Сабақтың тақырыбы: Гүл бөлімдері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға гүл бөлімдері туралы түсінік беру



Дата06.07.2017
өлшемі37.95 Kb.
#25208
түріСабақ
Жылқыбаева Мира Абдрахимқызы «Жас биолог»

Сабақтың тақырыбы: Гүл бөлімдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға гүл бөлімдері туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілетін

қалыптастыру.



Тәрбиелік: Оқушыларды өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буклет, кесте, мақал- мәтелдер,

Сабақтың жүргізілу барысы :



І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2 . Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап арқылы

1.Жарық сүйгіш өсімдіктерді ата?

2. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы?

3. Дәрілік өсімдіктердің пайдасы?

4. Өсімдіктерді немен қоректендіреді?

5.Өсімдіктерге жасалатын жағдайлар?
ІІІ. Оқушылардың білімін тексеру:

Кестені толтыру арқылы



Өсімдіктің адамға тигізер пайдасы

Адамның өсімдікке тигізер пайдасы.

ауаға оттегін бөліп шығарады, көмірқышқыл газын сіңіреді.Адам денсаулығы үшін ең бастысы таза ауа.

Өсімдікті суарады, күтіп- баптайды,түбін қопсытады, өсіп өнуіне жағдай жасайды.

ІV. Жаңа сабақтың мақсатын қою.

Оқушыларға гүл бөлімдері туралы толық мағлұмат беру.

V. Жаңа сабақ түсіндіру

Гүл- дегеніміз көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар, бұтақтанбайтын түрі өзгерген, қысқарған өркен. Өсімдіктер өсу үшін мүшелеріндегі қоректі заттар қоры жеткілікті мөлшерде жиналған кезде гүлдейді.

Гүл бөлімдері:



  1. Гүл сағағы

  2. Гүл табаны

  3. Тостағанша жапырақша

  4. Күлте жапырақша

  5. Аталық пен аналықтан тұрады.

Гүл сағағы- жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекиді.

Гүл табаны гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Ол гүл мүшелерін қорғайды.Тостағанша 2-ден бірнеше оңдаған санға дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі өзгерістерге ұшырайды.

Мысалы: жемістері мен тұқымдарын желмен тарату үшін үлпекке айналады. Меңдуана , Қоңыраугүлде тостағанша бір- бірімен тұтасып жемістің сыртын қаптап, қорғап тұрады. Кейбір өсімдіктердің тостағаншасы күлтесі ашыла сала түсіп қалады. Гүлі қураған кезде күлтесі мен бірге түсетіндері де піскен жемістерінде бірге сақталатындары да бар. Жануарлар арқылы таралуға бейімделген.

Күлте тостағанша жапырақшалардан орналасады. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі , ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелерді еліктіреді. Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақшаларда гүл серігі дейді.

Аталық гүлдің көбеюге қатысатын бөлігі. Әрбір аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан 2- бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады. Тозаң- сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша , пішіндері де алуан түрлі . Тозаңдар сырттай қарағанда ұнтақ тәрізді. Әрбір тозаңның сыртында үшкір өсінділері майда тікенектері бұртиған төмпешіктері болады.

Атқаратын қызметіне қарай сыртқы қабықшасы қалыңдап өзгереді. Сыртқы қабықшасында тозаң түтігіне өнуіне қажет көптеген тесіктері болады. Тозаңның құрамында май ,қант ,минералды, тұздар, нәруыз витаминдер бар.

Аналық гүлдің жеміс түзуге негізгі бөлімі гүлдің дәл ортасына орналасады. Аналықтың ұшын ауыз ,ортаңғы жіңішкерген жерін мойын, түп жағындағы жуандаған жерін жатын, жатын ішінднгіні тұқым бүршік дейді.



VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Биологиялық пошта ойыны арқылы

І-хат, І топқа

  1. Гүл сағағы дегеніміз не?

  2. Аталық гүлдің қандай бөлігіне қатысады?

  3. Аналығы гүлдің қай жерінде орналасады?

ІІ-хат ІІ топқа

  1. Тозаң құрамында нелер бар?

  2. Күлте тостағанша нелерден орналасады?

  3. Гүл табаны дегеніміз не?

VІІ. Жаңа сабақты бекіту

«Инсерт әдісі» бойынша



Білемін

Білгім келеді

Үйрендім










Бағалау

Үйге тапсырма:



Гүл бөлімдері туралы мәлімет жинақтап келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0f9b
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0f9b -> Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе деп аталады
0f9b -> Сабақ №47 Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек аураларның алдын алу
0f9b -> Практическая работа №3 Расчет параметров движения тела в поле тяготения Земли


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет