Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау



Дата17.07.2017
өлшемі35.72 Kb.
#40020
түріСабақ
Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауа туралы алған білімдерін жүйелеп ауаны таза ұстаудың, таза ауамен тыныс алудың маңызын ұғындыру. Ауаны ластау көздері және оны болдырмау туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, қорытындылау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың тәрбиелік мәні: Тазалыққа,жанашырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слаид, суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық ахуал

ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Ауа райын болжау тақырыбының мазмұнын білу. Халық ауа райын қалай болжағаны туралы мәліметтер жинау.

Сұрақтар арқылы қорыту

  1. Ауа райын бақылау үшін не қажет?

  2. Бүгінгі ауа райы қандай?

  3. Ауа деген не?

  4. Ауаның құрамындағы қоспаларды ата?

  5. Метеорология нені зерттейді?

  6. Халық ауа райын қалай болжаған? Оқушылар өздерінің дайындаған мәліметтерін оқиды.

ІІІ Мақсат қою кезеңі

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.



ІV Жаңа сабақ

  1. Құпия шарды жарайық,

Таң-тамаша болайық.

Ішіндегі жұмбақтың шешуін тез табайық.

Ребус: Ауаны қорғау.

Мұғалімнің түсіндірмесі. Бүгін біз сіздермен ауаның ластануы және оны қорғау жөнінде әңгімелеп, өз ойымызды айтамыз.Таза ауа –денсаулық кепілі. Әр адам тәулігіне бірнеше мың литр ауа жұтады. Зиянды заттары бар ауамен тыныс алған адамның жұмысқа қабілеті кемиді. Бұл жағдай түрлі ауруға шалдықтырады.Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Айналадағы ауаның тазалығын сақтауүшін оны көгалдандыру қажет.



  1. Оқулық бойынша түсіндіру: Ауаның ластануы: Табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді. Слаид бойынша түсіндіру: Табиғатта заттар арасында белгілі бір үйлесімділік бар. Әр қабаттатағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады. Өркениет пайда болғалы ауаға кездейсоқ заттар қосыла бастады. Оған дейін ауа тек табиғи жолмен ғана ластанатын. Жанартаулар атқылағанда ауаға бу күйіндегі заттар, улы газдар араласады. Жел арқылы шаң-тозаңдар ұшып шығады.Ормандар өртенгенде көп газдар ұшады.Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шірігенде түзілетін газдар да ауаға тарайды. Мұның бәрі табиғи ластануға жатады. Заттар айналымы кезінде ауа табиғи ластанудан өзін-өзі тазартып отырады. Ал адамның ауаны ластауынан ірі қалаларда қала ауасы нашарлайды. Адамда жануарларда ауа құрамына сәйкес газ қоспасымен тыныс алуға үйренген. Қоспа құрамы өзгергенде ағзаның тыныс алуы бұзылады. Орманда 400 жыл өмір сүретін ағаштар қалаларда 50-80 жыл ғана өмір сүреді. Ауаға тарайтын кездейсоқ заттардың көбеюінен ауа қабаты өзін-өзі тазалай алмайды. Оны қорғау керек.Зауыт, фабрикалардан түтін шығады. Олар ауаны ластайды. Сондықтанда мұржаларына сүзгіш орнатады.Көшеде де транспорттар ауаны ластайды. Алматыда КамАЗ шығатын машина зауыты бар.Пеш жағатын мекемелер ауаны көп ластайды.Поршень,металлпрокат,майзауыттары.Осы зауыт,фабрикалар ауаны ластайды.Адамдар қоршаған ортасына жауапкершілікпен қарау керек.Өйткені біз ауамен демаламыз.Демалуға барғанда орманда өрт шықпау үшін жанған отты сөндіріп кету керек.Ауаны тазалау үшін ағаш отырғызып,көгалдандыруымыз керек. «Бір тал кессең,он тал ек»деген мақалды ескеріп,сыныпты гүлдендіріп,даланы көгалдандыруымыз керек.Дала қанша лас десекте,ең лас ауа бөлме ішінде болады.Сондықтан желдеткішті үнемі ашып алуымыз керек.

Көгалдандыру – таза ауа кепілі

Жер ананы жасыл етіп сақтау үшін қоршаған ортаны көгалдандырудың маңызы зор екенін басып айтқым келеді. Себебі жасыл желек жан-жануарлардың тіршілігіне қажет ауаны тазартады. Тірі ағзаға зиян көміртегін жұтып, пайдалы оттегін бөледі. Мысалы: белгілі аймақтың 15 пайызы көгалдандырса, шаң –тозаңның мөлшері 20 пайызға кемиді. 35 пайызға жер көлемге көшет отырғызылса шаң-тозаңның мөлшері 50 пайызға азайып жайылады екен.



  1. Сурет бойынша түсіндіру Түсіндірме сөздік: Жанартау

Жанартаудан зиянды газ және бу тарап, ауаға араласып оны ластайды.

  1. Оқушылардың тізбектей оқуы

V Сергіту сәті «Теңізге саяхат» жаттығуы

Дәптермен жұмыс

Ауаның ластануы

1. Жанартаулардың атқылауынан

2. Жылу электр станйияларынан

3. Шаң-тозаң

4. Орман, тоғайлардың өртенуінен, көліктерден

5. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдығы шіруінен

6. Күл, ыс



VІ Қорытындылау

Сұрақтар арқылы қорытындылау



  1. Ауа қалай ластанады?

  2. Ауаны ластаушы заттар қайдан пайда болады?

  3. Ластанған ауаның зияны қандай?

  4. Ауаны ластанудан сақтау үшін өздерің қандай үлес қосар едіңіздер? Ауа тіршілік көзі «Ауа-өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса өмір де тоқтайды. Ең қымбатты, ең қасиетті нәрсе «ауадай қажет» деп ауаны ерекше бағалайды.

VІІ Оқушыларды мадақтап, бағалау.

VІІІ Үйге тапсырма. Мазмұнын білу. «Ауаны тазартуға қосатын үлесіміз» өз ойларын жазып келу.
Каталог: uploads -> doc -> 0794
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0794 -> Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
0794 -> Внеклассное мероприятие. «Праздник Наурыз». Звучит музыка Д. Нурпеисовой «Той бастар»


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет