Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,қасиеттері мен қолданылуы Оқыту мақсаты



Дата22.06.2018
өлшемі42.89 Kb.
#77523
түріСабақ
КЕРИМБЕКОВА ГУЛЬНАРА ШАЙМЕРДЕНОВНА

ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ




Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың жіктелуі,алынуы,қасиеттері мен қолданылуы
Оқыту мақсаты:
1)білімділік.Қышқылдардың құрамы, алынуы, жіктелуін түсіндіру. Химиялық, биологиялық тұрғыдан
тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы, емдік қасиеті, тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту.
2) дамытушылық.Оқушылардың қызығуы, ынта-қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы айналадағы құбылыстарды байқауға, салыстыруға, талдай білуге үйрету.
3) тәрбиелік.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеуге, баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: демонстрациялық сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқытудың кешенді әдісі
Көрнектілігі, қажетті құрал- жабдықтар:Интерактивті тақта, электронды оқулық, бейорганикалық қышқылдар үлгілері
(HCI.H2SO4 HNO3), құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон,сүт,жүзім,йод,су ,айран,. сірке суы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру (сыныпты түгелдеу)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1-кезең; «Ой шақыру»-(үй тапсырмасын «Сутегі»тест бойынша тексерілді
2-кезең «Қызығуды ояту!» (Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатына арналған).
а)Мына приборларды нені алуда пайдаландық?(слайдта сутегін алуға арналған құралдар бейнеленген, балалар қалай пайдаланғанымызды әңгімелеп береді)

б)сүт қышқылы мына заттарда болады? (Суретте түйе, жылқы малы, қой-ешкі малы бейнеленген және олардан алынатындар: сүтте,қымызда, айранда сүт қышқылы болатынын әңгімелейді.

с) Ит мысықты тістелеп ойнап жүргенін көрдіңіздер ме?
Жауабы:- Мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы ит ауыз қуысындағы қышқылдарды тазартып құныс мешел ауруларын болдырмайды

д) тауықтың,құстардың құмырсқа илеуіне шомылып аунап жатқанын көрдіңіздер ме?
Жауабы: - құмырсқа қышқылы паразиттерге нафталиндей әсер етеді, құстар терісін тазартады.

е)Ауырған аңға кім рецепт жазып береді?
Жауабы: - ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміреді екен, бірнеше күндерден кейін аңдар жазылып кететін көрінеді (хинин қышқылы бар ағаш Мексика, Бразилия елінде өседі)

ж)Сіздер үйде, тұрмыста т.б қандай қышқылдарды кездестірдіңдер?
Жауабы:( сірке, лимон т.б )

ІІІ.Негізгі бөлім - жаңа сабақты түсіндіру
3-кезең «мағынаны тану»
(Қышқылдарға анықтама беру, жалпы формуласы, құрамы, атаулары, номенклатурасы, алынуы, пайда – зияны)
Қышқылдар дегеніміз - құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі зат(жұмыс дәптерлеріне анықтаманы жаздыру).
Негізгі белгісі:қышқыл дәм және күйдіргіш.(Қышқылдар, оларды жіктеу электронды оқулық арқылы түсіндірілді.) тұз қышқылы -HCI,
бромсутек қышқылы –HBr.
күкіртсутек қышқылы –H2S
күкіртті қышқыл-H2SO3,
азот қышқылы –HNO3 ,
кремний қышқылы-H2SiO3
фосфор қышқылы-H3PO4.
Сутегі атомының санына қарай
(бірнегізді-HCI,HNO3,HBr.
Екінегізді-H2SO4, H2S,
үшнегізді- H3PO4,H3BO3) ,
Оттегі атомына байланысты
(оттекті-H2SO4,HNO3,
оттексіз-HCI,HBr)

Қышқылмен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керек!
Қышқыл ерітіндісінде түсін өзгертетін заттар индикатор деп аталады. «индикатор» латынша —«көрсеткіш» мағынасын береді.
1.лакмуста қызарады 2.сары метилоранжда қызарады 3.фенолфталейнде түсін өзгертпейді

Қышқылдарды алу.
1)Оттекті қышқылдарды алу.
1)4P+O2═2P2O5 P2O5 +3H2O═2H3PO4
(Демон.тәжірибе арқылы фосфор қышқылын алу)
2)SO2+H2O═H2SO3
3)SO3+H2O═H2SO4 (Электронды оқулық арқылы тәжірибе көрсетіледі)
2)Оттексіз қышқылдарды алу үшін ( S,CI,Br )сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді
H2+CI2═2HCI –хлорсутек. Оларды суда ертіп қышқылдар алады.

Қышқылдардың пайда - зияны:
1)медицинада бор және тұз қышқылдары қолданылады.
Сүт және азоттың концентрлі ертіндісі сүйелдерді күйдіруге қолданылады.
2)Өнеркәсіпте шикізат есебінде және автокөлік аккумуляторларында күкірт қышқылы қолданылады.
3)Тұрмыста сірке суы, лимон қышқылы қолданылады.
Зияны:
1) Концен.қышқыл ағзаға түссе мүшені бұзады.
2)Қоршаған ортаны ластайды.Себебі олар тотықтырғыштар.

Алған білімді бекіту
4 – кезең «Білімді тиянақтау»(таблица жұмыс дәптерлеріне орындайды)
1. Қышқылдардың атауы
2. формуласы
3. Қышқыл қалдығы, валенттілігі
4. Қышқыл қалдығы ,атауы

«Сыңарыңды тап» ойыны.(алған білімді бекіту)
(оқушылар сутек атомы мен қышқыл қалдықтарының формулаларын біріктіріп жұп құрады)
а) күкірт сутек қышқылы б)күкірт қышқылы в)кремний қышқылы с)көмір қышқылы д)азот қышқылы
Сыныпта №5-6-7 есепті (91-бет)шығару.Үйге тапсырма беру
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет