Сабақтың тақырыбы Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері Оқу мақсаты



Дата18.06.2018
өлшемі74.67 Kb.
#75189
түріСабақ
7-сынып физика пәнінен қысқамерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2

«Кинематика негіздері »



Мектеп: Аққайың ауданы

«Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебі» КММ


Мұғалімнің аты-жөні: Мейрманова Ғалия Маратқызы

Сабақтың

тақырыбы

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері

Оқу мақсаты

7.2.1.6 Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

(1) дененің тыныштық күйін,



(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын

Сабақ мақсаттары

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигін салу біледі;

  • Дененің тыныштық күйідегі бөлігімен тұрақты жылдамдықпен қозғалыс бөлігін анықтау үшін дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігік графигін қолданады

Ойлау деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез

Бағалау критерийлері

  • Дененің орын ауыстырудың уақытқа тәуелділігік графигін тұрғызады;

  • Графикті қолданып дененің тыныштық күйдегі ,тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтайды;

  • Графикті пайдаланып дененің орын ауыстыруы мен жүрген жолын табады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты терминдер мен сөзтіркестерді диалог жүргізу үшін, сұрақтарға жауап беру қолданады: қозғалыс, тыныштық күйі, тұрақты жылдамдық, координат жүйе, бағыттас, қарама-қарсы қозғалыс


Құндылықтар

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуына баулу ( жылдамдық шамадан тыс асып кеткен жағдайда адам үшін қаіуп төндіретінін еске түсіру)

Пәнаралық байланыс

Математика (тура пропорционалдық графигін сызу әдісін білу)

Алдынғы білім

Түзусызықты бірқалыпты қозғалысты, қозғалыс теңдеуін біледі, тыныштық күйдегі және бірқалыпты қозғалыстағы денелерді айтады

Сабақ барыс

Кезеңдері

Жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Екіжартышар-лы әдісі арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру

(1 минут)



  1. Кеңістікте екі қолмен шексіздікті сызу:

Оң қолмен горизонталь жазықтықта

Сол қолмен вертикаль жазықтықта



  1. Оң қолың ашық алақаныңмен басыңа жақындату

Сол қолыңды алдыңа бас бармағыңды жоғары көтеріп, алдыңа созу, кезектестіріп қайталау




Өткен тақырыпты қайталау

Жалпы сыныптық жұмыс

(5 минут)


«Сәйкестендір» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыпқа байланысты білімдері тексеріледі:

«механикалық қозғалыс», «бірқалыпты қозғалыс», «бірқалыпты емес қозғалыс», «орын ауыстыру», «траектория» ,«жол», «материалық нүкте», «координат салу жүйесі», «қозғалыс теңдеуі» терминдермен олардың анықтамалары жазылған кеспе қағаздарын сәйкестендіреді





Кеспе қағаздар




Өз-өзін бағалау

«Қатені тап» Слайдта көрсетілген дайын кестемен салыстырып, оқушы өзінің қателерін табады, қорытынды жасайды

Слайд

Сабақтың тақырыбын анықтау, сабаққа мақсат қою

(5 минут)



«Эвристикалық әңгіме» мұғалім сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын тұжырымдауға жетелейді.

  1. Қозғалыс теңдеуіндегі екі айнымалысы арысындағы тәуелділік түрі қандай?

  2. Бұл тәуелділіктің графигі қандай фигура?

  3. Жылдамдықтың өзгеруіне байланысты график қалай өзгереді?

  4. График бойынша дененің тыныштық күйін анықтауға бола ма?

  5. Ендеше сабақтың тақырыбы қандай болады?

  6. Бұл сабақта нені үйренуіміз керек?










Жұптарға бөлу

(1 минут)



Сандар бойынша оқушыларды жұптарға бөлу




Сабақтың ортасы (25 минут)


1. Сабақтың табыс критерийлерін оқушыларға тарату, сабақ басындағы өз білім деңгейлерін бағалайды

(1 минут)




6 5 4 3 2 1



«Рефлексивті нысана» әдісі: оқушылар критерийлерге сәйкес сабақ басындағы өз білім деңгейлерін белгілейді




6 5 4 3 2 1

1 2 3 4 5 6

Дененің s-тің t-ға тәуелділігік графигін салу


Берілген график бойынша дененің тұрақты жылдамдықпен қозғалысын анықтау

Берілген график бойынша дененің тыныштық күйін анықтау



«Рефлексивті нысана» бейнеленген кеспе қағаздар

2. Берілген график бойынша тапсырмаларды «жұппен» орындау

(15 минут)



Суретте бірқалыпты қозғалған автобустың қозғалыс графигі көрсетілген. Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріп, көліктің қозғалысын сипаттаңдар:

А) Автобус қанша уақыт координата осі бағытында қозғалды?

В) Қанша уақыт тоқтап тұрды?

С) Ол қанша уақыт координата осі бағытына қарсы бағытта қозғалды?

Д) Оның аялдамаға келгенде координатасы қандай болды?

Х (м)


t (мин)



Қозғалыс графигі салынған А4 парақ қағаздар




«Ротация» әдісі бойынша жұптар жұмыстарымен алмасып толықтырады, ескертулер жазады, қателерін түзетеді, ауызша сипаттама береді.




Жекелей жұмыс: мәтін бойынша қозғалыс графигін салу

Әр оқушыға мәтін беріледі . Мәтіндегі жағдайды координаттар осіне көрсету: «Ардақ үйінен шығып 400 метрде орналасқан досының үйіне 10 минутта жетеді. Досы дайын болмаған соң оны 5 минут күтеді. Досы үйінен шыққаннан кейін екеуі бірге мектепке дейінгі 300 метр жолды 15 минут жүреді.»
А деңгейлі тапсырма: Ардақтың қозғалыс

графигін салыңдар.





Критерий

Дескрипторлар

Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділігік графигін тұрғызады

1.Координаттар остерін сызады, осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерін белгілейді

2.Берілген сандарды координаттар жазықтығында белгілейді

3.Нүктелерді қосып графикті тұрғызады




Кеспе қағаздар




В деңгейлі тапсырма: Тыныштық күйдегі және қозғалыстағы бөліктерін белгілеп көрсетіңдер

Критерий

Дескрипторлар

Графикті қолданып дененің тыныштық күйдегі, тұрақты жылдамдықпен қозғалған бөлігін анықтайды

1.Координаттар остерін сызады, осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерін белгілейді

2.Берілген сандарды координаттар жазықтығында белгілейді

3.Нүктелерді қосып графикті тұрғызады

4. Графикте дененің тыныштық күйі мен қозғалыс бөлігін белгілейді









С деңгейлі тапсырма:Ардақтың жүрген жолы мен орын ауыстыруын табыңдар.

Критерий

Дескрипторлар

Графикті пайдаланып дененің орын ауыстыруы мен жүрген жолын табады

1.Координаттар остерін сызады, осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерін белгілейді

2.Берілген сандарды координаттар жазықтығында белгілейді

3.Нүктелерді қосып графикті тұрғызады

4.График бойынша орын ауыстыруын, жолын табады












Сабақтын соны

«Рефлексивті нысана» парағына сабақ соңындағы

3 табыс критерий бойынша өз деңгейлерін белгілейді. Сабақтағы іс-әрекетіне, біліміне талдау жасайды.







Рефлексия

«Дебрифинг» сабақты қорыту мақсатындағы кері байланыс: мұғалім оқушылардан ен ұнағаны және ұнамағын сұрайды, сабақ бойынша оқушылар ұсыныстарын жинайды, игерген білімді әрі қарай тереңдетуге бағыттайды.




Саралау

Бағалау

Денсаулық сақтау

Әр тапсырманы орындау барысында оқушыларға дұрыс жауабын көрсету

Жекелей жұмыста жоғары деңгейлі оқушылар үшін қосымша тапсырма беру



«Қатені тап»

«Рефлексивті нысана»- стратегиялар арқылы өз-өздерін бағалайды

«Дебрифинг» - сабақты бағалайды


Екіжартышарлы әдіс – оқушылардың зейінін шоғырландыру

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет