Сабақтың тақырыбы Асқорыту мүшелерінің құрылысы Сілтеме



Дата03.07.2017
өлшемі43.4 Kb.
түріСабақ
Бекітемін: Сынып күн:

Сабақтың тақырыбы

 Асқорыту мүшелерінің құрылысы

Сілтеме

Интернет жүйесі, оқулық, жұмыс дәптер

Сақтың жалпы мақсаты

1. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері,олардың түрлеріне сипаттама беру. 2. Ас қорыту жүйесінің маңызы  туралы білім және ғылыми көзқарас қалыптастыру, жетілдіру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

К Күтілетін

нәтиже

2. Ас қорыту жүйесі: ас қорыту жолы, ауыз қуысы, жүтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек; ас қорыту бездері (сілекей бездері, асқазан бездері, ұйқыбез, бауыр, ішек бездері,олардың түрлеріне сипттама бере алады. 3. Ас қорыту жүйесінің маңызы  туралы білім және ғылыми көзқарасы қалыптасады,

Негізгі идеялар

Сабақ барысында топтық жұмыс,жұптық жұмыс,жеке жұмыстар жасау арқылы балалардың ізденімпаздығы қалыптасады.Тақырып туралы өмір тәжірбиесіне сүйену,оқушыларға көмек беруде ерекшеліктерін ескеру,алған білімді практикада қолдануды ұйымдастыру.

Тапсырмалар
Ұйымдастыру

кезеңі


Үй тапсырмасын сұрау.

Негізгі бөлім

1.Мұғалімнің іс-әрекеті.

2.Оқушының іс-әрекеті.

• Оқушылармен сәлемдесу

• Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру.

Топқа бөлу (жетон арқылы)
-Адам организмі үшін тағамның рөлі қандай?

-Қоректік заттар дегеніміз не?

-Неліктен органикалық заттар организмге бірден сіңірілмейді?

-Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?

-Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері қандай?

Биологиялық диктант. 1.Қоректік заттар организмде ...............және .............қызметін атқарады. 2.Кеңірдек .......... жүйесінің бір бөлігі болып табылады. 3.Тіс эмалі құрамында ........... .........кіреді. 4.Өсімдіктекті тағамды .............. ...., .......... болады. 5.Жұтқыншақ .. ......және ............ .... қатысады.

1.деофильм «Асқорыту жүйесі.»
- Балалар адам ағзасындағы бұл қай мүшелер жүйесінің жұмысы деп ойлайсыңдар?
Яғни бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Асқорыту жүйесі.
Адамның асқорыту жүйесімен таныспас бұрын мына тақтадағы құстардың, күйіс қайыратын сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің ерекшеліктерін еске түсірсек. Салыстырмалы түрде еске түсіру үшін интерактивті тақтадан құстардың, сүтқоректілердің асқорыту мүшелерінің суреттері шығарылып, оқушылар тақтаға ағзалардың ерекшеліктерін жазу.

2.Тақырыптағы мәтінді 3 топқа бөліп беру

«Фишбоун» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру



Оқу құралдарын сабаққа дайындайды.

Санау арқылы топтарын табады.

Кері байланыс.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді




Оқиды, бір-біріне түсіндіреді

Оқушылар «Ас қорытудың маңызы» тақырыбы бойынша алған білімдерін толықтыру үшін сұрақтар дайындап келесі топ мүшелеріне сұрақтарды беру және басқа топ мүшелері сұрақтарға жауап беріп, балық суретін құрастырып шығады




Сергіту сәті

Дене қимылдарын жасау

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды

І тапсырма

Суретпен жұмыс. Суреттегі мүшелердің аттарын табу (жұптық жұмыс)

Ас қорыту мүшелерінің аттарын жазады

ІІ тапсырма

«Сандар сөйлейді» 1,5-2;5-6; 13; 8-10; 4млн; (жеке жұмыс) 8-15; 1500; 10-12;

Cандық мәліметтерді тауып, дәптерге жазады


Қорытынды бөлім

Интерактивті тақтадан сұрақтарды көрсету. Тест тапсырмалары беріледі: 1.Адамда ас қорыту жолының ұзындығы А) 3 - 5 м Ә) 8 - 10 м Б) 15 - 18 м 2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан? А) жұмсақ таңдайда Ә) ұрттың сілекейлі қабығында Б) тілде 3. Ас қорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады? А) Ауыз қуысында Ә) жұтқыншақта Б) өңеште 4. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады? А) аш ішек Ә) тоқ ішек Б) ұлтабар 5. Тоқ ішектің бөлімдері А) аш ішек, жиек ішек, тік ішек Ә) соқыр ішек, тік ішек, ұлтабар Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек 6. Аш ішек бөлімдері А) ұлтабар, тік ішек, аш ішек Ә) ұлтабар, аш ішек, мықын ішек Б) соқыр ішек, жиек ішек, тік ішек

Тест сұрақтарына жауап береді

Рефлексия

-Сабақтың қай кезеңі ұнады? -Не түсініксіз болды? -Ұсыныс?

Сиқырлы таяқша әдісі. Ауызша жауап береді.



Бағалау


Бағалау парағы бойынша бағаланады, мадақталады.

  1. Топ бағалаушылары қойған бағаларымен таныстырады

  2. Күнделіктеріне жиынтық бағаларын қойдырады.

Үйге тапсырма

&43 оқу, кесте толтыру





Кейінгі оқу

Астың ауыз қуысында қортылуы







Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет