Сабақтың тақырыбы: Қазақтан Республикасының биіктік белдеуі және антропогендік кешендер Қазақстанның географиясын қайталау



Дата22.01.2018
өлшемі67.47 Kb.
#54837
түріСабақ
Күні: 09.02.2016

Сынып: 8 «Б» «А» «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Қазақтан Республикасының биіктік белдеуі және антропогендік кешендер» Қазақстанның географиясын қайталау

Сабақтың мақсаты:

- білімділік: Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру.

- дамытушылық: Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын қалыптастыруды одан әрі жалғастыру.

- тәрбиелік: Отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиетін арттыру, географиялық мәдениетке тарту.



Сабақ түрі: қайталау

Оқыту әдістері: сұрақ - жауап, салыстыру, жинақтау, анықтау

Көрнекілігі: электронды оқулық, презентация, видеороликтер, Қазақстанның зоналар бойынша картасы, буклеттер.

Пәнаралық байланыс: биология, өлкетану, жаратылыстану.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың биіктік белдеу зоналарын айыра алуы, картадан табиғат зоналарының шекарасын нақты анықтай білуі, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау.

Сабақтың жоспары:

І кезең – ұйымдастыру;

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру;

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту;

ІV кезең – үй тапсырманы беру;

V кезең – бағалау кезеңі;

VІ кезең – қорытынды.
Сабақ барысы:


Кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

І

Оқушылармен амандасып, сабақта кім бар - жоғын анықтайды. Сабаққа дайындығын тексереді.

Мұғаліммен орындары-нан  тұрып амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді.

ІІ

Оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексердім. Бүгінгі сабақтағы мақсатым сыныптың ішінен келесі сабақта болатын «Миллионер» ойынына 3 баланы іріктеп алу.

Ол үшін тартыс 3 кезеңнен тұрады:



  1. Жабық тест тапсырмалары (сұрақтың үшінен 8 дұрыс жауап берген оқушы екінші кезеңге өтеді)

  2. Видеосұрақтарға жауап беру.

  3. «Ғасыр құпиясы»

Жабық тест тапсырмалары:

  1. Қазақстанның аласа таулы өлкелерін ата.

  2. Қазақстанның биік таулы өлкелерін ата.

  3. Қазақстанның көмір кен орындарын ата.

  4. Қазақстанның климаты қандай?

  5. Қазақстандағы қорықтар санын ата.

  6. Қазақстанда таралған зоналарды ата.

  7. Қазақстанның топырақ зоналарын ата.

  8. Орманды дала және дала зонасына тән топырақ типтерін ата.

  9. Қазақстанның құмды шөлдерін ата.

  10. Қазақстан Республикасы орналасқан материкті ата.

Видеороликтен келесі сұрақтарға жауап береді:



  1. Отаны Оңтүстік және Орталық Американың таулы аудандары. Еуропаға 1565 жылы әкелінген. Оны көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды.

  2. Жер бедерінің бұл пішінің алғаш рет сипаттап жазған академик К.М.Бэр. Биіктігі 10 – 45 метр, ұзындығы 25 км, ені 200 – 300 м, арақашықтығы 1 – 2 км шамасында кеңінен таралған бедер түрі.

  3. Қазақстанның жерінде соғатын жел Ебі желіне кері бағытта Жоңғар қақпасы арқылы Орталық Азияға қарай соғып тұартын жел.

  4. Бұл теңізді қазіргі уақытта Тұран тақтасында орналасқан көл деп атайды.

  5. Бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық

Оқушылар Қазақстан Республикасы туралы арнайы дайындалған видеоны көреді.

Оқушылар кезекпен дәптерлерін көрсетіп, бағаланды.



Жабық тестке балалар былай жауап береді:

  1. Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары кіреді.

  2. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік – шығысындағы Алтай, Сауыр – Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь – Шань таулы жүйелері кіреді.

  3. Көмір кен орындарының басым көбі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

  4. Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Қазақстан қоңыржай климаттық белдеудің оңтүстігінде жатыр, сондықтан жылдың төрт /4/ мезгілі (жаз, күз, көктем, қыс) айқын білінеді.

  5. Қазақстанды барлығы 12 қорық бар (Кейбір деректерде 10).

  6. Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте – бірте орманды дала, дала, шөл, шөлейт зоналарына ауысып отырады.

  7. Негізінен Қазақстандағы топырақ үш /3/ зонаға бөлінеді. Олар: қара қоңыр топырақ зонасы, қара топырақ зонасы, қоңыр және сұр қоңыр топырақ зонасы.

  8. Орманды дала және дала зонасына қара, қоңыр және қызық қоңыр топырақ түрлері кең таралған.

  9. Қазақстандағы құмды шөлдердің ең ірілері: Қызылқұм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдары (Нарын, Тайсойған, Қарақұм және т.б.)

  10. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің дәл ортасында орналасқан.

Сұрақтарға жауап:

  1. Картоп

  2. Бэр төбешіктері

  3. Сайқан желі

  4. Арал теңізі

  5. Күнбағыс

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін балаларға арналған «Ғасыр құпиясы» ойының ойнайды. Олар келесідей сүрақтарға жауап береді:

  1. Бұл құрылғыны алғаш рет 1783 жылы 4 маусым күші әлемге паш етті. Бұл құрылғының ойлап тапқыштары ағаш өндіруші ұстаның ұлдары Жозеф-Мишель және Жак-Этьенн Монгольфье болды. Бұл құрылғыны айдау немесе қадағалау мүмкін емес. Ол табиғат күшінің көмегімен жұмыс жасайды, яғни басты рөлді ыстық ауа атқарады.

  2. Бұл аппаратты ойлап тапқан неміс бароны Карл фон Дреза. Алғаш рет бұл құрылғыны «жүруге арналған машина» деп атады. Бұл аппараттың негізгі элементі орындығы болғанымен, екінші негізгі элементі болмады. Сондықтан оны істету үшін жерден аяқпен итеруге тура келді.

  3. Бұл құрылығының алғашқы сызбалары Леонардо да Винчиге тиесілі. Ең алғашқы түрі буның (пар) көмегімен қозғалды. 1886 жылы неміс инженер Карл Бенц бұл құрылғыға – сұйықтық арқылы өзбетімен қозғалатын объект деген патент алды.

Мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды, яғни сұрақтарға жауап береді.

  1. Воздушный шар

  2. Велосипед

  3. Автомобиль

ІV

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды.

Сабақты бағалау критерийлері:

10 БАЛЛ – сабаққа дайын болуы, тәртібі;

30 БАЛЛ – үй тапсырмасы;

40 БАЛЛ – жаңа сабақтың тапсырмаларын орындау, оқушының сабаққа қатысуы;

20 БАЛЛ – білетінімен білгенін оқыту процессінде дұрыс қолдана білуі.




Оқушылар бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

50 - 75 балл аралығы – 3

75 – 90 балл аралығы – 4

90 – 100 балл аралығы - 5


V

Үй тапсырмасына:

- «§40. Қазақтанның аумағын физика – географиялық аудандастыру» оқу, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.



Үй тапсырмасын күнделік-теріне жазып алады.

Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап, анықтап алады.





Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап,  оқушылармен бірге сабақты қорытындылайды.

Сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, сабақты қорытындылайды.

Оқушылар мұғалімнен алған стикерлерге сабақтан алған әсерлерін, өздерінің ұсыныстарын жазып, мұғалімге ұсынады.




Каталог: uploads -> doc -> 05f4
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
05f4 -> Ғылыми жобаның тақырыбы: Ғылыми жобаның тақырыбы
05f4 -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мақсаты Оқып үйренудің нәтижесі


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет