Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы Сынып: 8 Қатысқандар саны Қатыспағандар саны



Дата03.07.2017
өлшемі86.42 Kb.
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

«Жылыбұлақ» жалпы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Жамалова Ақерке Сейдахановна


Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы

Сынып: 8

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Асқорыту мүшелер жүйесінің құрылысы, зат алмасуда асқорытудың атқаратын рөлі, ауыз қуысында, қарында, ішектерде астың қорытылуымен толық талдау жасау, оқушылардың салыстыра ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: асқорыту мүшелерінің құрылысын біледі

Оқушылардың басым бөлігі: асқорыту мүшелерінің құрылысына сипаттама береді

Кейбір оқушылар: кез-келген асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін, құрылысын сипаттап бере алады

Тілдік мақсат

Оқушылар өз бетінше жұмыс істей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: сілемейлі эпителий, бірыңғай салалы бұлшық ет, дәнекер ұлпасы, ауыз, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ұлтабар, ашішек, тоқішек, ұйқы безі, бауыр, өт.

Сыныптағы диалог / жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

ғылыми

Талқылауға арналған тармақтар асқорыту мүшелерінің құрылысы, ерекшеліктері

Жазылым бойынша ұсыныстар презентация, оқулық, құралдар

Алдыңғы оқу

Асқорытудың маңызы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

10 минут


Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрайық,

Амандасып алайық. (Сәлеметсіздер ме!)

Сендердей ақылды балалар,

Жоқ шығар сірә әлемде.

Зерек те, алғыр балаларым,

Ұялып бүгін саспайық.

Жайдары жақсы көңілмен,

Сабағымызды бастайық

Оқушыларды топқа бөлу

1 топ «Ферменттер»

2 топ «Көмірсулар»

3 топ «Майлар»

4 топ «Витаминдер»

Үй тапсырмасын пысықтау

1 тапсырма. «Кім жүйрік?»

1.Адам организмі үшін тағамның ролі қандай?

2.Қоректік заттар дегеніміз не?

3.Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді?

4. Асқорыту дегеніміз не?

5.Асқорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?

6.Тағамдық өнімдер дегеніміз не?

7.Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?

7.Адам организміндегі нәруыздар, майлар, көмірсулар мен витаминдердің рөлі қандай?

2 тапсырма. «Сөйлемді аяқта»

Негізгі қоректік заттар: ,,, ,

Өсімдіктегі тағам өнімдері ... .

Жануартекті тағамдар ... .



3 тапсырма. Сәйкесін тап

1.Ферменттер а)организмдегі негізгі құрылыс материалы

2.Нәруыздар ә)организмдегі негізгі энергия көзі

3.Көмірсулар б)нәруыз текті зат

4.Майлар в)өсімдікті,жануартекті тамақ өнімдері

5.Витаминдер г)әрі құрылыс материалы,әрә энергия көзі

6.Тағамның құрамы д)организмнің тіршілік әрекетіне

қажет органикалық заттардың

жеке тобы

Жауаптары:

1-б, 2-а, 3-ә, 4-г, 5-д, 6-в.


презентация

тапсырмалар



Ортасы

15 минут


3 минут

5 минут


5 минут

Адам өмірінде асқорыту мүшелернің атқаратын қызметі ерекше сипатқа ие.Тағам құрамындағы күрделі ағзалық қосылыстардың ыдырап қан мен лимфаға өтуі ас қорыту деп аталады.Ас асқорыту мүшелерінде өзгеріске ұшырап,қанға сіңіп адамның бойына күш қуат береді. (бейне көрсетілім )

Үйге алдын ала тапсырма берілген. Тақырыпты оқып келу.



4 тапсырма.

Тақырыпты постерге салып, қорғайды

1 топ

1. Ас қорыту мүшелеріне сипаттамаc:\users\1\desktop\ақерке жылыбұлақ\slide_13.jpg

2. Ауыз қуысы
2 топ

1. Жұтқыншақ

2. Өңеш

3. Асқазан (қарын)



c:\users\1\desktop\ақерке жылыбұлақ\img3.jpg


3 топc:\users\1\desktop\ақерке жылыбұлақ\1438683084_slayd5.jpg

1. Аш ішек

2. Тоқ ішек
4 топ

8. Ұйқы без

9. Бауырimg066

5 тапсырма.

І топ

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

1. Қоректі заттар организмде энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.

2. Жұтқыншақ асқорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

3. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.

4. Аш ішек – асқорыту жолының ең ұзын бөлігі.

5. Ұйқы безі тек сыртқы секреция безіне жатады.

2 топ

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

1. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан.

2. Нағыз ауыз қуысында жұтқыншақ орналасқан.

3. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.

4. Аш ішекте бадамша бездер орналасқан.

5. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, оларға ағзаға пайдалы.

3 топ

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

1. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқырішек деп аталады.

2. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады.

3. Тілдің екі жиегі – тәттіні сезеді.

4. Қарынның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.

5. Ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп.

4 топ

Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.

1. Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше.

2. Нағыз ауыз қуысы соңғы жағы аранмен шектеледі.

3. Тағам құрамында нәруыз, майлар, көмірсулар болмайды.

4. Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады.

5. Өңештің ұзындығы 5, 5 - 6м - дей болады.

6 тапсырма. Сандар сөйлейді:

1 топ

1. 5 - 6 г (ас тұзы тәулігіне пайдаланады)

2. 2 - 3литр (асқазан сыйымдылығы)

3. 1500 грамм (бауыр)

4. 4 млн (ішек бүрлері)

2 топ

5. 1, 5 - 2 метр (тоқ ішек)

6. 8 - 15 см (соқыр ішек)

7. 11 - 13 см (жұтқыншақ)

8. 25 см (ұлтабар)

3 топ

9. 5 - 6 метр (аш ішек)

10. 60 - 80 грамм (ұйқы безі)

11. 1, 5 - 2 литр (үш жұп сілекей бездері)

12. 20 - 30 грамм (жұп шықшыт безі)

4 топ

13. 14 - 15 грамм (алқым сілекей безі)

14. 5 грамм (тіласты бездері)

15. 8 - 10 метр (ас қорыту мүшелерінің ұзындығы)

16.95 % ( бауыр организмдегі улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады)

7 тапсырма.

Дәптерге кестені толтырыңдар. Асқорыту мүшелері мен бездерге қысқаша сипаттама беріңдер




Асқорыту мүшелері

Асқорыту бездері

ауыз қуысы

жұтқыншақ

өңеш

асқазан


ашішек

тоқішек


сілекей бездері

бауыр


ұйқы безі





оқулық, презентация, дәптер, суреттер

Аяқталуы
7 минут

8 тапсырма. Тест тапсырмалары беріледі:

1. Адамның ас қорыту жолының ұзындығы:

а/ 3-5м ә/ 8-10м б/ 15-18м в/ 18-20м

2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

а/ жұмсақ таңдайда ә/ ұрттың сілемейлі қабығында

б/ тілде в/ көмейде

3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

а/ ауыз қуысында ә/ жұтқыншақта

б/ өңеште в/ көмейде

4. Ас қорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?

а/ аш ішек ә/ тоқ ішек

б/ ұлтабар в/ бауыр

5. Тоқ ішектің бөлімдері:

а/ аш ішек, жиек ішек, тік ішек

б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

в/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

6. Аш ішек бөлімдері:

а/ ұлтабар, тік ішек, аш ішек

б/ соқырішек, жиек ішек, тік ішек

ә/ ұлтабар, аш ішек, мықын ішек

в/ соқырішек, тік ішек, ұлтабар

Жауаптары: 1 ә 2б 3ә 4б 5ә 6б

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша

Кері байланыс: «Бес саусақ», әдісі

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып, мазмұндау.






Қосымша ақпарат

Саралау

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?



Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

«Беса саусақ», бағалау парағы



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс















Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неіктен?





Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?(оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Тексерілді

Каталог: materialy -> biologia
biologia -> Сабақтың бөлімдегі №: Қатысқан оқушылар/қатыспағандар: Сабақ тақырыбы: Популяция дегеніміз не?
biologia -> Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы
biologia -> Сабақ Биология (8 сынып) ОҚО, Аманкелді жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Бейсебай Камила
biologia -> Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқа бөлімдері. Сабақтың мақсаты
biologia -> Сабақ Тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүректің жұмысы, реттелуі
biologia -> Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
biologia -> Танымдық ойындар сайысы
biologia -> Сабақ «Астың ауыз қуысында қорытылуы»
biologia -> Сабақ №7 биология 7 сынып күні: 26. 09. 2014. Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет