|
|
Сергіту сәті
|
Әуенді қою
|
Әуен ырғағымен қимылдар жасау
|
|
1-топ: «Тобықтай ой...» (Жиембет жырларынан алған тәлім- тәрбием) ойтолғау жазу. 2-топ: Үмбетей жырау мен Жиембет жырларындағы ұқсастықты салыстырыңдар. (Венн диаграммасы). 3-топ: «Жиембет» сөзіне бес жолды өлең (синкуэйн) жазыңдар.
4-топ:
Р- Жиембет
А- ұрпақтары
Ф- хат (болашаққа аманат хат)
Т- «Аманатқа қылма қиянат»
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындап, қорғайды.
|
V. Үй тапсырмасын беру (2 мин)
|
Кез келген толғауларынан үзінді жаттау.
|
Тапсырманы жазып алады
|
VI. Бағалау (3 мин)
|
Бағалау бетшелері арқылы топ мүшелері бір- бірін бағалау. Мұғалімнің жиынтық бағалауы.
|
Бағалауға қатысады.
|
Кері байланыс 4- тапсырма (5 мин)
|
«Екі жұлдыз, бір тілек»
|
Бүгінгі жаңа сабақ туралы екі пікір, бір ұсыныстарын білдіреді.
|
Неге қол жеткіздім?
|
|
|