Сабақтың тақырыбы: Гүлдің шығу тегі. Гүл құрылысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата02.07.2017
өлшемі72.77 Kb.
түріСабақ
Күні:_____________2017ж

Жасы:____________



Сабақтың тақырыбы: Гүлдің шығу тегі. Гүл құрылысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: гүлдің негізгі құрам бөліктері: тостағанша жапырақшалары мен жыныс

мүшелеріне толық сипаттама беріп, олардың құрылысымен таныстыру;

Дамытушылық: пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік қасиеті жалпы қоршаған

ортаға деген жанашырлық сезімін дамыту;

Әдіс - тәсілдер: тапсырмалар беру арқылы оқушыларды шапшаңдыққа тәрбиелеу және

түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.



Көрнекіліктер: Гүлдің суреттері, гүлдің құрылысы, жұмбақтар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу.

2. Сыныпты дайындау.
Жаңа сабақты түсіндіру
Гүл дегеніміз-көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, қысқарған өркен.https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/09e3/0002404a-b7d69f46/hello_html_2992fe39.png


Гүлдің шығу тегі.

Жабық тұқымды өсімдіктер гүлдерінің алуан түрлі болуы және олардың ашық тұқымды өсімдіктердің осыған ұқсас мүшелерінен үлкен айырмашылықтарының болуы, гүлдің шығу тегін түсіндіруде көптеген қиындықтар туғызады. Гүл тек қана жабық тұқымды өсімдіктерге тән болғандықтан, онын; шығу тегін гүлді өсімдіктердің шығу тегімен байланысты қарастыру керек.

Гүлдің шығу тегі туралы белгілі стробилярлық, псевданттық және теломдық теориялар бар.

С т р о б и л я р л ы қ ( э в а н т т ы қ ) т е о р и я  бойынша, гүл түрі өзгерген өркен. Бұл теория бойынша, гүл алғаш рет беннетиттерде пайда болған. Бұларға тән ерекшелік стробилдер (бүрлер) деп аталатын қысқарған спорофилді өркендерінің болуы. Алғашқы гүлдердің гүл табаны ұзын қос жынысты, аталықтары мен аналықтарының саны көп, өздері ірі келеді. Қазіргі кездегі жабық тұқымды өсімдіктердің ішінде бұған ұқсастары сарғалдақтар, тұңғиықтар, магнолиялар.

Стробилярлық теория бойынша, гүл бөліктері түрін өзгерткен жапырақтар. Гүлдің жапырақты өркеннің метаморфозы екендігі туралы алғаш пікір айтқан В. Гете (1790).

П се в д а н т т ы қ  т е о р и я н ы ң (жалған гүл теориясы) негізін салушы Веттштейн. Бұл теория бойынша, гүл, гүл шоғырының тұтас метаформоздануынан пайда болады, яғни аталық гүл шоғырларынан аталық гүлдер, ал аналық гүл шоғырларынан аналық гүлдер қалыптасады. Псевданттық теория бойынша, гүлдің қарапайым құрылымының белгілері: гүлдері майда, дара жынысты, гүл бөліктері шеңбер түзіп орналасқан, гүл серігі реңсіз. Гүлдердің мұндай құрылымы шамшаттар, қайыңдар, жаңғақтар тұқымдасының өкілдерінде кең таралған.

Т е л о м д ы қ  т е о р и я н ы ң незігін салушы неміс ботанигі В. Циммерман (1935). Бұл теория бойынша гүл бөліктері өркеннің бүйірлік мүшесі жапырақтардан емес, оның өстік мүшесі сабақтан пайда болады. Бұл теорияға риния тәрізділердің қазба қалдықтарынан табылған дене құрылысындағы ерекшеліктер негіз болған. Олардың денесінің цилиндр тәрізді жоғарғы бөлігінде — теломыңда спорангийлер орналасады. Осы спорангийлер бір-бірімен кірігіп, метаморфозданып гүлдің күлтелеріне аталықтары мен аналықтарына айналған деп жорамалданады. Гүлдің теломдық теориясы біршама жас. Гүлдің шығу тегі туралы теориялардың ішінде стробилярлық теорияны ботаниктердің басым көпшілігі қуаттайды.
Өсімдіктер өсу мүшелеріндегі қоректік заттар қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кезде гүлдейді. Гүл тек гүлді өсімдіктерге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамиды.

Гүл сағағы-жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері.Сағағы арқылы арқылы сабаққа бекінеді.Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл)

Гүл табаны(тұғыры)-гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша-көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді.

Күлте-тостағанша жапрақшалардан кейін орналасады.Күлте жапырақшалары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнір, итмұрын. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі,тәтті шірнесі,ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

Шірнеліктер-гүл табанында,аталық жіпшесінің түбінде, табанында, аталық жіпшесінің түбінде, аналық жатынында да болады. Бунақденелілер шірнеліті шеңбер, нүкте сызықша-жолақтар сияқты белгілері арқылы ажыратады. Күлтенің ашық реңі тікелей түскен күн сәулесінің қызуын бәсеңдетеді. Аталық пен аналықты қызып кетуден сақтайды. Ішкі жыныс мүшелерін жаңбыр суынан, шық тамшыларынан қорғайды.

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаны гүл серігі дейді.



Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Жай гүлсерікте тек тостағанша жапырақшалары болып, күлте жапырақшалары болмайды (қалақай, қызылша,). Немесе керісінше,күлте жапырақшалары ғана болады (қызғалдақ, лалагүл, інжугүл).

Қос гүлсерікті гүлде тостағанша да күлте де болады. Оларға (алма , өрік, шие). Гүл серігінің екеуі де болмайтындарды гүлсеріксіз гүлдер дейді. (тал, терек, еменің аналық гүлі)

Аталық-гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әр бір аталық-аталық жіпшесінен және тозаңшадан тұрады. Аталықтың жіңішкереген жері-жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар.Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп-жетілгенде тозаңдары сырқа шашылады. Тозаң-сыртқы жіне ішкі қабықшасы бар жасуша,пішіндері де алуан түрлі.Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді.Әр бір тозаңнің сыртында үшкір өсінділер, майда тікенектер,бұртиған төмпешіктер болады.Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді.Сыртқы қабықшасында тозаң түтігінің өнуіне қажет көптеген тесіктер болады.Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, витаминдер бар.





Гүлдің аталығы - көбеюге қатысатын бөлімі. Ол аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Тозаңқапта пісіп жетілген тозаңдар болады.



Аналық_–_гүлдің_жеміс_түзуге_қатысатын_негізгі_бөлімі._Аналықтың_ұшын_ауыз,_ортаңғы_бөлігін_мойын,_түп_жағындағы_жуан_жерін__жатын_деп_атайды.'>Аналықгүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлімі. Аналықтың ұшын ауыз, ортаңғы бөлігін мойын, түп жағындағы жуан жерін

жатын деп атайды.


195-1

Аналық-гүлдің жеміс түзуіне қатысатын негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасында орналасады.Аналықтың ұшын-азыз,ортаңғы жіңішкереген жерін мойнын,түп жағындағы жуандаған жерін жатын дейді.

Аналық ауызы-өсімдік түріне қарай түрліше (домалақ үлпекті, қостелімді, көптелімді, жұлдызша ж.т.б.) болып келеді.Аналық ауызынан жабысқақ сұйықтық бөлуі, тозаңның аналық ауызына түсіп тез өнуіне жағдай туғызады.

Аналықтық мойны аузы мен жатынын жалғастырып, басқа бөлімдерінен жоғары биіктетіп тұрады. Неғұрлым аналық күлтеден озыңқы тұрса, соғұрлым жеңіл тозаңданады. Мойны болмайтын аналық көкнәр, қызғалдақ және т.б.

Жатын(түйін)- аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы.Жатынның ішінде бір ( бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқым бүршігі бар.Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртында екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқа жасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді. Әр бір аналық өзара бірігіп кеткен бір немесе бірнеше жеміс жапрақшаларынан түзіледі.

Дұрыс гүлмен бұрысгүл. Гүл жазықтығына бірнеше сызық жүргізгенде теңдей бөлікке бөлінсе - дұрысгүл. (алма, мақта). Гүл бөлімдеріне бір сызық жүргізуге ғана болса, бірнеше сызықпен теңдей бөлінбесе - бұрысгүл (соя, үрембұршақ).


Сергіту сәті

Жұмбақтар

1.Көктемде тұрады, бұтаққа асылып,

Күзде жерде жатады шашылып.

2.Сабаққа бекитін жіңішке ноқтасы да біреу,

Күнге қарап жалпиған тақтасы да біреу.

3.Абайла жапырағы “шағады” балақай,

Бұл өсімдік аталады .......

4.Жеміс емес жейсіңдер, шырын екен дейсіңдер.

Денсаулыққа ем тамыр, оның аты - ...

5. Өсімдіктің бойлап өсер тірегі

Көп мүшенің ішіндегі бірі еді.

Жоғары төмен тұратұғын таратып,

Осы мүше өсімдіктің жүрегі

6. Гүлді қоршап аялайды, қорғайды,

Ол тұрғанда гүл де онша тоңбайды.

Мұндай ұсақ жапырақшалар болса егер,

Ұзақ уақыт күлтесі де солмайды
Тапсырма №1

СӨЗЖҰМБАҚ ты шешіңдер:



Тапсырма №2


Суреттерде көрсетілген гүл серіктерін ажырат.
Қорытынды:

Суретке қарап отырып, әр санның тұсына тиісті бөлімдерінің атын жаз. Біліміңді тексер



1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

10.

11.





Тексерілді:_____________
Каталог: uploads -> doc -> 0b4b
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0b4b -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта Күні: Білім беру саласы
0b4b -> Урок №17 Школа : кгу «Краснокаменская ош»


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет