Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰнанбаев «ҚАР» С. Шаймерденов»



Дата05.03.2017
өлшемі31.44 Kb.
түріСабақ
Макишева Корланай Дабыловна

бастауыш сынып мұғалімі

Жақсы ауданы КММ «Ишимское орта мектебі»
Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰНАНБАЕВ «ҚАР»

С. ШАЙМЕРДЕНОВ»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қар жайында, қардың түсі, түрі, бұрынғы жауған қардан айырмашылығын, қыстың қатал көрінісін түсіндіру.

Сабаққа деген қызығушылығын арттыру, Отанын, елін, жерін сүюге және еңбекке баулу, ұлттық тәрбие беру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жинақтау әдістері.Сабақты дүниетану пәнімен байланыстыра жүргіземін.

Көрнекіліктер:суреттер, плакат, топтамалар.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру.Тест жұмысы.

3.Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, бағалау.

4.Жаңа сабақ. Кіріспе

А. Құнанбаев туралы айту. Қазақстан картасын пайдалану.

- Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіндер?

- «Жаз», «Күз», «Әсемпаз болма әрнеге», « Ғылым таппай мақтанба» т.б.

- Бір жылда неше мезгіл болады?

- Төрт мезгіл.

- Аттарын атау. Қыс. Жаз. Көктем. Күз.

- Осы мезгілдердің ішінде бүгінгі сабақта тоқталып танысатынымыз «Қыс» мезгілі.

Қойылатын сұрақтар :

1. Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?

2. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

3. Жел жоқ кезде жауған қар жерге қалай түседі?

4. Ағаштардың бастары қандай?

5. Қар түйіршіктері қандай болады?

6. Қыста дала қандай болады?

7. Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?

8. Жаңа жауған қар қандай болады?

9. Қыста орман қандай болады? - дей келіп оқушыларды әңгімеге тарту.Негізгі мәтінге көшіп, Абай атамыздың қысты суреттеуін айтамын.

«Қыс» өленің мәнерлеп оқу. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өлеңнің ішкі мәнін ашу. Несімен көңілді?

Оқушылардың осы сұраққа берген жауаптарын толықтырып, ойын нақтылай түсу.

Оқушыларға «іштей оқуға» тапсырма беру,түсінуге қиындық келтірген сөздерді баған түрінде теріп жазу ұсынылады.Түсініксіз сөздердің мәнін анықтау.



Сөздік жұмысын жүргізу.

Соқыр, мылқау-түк көрмейтін, алмайтын қаталдық.

Бұрқ-сарқ-қатты дауыл, боран болғанда - аяз, жел тым күшейгенде.

Шидем-қой жүнінен тоқылған сырт киім.

Сұрақ - жауап әдісімен өлеңнің мазмұнын түсіндіру.

Автор қысты кімге теңеп тұр?

(Қысты адамға, кәрі шалға теңейді).

- Шалдың киімдері қандай?(Ол ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

- Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар)

- Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?(Ақ киімді, ақ сақалды Аяз Атаға).

- Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?( Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты).

- Соқыр, мылқау дейтін себебі не?(Ол ештенені көрмейді, аямайды,бәрін тоңдырады).

- Түрі,түсі қандай?(Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық)

- «Түсі суық» дегенді түсінесіңдер? ( Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).



Дауыстап оқу. (Мәнерлеп оқу талабы қойылады).

Көк сызықтағы жазудың мәнін түсіндіру. (Жаз құйынды болса, қыс қатал болады. Қазан айында күн күркіресе, қыс қысқа болады)

Дәптермен жұмыс. Сергіту сәті.

Ақ киімді денелі, ақ сақалды. Қыста ғана болады,

Соқыр, мылқау, ақ қырау, түсі суық, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

Бұлттай қасы, басын сіліксе, Сөздік жұмысы.

Бұрқ - сарқ етіп. Шарбақ - қоршау.

Шығармашылық жұмыс.

1-топ.

Мына өлең жолдарын ары қарай жалғастыр.

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

.......................................

2. «Қар» мәтіні бойынша түсінгеніңді айт.



2-топ

Қысқы табиғат құбылысының суретін салу. Қысты суреттейтін екі, үш сөйлем жазу.



3-топ

Мына сұрақтарға жауап бер.

1. Ақын қыс туралы қалай бейнелейді?

2. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

Қорытындылау.

«Балықты суға жіберу» ойыны.

1-топ. «Қыс шанаңды, жаз арбаңды сайла» деген мақалды қалай түсінесің?

2-топ. Қыс туралы жұмбақтар айт.

3-топ. Ақын қысты кімге теңейді?
Қыс Қар

қатал аппақ

суық табиғат жұмсақ

ызғары суық қиыршық



аязды суық

Үйге тапсырма.Мәнерлеп оқу, жаттау. Қысқы табиғат құбылыстарының суретін салу. «Қар» мәтінін оқу, мазмұнын айту. Бағалау.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: ас атасы нан сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Раздольный ауылы Раздольный орта мектебі Химия,биология пәнінің мұғалімі Асылхан Сайра
Razrabotkaurokov -> Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Razrabotkaurokov -> Ақжанова Асемгуль Ботабаевна Красный Яр №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Razrabotkaurokov -> Каженова Динара Жангалиевна дене шынықтыру нұсқаушысы Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» мкқК


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет