Сабақтың тақырыбы. Біздің ауыл. Сабақтың мақсаты



Дата21.12.2017
өлшемі36.41 Kb.
түріСабақ
Қазақ тілі 2-сынып.(ашық сабақ)

Сабақтың тақырыбы. Біздің ауыл.
Сабақтың мақсаты:

а) Оқушыларға жаңа сөздерді меңгерту және туған жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

ә ) Есте сақтау, оқу, жазу, ойлау, тыңдап қайталау қабілеттерін дамыту.

б ) Не? Қандай? Неше? сұрақтарына жауап беруді үйрету.
Оқыту әдістері: сұрақ – жауап, аударма, жаттығу,түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: аралас

Сабақтың көрнекілігі:оқулықтағы суреттер, үй жануарларының суреті бар плакат.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушылармен сәлемдесу.

- Саламатсыздар ма балалар? Отырыңдар.
II.Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасы 5- тапсырма жазба жұмысы тексеріледі.

-Ал,өткен тақырыбымызға қысқаша тоқтала кетейік.

-Кім үй жануарларын атайды?

-Үй жануарларының төлдерін ата?

-Үй жануарларының қайсысын жақсы көресің?

Жаңа сабақты бастамас бұрын

-Бүгінгі күннің жатысы?

-Аптаның қай күні?

-Жылдың қай мезгілі?
III.Жаңа сабақ.

  1. Сөздікпен жұмыс.

Білесің –знаешь

Білесің бе? – знаешьли?

Болдың ба? – былли?

2).2- тапсырма.Оқулықтағы сурет бойынша сөз тіркестерін құрап айту.

Не? Сиыр.Қандай сиыр? Қоңыр сиыр.Неше сиыр? Екі сиыр.

Не? Қой.Қандай қой? Көк қой.Неше қой? Екі қой.

Не? Ит.Қандай ит? Қара ит.Неше ит? Екі ит.

Не? Мысық.Қандай мысық?Сары мысық.Неше мысық? Екі мысық.

Бұл –ауыл.Мынау –мал қора.Қорада екі қоңыр сиыр,екі көк қой бар.Екі қара ит пен екі

сары мысық бар.Бұлар –үй жануарлары.

3)Диалогты оқушыларға жұптастырып оқыту.

- Саян, мынау не?

- Бұлар - үй жануарлары.

- Сен қандай үй жануарларын білесің?

- Жылқы, сиыр, қой, ит, мысық.

- Саян, сен ауылда болдың ба?

- Иә, болдым.

4) Дәптермен жұмыс.

Не? Сиыр. Қандай сиыр? Қара сиыр.Неше сиыр? Екі сиыр.

Не? Жылқы. Қандай Жылқы.Үлкен жылқы.Неше жылқы? Үш жылқы.

5) Тақтаға «Үй жануарлары» плакаты ілінеді.

Ал, төлдерінің суреттері жапсырмалы.Мұғалім оқушыларға жапсырмалы суреттерді

таратады.Оқушылар төлдерінің суреттерін енелерінің қасына апарып дұрыс

жапсырулары керек.Дұрыс тапқан оқушыларға «мақтау» сөздер айтылады.
IV.Сергіту сәті.

Мұғалім іс – қимылмен бастайды, оқушылар қайталайды.
6) Тақтада ілулі тұрған «Үй жануарлары» плакатындағы төлдердің суретін оқушыларға білдірмей орындарын ауыстырып қойылады.

Сұрақ? Адасқан төлдерді өз енелеріне қосу.Қол көтерген оқушылар тақтаға шығарылады.

Сиыр / бұзау, қой / қозы, жылқы / құлын, түйе / бота
V.Жаңа сабақты бекіту.

7) «Сұхбат беру» ойынымен жаңа сабақты бекіту.

- Ауылға қыдырып барған оқушыдан сұхбат алу.

- Ауылда болдың ба?

- Үй жануарларын көрдің бе?

-Қандай үй жануарларын көрдің?

-Нешеу?

- Көрген кезде қорықтың ба?

- Ұнаған үй жануарлары?

- Ауыл ұнады ма?

- Сұхбат бергеніңе рахмет.

«Сұхбат беру» ойынына қатысқан оқушыға «мақтау» айтылып,бағаланады.

8) Венн диаграммасы.


балабақша

мектеп

кітапхана

үй

дүкен

стадион



ауыл

қала


Қала мен ауылдың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көрсетілген диаграмма

арқылы оқушыларға түсіндіре отырып,жаңа сабақты қорытындылау.

VI.Үйге тапсырма беру.

7) 5-тапсырма 47-бет.Сызба бойынша үй жануарларын жазу.
VII.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 04b3
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет