Сабақтың тақырыбы Бұрынғы өткен шақ. Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен шақ туралы түсінік беру, оның жасалу жолдарын меңгерту



Дата26.10.2018
өлшемі50.62 Kb.
түріСабақ
Облысы Ақтөбе

Қаласы Ақтөбе

Мектебі № 34 орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні Туребаева Гулмира Куспановна

Пәні Қазақ тілі

Класы 7

Сабақтың тақырыбы Бұрынғы өткен шақ.

Сабақтың мақсаты: Бұрынғы өткен шақ туралы түсінік беру, оның жасалу жолдарын меңгерту.

Сабақтың міндеттері: 1. Оқушылардың шақ туралы білімдерін кеңейте отырып, бұрынғы өткен

шақпен таныстыру және оның жасалу жолдарын меңгерту;

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілін

жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;

3. Отанын, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі аралас

Сабақтың түрі дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау, жаттығу, кластер әдістері

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сызба, кесте.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Класс оқушыларын түгелдеу.

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

4. Поэзия минуты «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады.

Бейнефильм арқылы тәуелсіздікке жету жолындағы қиыншылықтар мен жетістіктері

тамашаланады

5. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойымен байланыстыру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Дәптерге күннің жады мен тақырыпты жаздыру.

  2. Бейнефильмдегі сөйлемдерді оқып, етістіктің шақтарын анықтау.

  3. Эссе «Тәуелсіздік елдің патриотымын»

  4. Өткен материалдарды қайталау (Кластер әдісі)




Шақ

(іс-әрекеттің өту кезеңі)




ІІІ. Жаңа материалды хабарлау.

  1. Мұғалім түсіндіруі


Өткен шақтың білдіретін мағынасы:

Іс-әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен біраз

бұрын болғанын білдіреді.
Мысалы:

Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған. ( «Тарланым» өлеңі, Махамбет)

Ол рас, аталарың шенге алыпты,

Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.

Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,

Оқа, түйме, сылдырмақ, теңге алыпты! («Бір адамға», С.Торайғыров)


Ұзын өріс қысқарып,

Кең қонысың тарылды.

Сөзіңнен кетіп пәтуа,

Құт-берекең арылды.

Ағайын араз болған соң,

Ел екіге жарылды. ( «Аягөз, қайда барасың?», Дулат Бабатайұлы)




Ереже

Қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен әлдеқайда бұрын болғанын білдіреді.



Жасалуы:

  1. -п, -ып, -іп көсемше тұлғалы етістіктің

жіктеліп келуі арқылы: жаса-п-пын

бар-ып-сың

кел-іп-ті


  1. -ған, -ген, -қан, -кен есімше тұлғалы етістіктің жіктеліп келуі арқылы:

жаса-ған-мын

бар-ған-сың

кел-ген.



Жіктелуі



Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ
ІІІ



айтыппын, келіппін

айтыпсың, келіпсің

айтыпсыз,келіпсіз

айтыпты, келіпті



айтыппыз, келіппіз

айтыпсыңдар, келіпсіңдер

айтыпсыздар, келіпсіздер

айтыпты, келіпті



І

ІІ
ІІІ



айтқанмын, келгенмін

айтқансың, келгенсің

айтқансыз, келгенсіз

айтқан - , келген -



айтқанбыз, келгенбіз

айтқансыңдар, келгенсіңдер

айтқансыздар, келгенсіздер

айтқан - , - келген -





  1. Оқулықпен жұмыс.

133-жаттығу. Оқып шығып, бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктерді тауып, олар қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңдер. Етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, қайта жазып шығыңдар.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен.

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын бақ жұлдызына көзі жеткен.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір басы үшін жалданбаған.

«Қайткенде Алаш көркейер?» деген ойдан,

Басқа ойды өміріне малданбаған.
Бұрынғы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктер:

Кейін кеткен, қызмет еткен, көзі жеткен, алданбаған, жалданбаған, малданбаған.

Кейін кетіпті, қызмет етіпті, көзі жетіпті, алданбапты, жалданбапты, малданбапты.
135-жаттығу. Жазбаша орындаймыз. –ған, -ген, -қан, -кен формалы бұрынғы өткен шақ

етістіктерін теріп жазыңдар, оларды жедел өткен шақпен салыстырыңдар.

Күз келді. Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан. Шыңғыстың Қыдыр, Қызылшоқы, Бөрлі сияқты тауларының адыр-қатпарлары ауыл-ауылға толған. Жұрт үлкен үйлерді қоймаларға тастап, енді қоңырқай кішілеу үйлер көтеріскен. Жаз жайлайтын аттардың да бұл кездерде еттері ояздап болған. Енді қыс суығына шейін қоң жиып алсын деп, оларды біржола жіберген.

Құлыншақ аулы он шақты үй. Бүгін осында Құнанбай жағынан келетін бір келісті ерекше аңдып күткендей. Ауыл желкесіндегі тақыр қызыл кезеңге төрт атты қатты желіп шыққанда, Құлыншақ төбе басында «бес қасқа» деген балаларының ортасында отырған.

(М.Әуезов)

Беттеп келе жатқан, толған, көтеріскен, ояздап болған, жіберген, отырған.

Беттеп келе жатты, толды, көтерісті, ояздап болды, жіберді, отырды.


  1. Тапсырма

Қазақтың тұңғыш президенті

     Президент дегенде адам баласының ойында «бай, текті отбасыдан шыққан» деген ой туындайды. Ал, қазақ елінің президенті 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында қарапайым Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген.


     1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды  металлургия комбинатына қарасты жоғары  оқу орнын, 1967 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін  бітірген.
         Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау  қаласындағы Қарағанды металлургия  комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастады.


  1. Президент сөзіне фонетикалық талдау жаса. Сөйлемдердегі етістіктерді тап.

  2. Ерекшеленіп берілген сөздерді тұлғасына қарай талда.

  3. Сөйлемдегі сөздердің қай сөз табы екенін анықта.


ІҮ. Жаңа материалды бекіту.

«Т кестесі» әдісі.

  1. Өткен шақтың үш түрі бар. (иә)

  2. Келер шақ –ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары арқылы жасалады. (жоқ)

  3. Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен біраз бұрын болғанын білдіреді. (иә)

  4. Жедел өткен шақ –ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы жасалады. (иә)

  5. Айтқанмын, айтыппын. Жіктік жалғауының ІІІ жағында жіктелген. (жоқ)

Иә Жоқ



Ү. Үй тапсырмасын беру.

Ережені жаттау, 134- жаттығу жұмыстары. Әлихан Бөкейхан туралы ізденіс



ҮІ. Бағалау. «Алма ағашы» арқылы сабаққа белсене қатысқанына байланысты оқушыларды бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет