Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Шалғын өсімдіктері мен жануарлары



Дата02.02.2018
өлшемі34.87 Kb.
түріСабақ


Алматы обл., Қаратал ауданы, №51 орта мектеп гимназия мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Курмансеитова Р.Н.

Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары.Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Мақсаты:Шалғын өсімдіктері мен жануарларының-табиғи бірлестік, тіршілігі, өзара ерекшеліктері және оларды қорғау шаралары туралы түсінік беру.

Жаңа технологияның әдіс-тәсілін пайдалану арқылы оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру.

Жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту.

Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, ізденіс, әңгімелеу

Көрнекілігі: карта атлас-хрестоматия,венн диаграммасы,кубизм

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Нұрға оранар көңіліміз,гүлге оранса бағымыз,

Ұрпақ үшін жауап берукерек біздің арымыз.

Айналаға қарап бір сәт ойланатын кез келді

Табиғатты сауықтырмай,сауығар ма жанымыз?

-Балалар»,Табиғат» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Ал ендеше мына сызбаға табиғат деген не екенін толтырып шығайық.

Табиғат туралы білетінімізді ортаға салайық. Интербелсенді тақтада.

Су Ауа Адам Аң Күн

ҚұсТабиғатАғаш

Жұлдыз Жел

Міне,табиғаттың бір бөлігі ауа екен.

Үй тапсырмасы.

Ауаның ластануы.Ауаны қорғау. Слайд.

Сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1.Ауа қалай ластанады?(табиғи жолмен,адамның іс-әрекеті салдарынан)

2.Ластанушы заттар қайдан пайда болады?(жылу электр стансасынан,мұнай өңдеуден,металл өндіруден,көліктерден шығатын қалдықтар)

3.Ластанған ауаның зияны.(өсімдіктер тыныс алуын,суды буландыруын баяулатады.Жөке ағашы орманда 400жыл,қала ауасында 50-80жыл өмір сүреді)

4.»Ауаны қорғау –біздің басты міндетіміз»шағын әңгімелерін оқыту.

Ой шақыру.

Мақалдарды талдау.

1.Аспан жүзі күн нұрымен әрленер,

Достық сөзі жүрегіңе нәр берер.

2.Топырақ тозса,құйқасы кетер,

Ауа ластанса,шипасы кетер.

Міне,барлық тірі ағзаларға ауа қажет екен.Ауасыз өмір жоқ.Олай болса,бүгінгі сабағымыз «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары»».Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»

Интербелсенді тақтадан суреттер көрсету.(Қазақстанның жануарлары мен өсімдіктері)

Қазақстанның жер бедері туралы не білеміз?(жазықтар,таулар)

Көп жері жазық.Каспий мен Арал теңіздерінің маңы және еліміздің солтүстік аймақтары тегіс жазық.

Республикамыздың орта тұсы картада сарғыш және қоңыр түс.Бұл бөлігі –биік төбелі жазық.

Орталық бөліктегі аласа таулар қай жерде?(Сарыарқада)Оңтүстікті жазық шөл алып жатыр.Шығыс,оңтүстік шығыс және оңтүстікте биік таулар.

Міне,әр өлкенің өзіне тән өсімдіктері,жануарларыбар.Себебі неде?(топырағы,ауа-райы)

Осыған байланысты өсімдіктер,жануарлар өзі мекендейтін жердің табиғи жағдайларына бейімделген болады.

Қандай жерде,қандай үлескіде таралса да тірі ағзалар өзара және өлі табиғатпен бірлесіп қана тіршілік ете алады.Осыны табиғи бірлестік дейді.

Оқулықпен жұмыс.(іштей оқу)

Шалғын-аумағы жағынан үлкен жерлерді айтады.

Тышқанбұршақ күреңот жұпаргүл

ШАЛҒЫН кестежусан

Шалғындық атқонақ

Шалғындық жоңышқа Қылтанақсыз арпабас

Жаздың ортасы,басы шөп жұмсақ,балғын.Пішен шабу басталады.

Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді.

Улы өсімдіктер:уқорғасын,сарғалдақ.

бөдене көбелек

БУНАҚДЕНЕЛІЛЕРтүкті аралар

бүркіт

шекшектер қоңыздар



Дәптермен жұмыс.Шалғын өсімдіктерін жазу.

Венн диаграммасы

Өсімдіктер мен жануарларға ортақ қасиетті табу.

Өсімдік Жануар

Ауа

су

Ауа топырақ



Күн жайылып шөп жейді

Су

Топырақ



Өсімдік өседі

Сабақты қорыту.

Балалар,біз бүгін шалғын өсімдіктері мен жануарларыментаныстық.

КУБИЗМ


1.Шалғын дегеніміз не?

2.Пішен шабу қашан басталады?

3.Жануар,құстар туралы не білдіңдер?

4.Улы өсімдіктер.



Бағалау.

Үйге тапсырма.Оқу,түсінгендерін әңгімелеу.Табиғат достарының ережесін жазу.
Каталог: uploads -> doc -> 11e6
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет