Пәні: Әдебиеттік оқу 16. 01. 2017ж.
Сабақтың тақырыбы: Ж. Смақов, «Айтшы, әжетай».
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: Оқушыларға туыстық қарым - қатынастар, туыстық атаулар мен мамандық түрлері жайлы мағлұмат бере отырып, көркем сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
2) Дамытушылығы: Оқушылардың саналы түсініп, оқу қабілеттерін дамыту, туысқандарға деген мейірімділік қасиеттерін, әңгімелеу, еске сақтау, ойлау дағдыларын қалыптастыру;
3)Тәрбиелігі: Үлкенді сыйлап, құрметтеуге, сыйластыққа, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгіме, ойын, сұрақ - жауап, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. «Күн шуағы».
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік,- дегім келеді.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болмақ. Сабағымызға сендердің білімдеріңді бақылау үшін мұғалімдер қатысып отыр. 2- сыныптар арасында қай тақырыпта онүндік өтіп жатыр?
-
«Зиянды тағамдар». Зиянды тағамдарды пайдаланамыз ба? Олардың пайдасы көп пе? Әлде зияны көп пе?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: «Мысық пен тышқандар» ертегісі.
1. Ертегінің мазмұнын айту. Жалғастырып сұрау.
2. Суреттердегі кезек бойынша 1 оқушыға әңгімелету.
ІІІ. Өткен сабақты қайталау.
- Балалар, қазір біз “Кім тапқыр?” ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: Берілген суретті жұмбақтарға қарап, өтілген шығармалардың, өлеңнің, ертегінің немесе әңгімелердің атын айту керек. Дұрыс жауап берген оқушыларға смайликтер беріледі.
1- сурет. Несіпбек Айтов «Оқулық»
2- сурет. Абай Құнанбаев «Күз»
3- сурет. «Қасқыр мен түлкі» ертегісі.
4- сурет. Мағжан Жұмабаев «Балапан қанат қақты»
5- сурет. Сырбай Мәуленов «Ата ақылы»
6- сурет. «Мысық пен тышқандар» ертегісі.
- Ертегінің қай түріне жатады?
- Ертегіде қандай нақыл сөз бар?
- «Бәрі таппаған ақылды кәрі табады».
- Кәрі деген сөзді тағы қалай айтуға болады? (Қария, ата, әже, қарт, үлкен кісі т. б)
- Тағы қандай туыстарды білеміз?
- Ата, әже, аға, іні, апа, сіңлі, нағашы ата, т.б.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, бүгінгі сабағымыз осы туыстық атауларға байланысты болмақ.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Нақыл сөзді оқып, мағынасын түсіндіру.
Ата - асқар тау,
Ана – бауырындағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.
ә) Осы нақыл сөз бойынша қандай сурет салар едіңдер?
- Біз бүгін Жақан Смақовтың «Айтшы, әжетай» өлеңімен танысамыз.
б) Автор туралы түсінік беру.(Слайдта суретін көрсету)
Жақан Смақов (1932-1975) - Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында туған. Жақан Смақов мектепте оқып жүрген кезінде-ақ өлең жаза бастаға-ды. Ақын саналы өмірін, дарынын бірыңғай балалар поэзиясына арнады. Оның мынадай кітаптары бар "Сәбилерге сәлемдеме", "Қаз-қаз бас", "Бақ-бақ", "Жаңғырық".
1. Кітаппен жұмыс: Өлеңді оқу, мағынасын ашу.
а) Өлеңді ұйқасына қарай талдау.
- Өлең неге құрылады?
- Ұйқасқа құрылады. Өлеңнің ұйқасын сызбамен кім көрсетеді?
Өлеңнің бұл шумағы - «Егіз ұйқас». Себебі, өлеңнің бірінші жолымен екінші жолы, үшінші жолымен төртінші жолы ұйқасады.
- Атаң атты баптаған –
Бәйге бермес Ақтабан.
Құстай сергек ұйқысы,
Атаң сенің – жылқышы.
Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді: ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аа), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Ұйқастың түрлерімен жоғары сыныптарда танысатын боласыңдар.
Сергіту сәтін өткізу. (бейнеролик)
ә)Тізбектей оқыту. Рөлге бөліп оқыту.
2. Сөздік жұмыс:
Ақтабан - белгілі бір аттың жеке аты.
Қаракөл қой - қойдың түрі.
Қаракөл қойы – қозысының елтірісі өте бағалы болатын қой тұқымы. Қылшық Денесі мығым, шағын, жүрдек, құйрықты (құйрық майы 2 – 3 кг) қой. Құйрығының ұшы S – тәрізді иілген, сирағы жіңішке, тұяғы берік, шөл және шөлейт аймақтарының қатаң ауа райына және жұтаң жайылымына әбден бейімделген. Қаракөл қойы негізінен Оңт. және Батыс Қазақстанда (Жамбыл, Қызылорда,Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары) өсіріледі.
3. Жұптық жұмыс. Өлеңге сүйеніп, әр мамандық иесін табу. Байланыс сызықтарын жүргізу.
Туыстық атау Мамандығы
Атасы Жылқышы
Нағашысы Қойшы
Жеңгесі Сауыншы
Ағасы Егінші
Жиен ағасы Монтер
Апасы Тәрбиеші
Жездесі Құрылысшы
4. Дәптермен жұмыс: Туыстық атауларды үлгі бойынша топтастыр: 1) өлеңге сүйен; 2) өз бетіңше жалғастыр.
Әке жағынан туыс
|
Шеше жағынан туыс
|
Ата, аға, жезде, жеңге, апа, жиен аға, т.б.
|
Нағашы, бөле, нағашы апа, нағашы жеңге, нағашы аға, нағашы жезде, т.б.
|
5. «Сенің кім болғың келеді?» оқушыларға ауызша сұрақ - жауап.
Ү. Сабақты бекіту.
Топтық жұмыс:
1-топ. Өлеңнен туыстық қатынастарды білдіретін сөздерді теріп жазу.
2-топ. Өлеңде кездесін тағам түрлерін жазу.
-
Бұл қандай тағамдар? Оларды неден жасайды?
3-топ. Өлеңнен мамандық атауларын жазу.
ҮІ. Қорытындылау:
-
Не білдік?
-
Не үйрендік?
-
Жақан Смақов кім?
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Айтшы, әжетай» өлеңін рөлге бөліп оқу.
ҮІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау (смайликтер).
Достарыңызбен бөлісу: |