Сабақтың тақырыбы: Ә. Табылды. Дақылдар әні Сабақтың мақсаты



Дата22.01.2018
өлшемі60.66 Kb.
түріСабақ

Күні:09.10.2017

Пәні:әдебиеттік оқу

Сыныбы: 3 «Ә»

Сабақтың тақырыбы:

Ә. Табылды. Дақылдар әні

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға дәнді дақылдар туралы түсінік бере отырып, өлең мазмұнын ашу, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, қазақтың белгілі балалар жазушысы Ә. Табылды өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру.
2. Өз беттерінше жұмыс жасауға бағыт - бағдар бере отырып, талдау және жинақтау, өз ойларын ашық әрі жүйелі айта білу машықтарын дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
3. Өлең мазмұны арқылы оқушыларды білім алуға шақыру, қызығушылығын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;


Міндеттері:

  1. Өлеңді талдап, күнделікті өмірмен байланыстыра оқушының таным көкжиегін кеңейту.

  2. Іскерлік пен шығармашылық дағдыларын дамытуға жағдай туғызу.

  3. Үнемшілдікке уақытты, заттарды, еңбекті бағалай білуге үйрету, сыни көзқарасын дамытуға белсендіру.

Оқытудың нәтижелері:

Өлеңді түсініп оқиды, талдайды, идеялық маңызын ашады

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас

Пән аралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу

Әдістері:

дамыта оқыту, ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау

сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, жинақтау, топпен
жұмыс, мәнерлеп оқыту, қызығушылығын ояту

Негізгі дерек көздері

интербелсенді тақта




Сабақтың барысы:Үй тапсырмасын сұрау

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекіліктер


Үй тапсырмасын бекіту:



Сұрақтар:
1. Анна апайдың бақшасы кімнің әңгімесі

2. Күздігүні ауа райы қалай суреттелген?



3. Балалардың іс – әрекеті туралы айт.


4. Жеңісті аурудан айықтырған кім?
5. Жеңіс неге ұялды және қандай шешім қабылдады?

1. Оралхан Бөкейхан кім?
2. Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің?


3. Жеміс – жидектерді қалай жеу керек екен?
4. Анна апай балалардың ұрлығын сезіп қойса, Жеңісті емдер ме еді?


5. «Ұрлық түбі – қорлық» дегенді қалай түсінесің? Мәтін мазмұны сұрақ - жауап әдісі бойынша қорытындыланады.



? (Оралхан Бөкей)
(Аспан шайдай ашық. Ағаш жапырақтары сарғайған. Ұшқан тырналардың дауысы естіледі)






Түсіну

Автормен, тақырыбымен таныстыру

Автор туралы түсінік. Әдібай Табылды - белгілі педагог, ақын, жазушы, ғалым, Қазақтың мемлекеттік Әл - Фараби атындағы Ұлттық университетінің профессоры. Әдібай Табылды 1926 жылы 2 - қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында дүниеге келген.
Балаларға арналған «Бөбекке сөз» (1959) атты жинағынан бастап көп - теген өлеңдер мен қысқа әңгімелер, скетчтер, эпиграммалар жинақтары жарық көрді. «Алыптардың алабы», «Бәрекелді», «Кірпі», « Ғажайып бақ» сияқты ертегі - пьесалары республикалық қуыршақ театрында қойылды. 2001 жылы «Қазақ этнопедагогикасы» атты оқулығы үшін Ыбырай Алтынсарин атындағы республикалық сыйлықты иеленді. Періште жүрек ақынның тәп - тәтті өлеңдері о бастағы табиғилығынан айныған емес. Оған «Қайырлы таң, балалар!» атты жыр жинағындағы өздеріңе ұсынылып отырған өлеңдері куә.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Өлеңдегі дақылдардың сөздеріне мән беріп,іштей оқуды тапсыру. Бидайдың екі түрі болады

а) Күздік және жаздық түрі болады.

Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі.

Арпа – Қазақстанның Солтүстігінде және Шығысында өседі.

Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.

Сұлы – Солтүстік Қазақстанда және Оңтүстік құрғақ климаты қажет етеді. Суы мол жақсы жерде өседі.

Күріш – Іле, Шу, Сырдария өзенінің бойында өседі.

«Жұптасып ойлан» әдісі, өз сөздерімен түсіндіру.


Өлеңді оқып бір-біріне түсіндіру. Әр топ өлеңді қара сөзбен айтып беру.



Интербелсенді тақта

Қолдану

Әр топқа сұрақтар.

  1. топ «Бидайдың қауызы» деген не?

  2. топ Арпа оскен жерде бидай осуі мүмкін бе ?

  3. топ Тарыны қандай күйде жеуге болады?

  4. топ Сұлылар диқанға не үшін алғыс айтып тұр.,

Кестені толтыру:
Бұрын білгенмін ----------Бүгін білдім ------------Білгім келеді

Ақылдасып жауап береді

Кестені толтырады









Талдау

1.Ең қадірлі тағам түрі туралы қай шумақта айтылған ?

2.Елдің ырыс — құтын арттыратын өлең жолдары қай шумақта айтылған.

3.Әсіресе жылқы малы жақсы көретін дақыл туралы қай шумақта айтылған?

4.Осы дақылдардың ішінде суды өте керек ететін дақыл туралы қай шумақта айтылған?



Бидай өлең жолын мәнерлеп оқыту.

Арпа туралы мәнерлеп оқыту.

Сұлы туралы өлеңді мәнерлеп оқыту.

Күріш туралы оқыту.






Жинақтау

«Ас атасы - нан» тақырыбына мына тірек сызбалар арқылы шығарма жаз:
- Дақылдардың пайдасы туралы не білдің?

Егер менің дәлелім дұрыс болса,қол соғыңдар,ал теріс болса,аяқтарыңмен еденді ұрыңдар.

1. Күріш күнді,суды сүйетін өсімдік.

2.Бидай — Оңтүстік Қазақстанда Алматы, Тараз қалаларында өседі, бидайдан ұн алады.

3.Дақылдардың адамға пайдасы зор.

4. Тары – Батыс Қазақстанда Ақтөбе қаласында өседі.



Бес жолды өлең құрау тапсырылады
1. Кім? Не?
2. Қандай?
3. Не істейді?
4. Сөйлем



Ас атасы нан, күлім қаққан адамдар, күз – қауырт жұмыстың көзі.






Бағалау


мадақтау





түрлі түсті қағаз

Үйге тапсырма ( 2 мин )

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  • Үйдегі дақылдар туралы мақал-мәтелдер жұмбақтар жазады;

  • Ұнатқан өлең шумағын жаттау




Күнделікке жазады

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет