Сабақтың тақырыбың: Дауыссыз н мен ң Сабақтың мақсаты



Дата03.07.2017
өлшемі58.34 Kb.
түріСабақ
Шайхина Кулшара

Тлекбергенқызы

Алматы қаласы.

Алатау ауданы

№152 мектеп-гимназия

Бастауыш сынып қазақ тілі пәні мұғалімі



Сыныбы: 2-сынып

Сабақтың тақырыбың: Дауыссыз н мен ң

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы алған білімдерін пысықтау, ң дыбысының сөз басында келмейтінін түсіндіру.Дыбыстық талдау жасату арқылы оқушы білімін арттыру.

Дамытушылық: Сауатты жазуға баулу, жаңа сөздер арқылы ой-өрісін, тілін дамыту,сұрақтарға толық жауап беруге үйрету.Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

Тәрбиелік :Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттер қалыптастыру, өсімдікке деген сезімдік қатынасын тәрбиелеуге ,сол арқылы әсем табиғатты сақтау , қорғау мәдениетін қалыптастыруға , қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Жердің көркі гүлдің қазақша атауларын, гүлдің пайдасын білуге, оны көбейтіп, елімізді көркейтуге ат салысуға тәрбиелу.

Жүйелі-әрекеттік нәтиже:Есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.



Сабақтың түрі :Жаңа сабақты игерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, ой толғау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, бүгінгі тақырыбымыздың мазмұнын ашатын «Нәркес» және «Лаңса» гүлдерінің суреттері.Бағалау кезінде және жаңа сабақта Гөзел Құлжабаеваның «Өсімдіктер әлемі»оқу –әдістемелік кешені« Әліппе- гүлдер әлемі » атты оқу әдістемелік құралынан әр әріпке арналған гүлдердің суреттері қазақша атауларымен жеке-жеке кішкентай парақшаларға көшіріліп, бағалау кезінде оқушыларға таратылып беріледі. «ГҮЛСТАН» ЖШС, 2010 ж .



Cабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру.

-Балалар, бүгінгі көңіл- күйлерің қандай?

Қанекей ,мына смайлик секілді күлейікші. Тамаша!

Ендеше, балалар, қазір қай мезгіл? Балалар жауабы.

-Күз мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

Балалар жауабы.

Жапырақтар түседі.

Олай болса, біз бүгін «Жапырақ теру» ойынын ойнаймыз.

2.Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы ауызша сұралады.



3. Үй тапсырмасын бекіту.

«Жапырақ теру» ойыны.

Тақтада ағаштың суреті ілінеді,астыңғы жағында жапырақтар шашылып жатады.Әр бала жапырақтың артына жасырылған әріптер туралы айтады және сол әріптерге ауызша дыбыстық талдау жасайды.

-Балалар , біз бүгінгі сабағымызда өзіміз жақсы көретін гүлдер тереміз. Түрлі гүлдердің суреттерін көрсету. Әр баланың жауабына өзі қалаған гүлдерін беріп отырамын.



4. Жаңа сабақ.

Электрондық оқулықты қосамын.

Балалар жұмбақтың шешуін табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.

1.Нанда бар,

Аң да жоқ.

Ұнда бар,

Мұңда жоқ. ( Н )

2.Шаңда бар,

Шамда жоқ.

Аңда бар,

Малда жоқ. ( Ң )

-Олай болса,бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы « Дауыссыз н мен ң дыбыстары»

Тақтада Н н, Ң ң әріптерінің баспаша және жазбаша нұсқалары көрсетіледі .

Дәптермен жұмыс

Дәптерге тақтада көрсетілген әріптер мен Нан, Нәркес ( Нарцисс),Нарғызгүл ( Георгин), Лаңса, , Шәңгіш( Калина ) сөздері беріледі. Осы сөздерді қатесіз дәптерге көркем жазып көшіру тапсырылады.

-Енді балалар н, ң дыбыстары кездесетін бірнеше сөздер ойлаңдар.

Оқушылар келтірген мысалдардан н, ң дыбыстары сөздің басында , ортасында келетіндігі анықталады. Кейбір оқушылар сөздерді буынға дұрыс бөле алмауы мүмкін. Осыған байланысты оқулықтағы «Есте сақта» белгісімен берілген ережемен таныстыру. Ң дыбысы екі дауысты дыбыстың ортасында келген жағдайда сөздерді буынға бөлген кезде ң дыбысы келесі буынның басында келетіні түсіндіріледі. Түсінікті болу үшін бірнеше сөзді тақтаға, оқушылардың

дәптерлеріне тасымалдатып жазғызамын.

Мысалы: Қо-ңыз, қа-ңылтыр, жа-ңа, қаң- бақ, Та-ңатар.



Шығармашылық тапсырма: тірек сөздерді пайдаланып,«Нанды қадірлейік» тақырыбына өлең немесе шағын шығарма жазу.

Тірек сөздер: нан еңбекпен табылады,егін өсіп шығады, жаз бойы күтіп, баптайды, ұн дайындайды, нан- адамның өмірі,тіршілік қуаты.

Жазылған жұмыстар ауызша тыңдалып, балалар еңбегі өзі қалаған гүлдермен бағаланады. Ерекше жазылған жұмыстар мақталып, марапатталады

Оқулықпен жұмыс:

58-беттегі 1-жаттығуды берілгені бойынша орындаймыз.

2- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, н,ң әріптерінің астын сыз. Сөздердің мағыналарын түсіндір.

Сергіту сәті.

Ал енді біз тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Апа, ата, ағалап

Тағы,тағы ұрамыз.

Алақанды ашамыз,

Ашамыз да қосамыз.

Қосамыз да ашамыз,

Күн көзіне тосамыз.

Интербелсенді тақтадан гүлдің суреті көрсетіледі.

-Кім біледі, бұл қай гүл? Аты қалай аталады?

1.Тақтадан « НӘРКЕС» гүлінің аты жазылып, бір шумақ өлең жолымен суреті көрсетіледі.

Өлең мәнерлеп оқылады.

Наурыз бірге құлпырады қырларда,

Нәзіктіктің жаршысындай Нәркесгүл.

Нақ сұлулық сипатына сын бар ма?

Нәркесгүлден нәр аласың көрсең бір. (Өлең оқылып, гүлдің түрін ,түсін ,гүлдің атауын есте сақтау ескертіледі.)

Сары түс- көбінесе « сағыныш, күздің белгісі ,кейде алтынның, байлықтың, күннің белгісі » деп жатады. Көктемде ең алғаш сары түсті және көгілдір түсті гүлдер көктейді екен. Сары, көк, көгілдір түстер қатар тұрса бір-бірінің өңін ашып, үйлесім табады.

Сары түсті гүлге алтыншар, күнбағыс, өгейшөп т.б гүлдер жатады.

2. –Кім біледі , бұл қай гүл? Аты қалай аталады?

Тақтадан екінші «ЛАҢСА » гүлінің суреті көрсетіледі.

Ләйлә бірде гүл теруді аңсады,

Лаура екеуі көрді бірде Лаңсаны.

Лаңсадан қанап Лаураның бір саусағы,

Лаура тікен тазалаудан шаршады.

Өлеңді мәнерлеп оқытып, Лаңса гүлінің түрі мен түсімен, пайдасы мен зияны туралы,қайда өсетіні туралы мағлұмат беру.

Көк, күлгін, көгілдір, сиякөк түстер«Суық түс» деп саналады. Егер осы түстерден гүлзар жасасаңыз , алдыңғы беттерін сары, ақ түсті гүл егіп , гүлзарды жылы түске бояуға болады.

Лаңса гүлімен түстес гүлдерге қоңыраугүл, лавандула, жүрекшегүл,тегеурінгүл, флокс, қашқаргүл т.б гүлдерді жатқызуға болады.

Психологтардың айтуынша түс адамның көңіл- күйіне қатты әсер етеді.Сары түсті гүлдер жаңбырлы күннің өзінде адам жанына шуақты күн силағандай әсер етеді екен. Көбіне бұл гүлдерді есіктің , терезенің алдына, демалатын орындарда еккен дұрыс.

Әрқайсымыз есігіміздің,тереземіздің алдына өзіміз ұнатқан гүлдерді егіп, оны күтіп ,баптап қорғауға дағдылансақ таза ауа, әсемдік пен әдемілік қашанда біздің жанымыздан табылмақ.

Сонда ғана біз сұлулықты сүйіп, тіршілік атаулының қадір, қасиетін түсінетін тәрбиелі адам болып өсеріміз сөзсіз.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Бүгінгі сабағымызда н және ң үнді дауыссыз дыбысымен кеңінен таныстық . Нанның қадір –қасиеті туралы ой толғадыңдар . Нәркес және Лаңса гүлдерімен таныса отырып, танымдық қызығушылығымыз артты, әсемдікті сезіну мүмкіндігі оянды. Табиғатқа деген құндылық қатынасты қалыптастырдық .Көркем ,сауатты, жылдам жазуға бейімделіп, есте сақтау қабілетімізді арттырдық.



6. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Н және ң дыбыстары қандай дауыссыз дыбыстар?

-ң әрпі екі дауысты дыбыстың ортасында келсе қалай тасымалдаймыз?

-Н және ң әріптері кездесетін қандай гүлдердің атауымен таныстық?

Олай болса, еліміздің көктеп,көркейуіне білімді,саналы азаматтар мен азаматшалар атынан бір кісідей атсалысамыз деп сенім білдірейік!

7. Бағалау

Сабақ барысында жиналған гүл шоқтары мен үй жұмысын қайталауға байланысты жиналған жапырақтармен оқушылар білімін бағалау.



8.Үйге тапсырма.

59-бет. 4-жаттығу .Оқулықта берілген суреттегі заттардың атын жаз. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрау. 5- жаттығу. Өлеңнен н мен ң әріптері кездесетін сөздерді тауып, мағынасын түсіндір.



dsc06902.jpg

dsc06880.jpg

dsc06880.jpg

dsc06880.jpg

dsc06898.jpgdsc06903.jpgdsc06896.jpgdsc06906.jpg
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет