Сабақтың тақырыбы: Біздің елтаңба. (Оразақын Асқар)



Дата30.11.2017
өлшемі41.99 Kb.
түріСабақ


Жумагазина Мейрамгул Канатовна
Ақтөбе облысы, Байганин ауданы,

Жаңатаң орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:Біздің елтаңба. (Оразақын Асқар)

Сабақтың мақсты:Оқушылардың буын туралы түсініктерін тереңдету.Сөздерді буынға,

бөлуге,буындардан сөз құрауға дағдыландыру.Өлең авторы туралы

мағұлматтар беру.Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуға мүмкіндік туғызу.

Оқушылардың сөздік қорын,сөйлеу тілін дамыту.

Отансүйгіштікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Ел рәмздері,суреттер,сызбалар.

Сабақтың әдіс тәсілдері:түсіндіру,ойын,көрнекілік,сұрақ жауап.

Сабақ барысы.

І Ұйымдастыру.Психологиялық дайындық

Мынау менің жүрегім Мынау менің оң қолым

Бәрі осыдан басталған. Мынау менің сол қолым

Мынау басым ақылды, Барлық істі атқарған.

Бәрін осы басқарған

Үй тапсырмасын тексеру.

Ата насихаты әңгімелеу 77-жаттығу дәптердегі жазба жұмыстарын тексеру.

Өткен тақырыпты қортындылау.

Дауысты дыбыстар қандай топтарға бөлінеді?

Жуан дауысты дыбыстарды ата.

Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.

Жұп дауысты дыбыстарды ата.

Оқушыларға жекелеген суреттер тарату.сол суреттегі сөздерді буынға бөлу.

Сөз буынға қалай бөлінеді екен? Ережені еске түсіру.

Негізгі бөлім. Қызығушылықтарын ояту.

Бір күні Сөз әлеміндегі патшалықта даулы оқиға болыпты.Патшалықтағы буындар рарасында реніш туыпты.Олар өз патшайымына келіп дауды шешпек болады. Шы және қу

деген буындар о буынының жалғыз тұрып, буын деген атқа ие болғанына ызаланады.Оны құртуды патшайымнан сұрайды.Оларға патшайым О дауысты дыбыс бол

ғандықтан жалғыз тұрып та буын құрай алады. О буыны болмаса сендер ең қажет сезімді құрай алмайсыңдар ғой.Сонда маған қалайша қызмет істейсіңдер дейді де бір бірімен достасуға шақырады, патшайым буындарды тұрғызып бір сөз құратады.Ол қандай сөз екен,балалар қане кім құрайды.

О қу шы


Міне,біздерде деосындай түсінбеушілік тумау үшін буын туралы білімімізді одан әрі дамытамыз.

Мағынаны тану. «Біздің елтаңба» өлеңі

Авторы:Орзақын Асқар.1935 жылы туылған.

Балалар жазушысы.Бұл күнде көзі тірі.

1.Күйіспе әңгіме.Елтаңба-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бірі.Елтаңба мемлекеттік құжаттарға қойылады.

Елтаңбаның авторлары-Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.

Қазақстанның Елтаңбасы дөңгелек пішінді және Тудың түсіндей көгілдір.Оның ортасында күн сәулесі шашып тұрғандай жерде шаңырақтың суреті бейнеленген.Ежелгі бабаларымыз нышан ретінде шаңырақты құрметтеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған.

Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған.Олардың екі

жағынан орналасуы өз елін қорғау мен берілгендікті білдіреді.Бидай сабактары тоқшылықты,молшылықты білдіреді.Мемлекеттік елтаңба бейнесінің тағы бір бөлігі,бес

бұрышты жұлдыз.Жұлдыз-бейбітшілік,достық пен мәңгіліктің белгісі.Жұлдыз күн мен ай сияқты қазақтарда киелі деп есептеледі.

Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.

Сөздікпен жұмыс.

Пырақ –ертеіледе кездесетін қанатты тұлпар.

Аңыз –халық қиялынан туған оқиға

Ая –ауқым,кең.

ауқым,кең.

3.Өлеңді мәнерлеп оқу.

c:\users\администратор\desktop\14022013.jpg

4.Өлең мазмұны бойынша с ұрақтар мен тапсырмалар.

-Балалар, өлең не туралы

-Ақын елтаңбадағы қандай бейнелерді суреттеген?

-Ол бейнелерді ақын неге теңеген?

-Халық,пырақ,аңыз,шаңырақ сөздерін буынға бөл.

Дәптермен жұмыс. Күннің жады.

80-жаттығу. «Күннің көзін сүйемін»Ендеше балалар күннің бетін бұлт торлапты. Сол бұлттағы тапсырмалды орындасақ,күннің көзін ашамыз.



c:\users\администратор\desktop\14022013001.jpg

Жаттығудың берілгенін оқу

Ші, ла буындарын жалғап,сөз жасау. Сол сөздерді буынға бөлу.

Ән ші, ба ла,кезек ші, қа ла, да ла, су рет ші.

Өзімізді сергіту үшін мына бір өлең жолдарын айта қояйық.

Әрқашан күн сөнбесін

Аспаннан бұлт төнбесін

Қасымда болсын анам

Болайын менде аман.

Енді жұмыс дәптерімізді ашайық. Тапсырма гүл күлтелеріне буындар қосып сөз құру. c:\users\администратор\desktop\14022013005.jpg c:\users\администратор\desktop\14022013006.jpg c:\users\администратор\desktop\14022013004.jpg c:\users\администратор\desktop\14022013002.jpg

«Кім жылдам»ойыны. Екі қатар оқушылары қай қатар көп сөз ойлар екен.

Тапсырма. Өз бетінше жұмыс.Буынға бөлінбейтін бір буынды сөздер жазу

Қорытындылау.

Бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Елтаңба өлеңнің авторы кім?

Елтаңбаның авторлары кім?

Сәйкестендіру тесті

Бал лам


Дәп ға

Қа тер


Ша на

Ки но


Сыр ла

Су ға


Көру диктанты Суреттерді еске сақтап дәптерге жазу


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет