Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата07.01.2018
өлшемі77.12 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қорықтары

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға Мемлекеттік табиғи қорық қоры ұғымын қалыптастыру, қорықтардың мақсатын түсіндіру, Қазақстанның қорықтары мен таныстыру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың табиғатты қорғау шаралары туралы білімі мен ой-өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды табиғат әсемдігін сезінуге, табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа, ізденуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат- танымдық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, ой тастау, пікірлерді жүйелеу, тапсырмалармен жұмыс істеу, ой тұжырымдау

Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның қорықтары туралы кітабы. Қорықтарға арналған слайдтар.Қорықтар туралы өлендер, сұрақтар мен тапсырмалар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, биология қазақ әдебиеті пәндерімен

Сабақтын барысы:

I. Ұйымдастыру (оқушыларды топтарға бөлу)

II «Білгенге маржан» (жаңа сабақ қорықтар туралы қысқаша мағлумат беріледі)

II.1 Ой ашар (интерактивті тақтадан қорықтар туралы слайд көрсетіледі)

II.2 Орнын тап (картамен жұмыс)

III. «Білім кілті танымдылықта» (білімді жүйелеу және қорытындылау)

III.1. Сәйкестігін табу

II.«Білгенге маржан»

Табиғат біз тоздыруға қимас үй,

Жоғын ізде, шашылғанын жина, сүй.

Қорық- ақтау Жер- ананың ақ сүтін,

Көрсетіп бір сырға-бал, сыйға-сый.

Табиғаттан шипа таппай келді кім,

Енді өзіне керек боп тұр ем бүгін.

Сақтай алар қорық соңғы дәнекер,

Табиғаттың ұлы тепе-теңдігін.

деп ақын Оразақын Асқар ағаларын айтқандай табиғаттың тепе-теңдігін сақтайтын соңғы дәнекер-қорықтарға саяхатымызды бастаймыз.

Табиғат- қоғам байлығы. Тіршілікке қажеттінің бәрін табиғаттан алатынымыз баршамызға мәлім.

Дегенмен, табиғат қазынасы сарқылмайтын мәнгілік қор емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзімді пайдаланылуы, адамның қамқорлығын қажет етеді. Қоршаған орта тазалығы, орман, қазба байлықтар, су байлығы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қазіргі күннің үнемі назарында тұрған басты мәселелердің бірі. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстанның қорықтары деп аталады. Қорық дегеніміз –бүкіл табиғат кешені табиғи күйінде сақталатын аумақтар, табиғатты қорғау формаларының бірі..Қорықтарда көп жылдар бойы табиғатта өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары зерттеледі. Соның негізіінде табиғи үдерістердің дамуына, келешегіне болжам жасалады. Қорықтар –табиғат эталоны.Мұндағы орман-тоғай, жайқалған шабындық, аң-құс, айдың шалқар көлдер мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 10 қорық ұйымдастырылған. Елімізде болашақта бірнеше қорық ашылуы мүмкін. Оларға: Бетпақдала, Торғай, Балқашмаңы, Жоңғар және Зайсан қорықтары т.б.

II.1.Ой ашар (интерактивті тақтадан Қорықтар туралы слайд көрсетіледі әр қорыққа оқушылар бір-бір шумақ өлен оқиды).

Қорықтарға саяхат аяқталғаннан кейін топтарға мәтін таратылады. Мәтін бойынша оқушылар топпен, жұппен талқылайды.



Қазақстан қорықтары

Ақсу-Жабағылы қорығы

Атақты динозавр қанқаларын

Аң-құстың, өсімдіктің баршаларын,

Барлауға күш салып жүр қанша ғалым.

Осы жер аза тұтып көрсетті елім,

Ақсу-Жабағылы қорығы- Оңтүстік Қазақстан облысы, Талас және Өгем жоталарының аралығында орналасқан.1926 жылы 14 шілдеде ұйымдастырылып, 85, 4 мың га-дан астам жерді алып жатыр.

Өсімдіктері мен жануарлары: ағаш тәрізді арша,арқар, сібір тау текесі, ақ тырнақты аю, ала мысық, борсық. Жалпы құстарға бай қорықтардың бірі.

Қорғалжын қорығы

Ішінде көл бар таудың, орманның,

Тың жердегі көлдің тыңы- Қорғалжын.

Қорық болып күтім көріп бұл кезде,

Алуан құсқа айдыны бір толған күн

Қорғалжын қорығы–1968 жылы Ақмола облысының дала зонасында орналасқан.

Өсімдіктері мен жануарлары: қызғылт қоқиқаз, сұқсыр құсы, үйрек, қаз, суыр, ала қоржыны, су, егеуқұйрық, т.б. Қорық аумағындағы Теңіз көлінде қызғылт қоқиқаз ұя салып, балапан шығарады.Қорғалжын көлінде сұқсыр мекендейді.Көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы қорығы

Көбейіп арқар, құлжа жетілді елік,

Шетелдік таңданады шетін көріп.

Қорық тұр іргесінде Алматының,

Табиғи зоопаркі секілденіп.

Алматы (Алматы облысы) Іле Алатауында орналасқан. 1961 жылы құрылды. Сонымен қатар Іле өзені бойындағы «әнші құм» Аққұм-Қалқаны жатады. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань шыршасы, бұғы, елік, Тянь-Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқыр,тиын, сасық күзен, бизон өсірілетін болды. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.


Марқакөл қорығы

Қыз еркесі Марқакөл мекен ерек,

Талай көлге көз тіктім жете ме деп.

Мазам кетіп жүретін, Марқам бірде,

Есік құсап ғайып боп кете ме деп

Марқакөл (Шығыс-Қазақстан облысы). 1976 жылы Оңтүстік Алтай мен Азутау жотасы аралығында орналасқан. Жалпы ауданы 75 мың га. Қорықта 721 өсімдік түрлері, 59 аң түрлері мен 254 құстың түрлері бар. Негізгі түрлері – марал, аю.
Тектоникалық текті Марқакөл таулы көлі ерекше қызығушылық танытады: теңіз деңгейінен 1485 м биіктікте орналасқан, ауданы 544 шаршы метр, тереңдігі 27 м.

Қорықтың дәрілік өсімдіктері аролий, алтын тамыр, аю, сілеусін, бұғы, арқар, эндемик балық-мөнке, теңге, талма бар.Марқакөл көліне бірнеше өзендер келіп құйып, тек бір ғана өзен Қалжыр өзені ағып шығады.

Үстірт қорығы

Арнаулы қамқорлыққа алған адам,

Ор қазып, қақпан құрып алдамаған.

Шолады дүрбі салып әр төбеден,

Шопандай ертелі-кеш мал қараған.

Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі – Барсакелмес, өлшемі 70x30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын жатады.



Батыс Алтай қорығы

Қол соққандай қуанып мың—мың қанат,

Көз ала алмай көркіңнен тұрмын қарап.

Көптен бері кездеспей кетіп еді,

Жалт етсенші жағаңнан бұлғын, марал

Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы) Глубокое ауданында 
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.Қорықтың мақтанышы-марал тобыры.


Барсакелмес қорығы

Әйгілі қорық қазір «Барсакелмес»,

Құстардан қарсы алады қанша жерлес.

Ақбөкен, қарақұйрық,құлан, балпық,

Кәдімгі күн кешеді аңша дербес

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аумағы – 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері – құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар Қорықтың мақсаты-ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау. Шөл зонасының қорығы.Арал теңізінің тартылуына байланысты Қапшағай аншылық қорық шаруашылығына көшірілді (құлан)

.
Наурызым қорығы

Наурызым –қорықтардың ормандысы,

Ішіне алуан аң мен толған құсы.

Алапқа атын жыр ғып айтып жүрер,

Бір рет ну төрінде болған кісі

Наурызым қорығы-Қостанай облысы, Наурызым ауданы. Орманды дала зонасында 1934 жылы құрылған. Жалпы аумағы 87,7 мың-ға жерді алып жатыр.

Өсімдіктері мен жануарлары: малиус боката алмасы, қайын, қабан,елік, кеміргіш, суыр, ақ қоян. Сор топырақта қарағай өседі.

Алакөл қорығы

Сары ала, қара ала,қоңыр қаз

Болсайшы деп үнемі осы өңір жаз.

Қанат қағып, суға сүнгіп билейді,

Қарап тұрсаң шеттерінен өнерпаз.

Алакөл қорығы –Алматы облысындағы Алакөл ауданында 1998 жылы құрылған. Ауданы 20,7 мың-ға жерді алып жатыр.Құстардың 283 түрі ( олардың 12-сі»Қызыл кітапқа енген), өсімдіктердің 323 түрі , сүтқоректілердің 40 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты-Алакөл жүйесіне енген көлдерді мекендейтін су құстарын ( аққу, реликті шағала, қаз және т.б.) қорғау.



Қаратау қорығы

Жыртқышты қарауылға ілсек кеше,

Құмаймыз бүгін көріп жүрсек неше

Оқа емес құздан ырғып шұбар барыс

Бауырында бір қарақұйрық тырп етпесе

Қаратау қорығы- Алматы облысында 2004 жылы ұйымдастырылған.

Жалпы аумағы 34,3 мың-ға жерді алып жатыр.

Қорықтың мақсаты: эндемикалық өсімдіктерді сақтау.Жануарлары: арқар, қоңыр Тянь-Шань аюы, қар барысы, тас сусары, қарақұйрық «Қызыл кітапқа енген».

II.2. Орнын тап ( оқушылар картадан Қорықтардың орналасқан орындарын көрсетеді)

III. «Білім кілті танымдылықта» ( алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау мақсатында төмендегі ойын ұйымдастырылады

III.1. Сәйкестігін табу ойыны

Ойының шарты: Тақтаға қорықтардың аты жазылған 10 конверт ілініп қойылады. Содан кейін әр топқа қорықтарға байланысты сурақтар жазылған парақшалар үлестіріліп беріледі. Сол сұрақтардын дұрыс жауаптарын қай қорыққа сәйкес келетінің апарып салады.



I топтың сұрақтар

1.Еліміздегі ең алғаш ұйымдастырылған қорық қалай аталады?(Ақсу-Жабағылы қорығы)

2.Қостанай облысында орналасқан қорық (Наурызым қорығы)

3.1964 жылы ашылған қорық (Алматы қорығы)

4.ЮНЕСКО-ның ерекше тізіміне енген қорық (Қорғалжын қорығы)

5.Бір ғана Қалжыр өзені ағып шығатын өзен қай қорықта (Марқакөл қорығы)

6.2004 жылы ашылған қорық (Қаратау қорығы)

7.Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде ұйымдастырылған қорық (Барсакелмес қорығы)

II топтың сұрақтары

1. Жабайы жануары муфлон қойы қай қорықта (Үстірт қорығы)

2. «Алтын тамыр» дәрілік өсімдік өсетін қорық (Марқакөл қорығы)

3.1998 жылы ашылған қорық (Алакөл қорығы)

4.Ең соңғы ашылған қорық (Қаратау қорығы)

5.Ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау мақсатында құрылған қорық (Барсакелмес қорығы)

6.Эндемик өсімдіктерді сақтау мақсатында құрылған қорық (Қаратау қорығы)

7. 1992 жылы құрылған қорық (Батыс Алтай қорығы)

III топтың сұрақтары

1.Орманды дала зонасында орналасқан қорық (Наурызым қорығы)

2. Мыналар қай қорықтың жануарлары.(ала мысық, ақ тырнақты аю, елік, бұғы) (Ақсу-Жабағылы қорығы)

3.С ұқсыр құсы ұялайтын қорық (Қорғалжын қорығы)

4.1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Алтай Күршім мен Азутау жотасы аралығында орналасқан қорық (Марқакөл қорығы)

5.Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігіндегі өзі аттас шөлейтті аралда орналасқан қорық (Барсакелмес қорығы)

6. Ең бағалы мөнке балығы қай қорықта мекендейді (Марқакөл қорығы)

7. «Әнші тау» Аққұм қалқаны орналасқан қорық (Алматы қорығы)



Y Топтастыру әдісі: Оқушылар қорықтар сөзін топтастырады

YI. ББҮ әдісі бойынша сабақ барысында алған, түйгендерін , кесте арқылы толтырады

YII. Бағалау

.


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет