Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама. Сабақтың мақсаты



Дата23.12.2017
өлшемі48.15 Kb.
түріСабақ
Атырау облысы

Махамбет ауданы

Қосарал орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

Есенгалиева Асел Утепбергеновна

Сабақтың тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Оқушыларға тұқымды өсімдіктердің маңызы, ашық тұқымдылардың сыртқы құрылысы, ерекшелігі туралы түсіндіріп, жаңа білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан – жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың әдісі: Ойлау операциялары арқылы оқыту.

Сабақтың түрі: Зерттеушілік тұрғыдағы жаңа сабақ.

Пәнаралық байланыс: экология.география

Сабақтың көрнекілігі: Ашық тұқымды өсімдік түрлерінің суреттері, кеппешөптері, слайдтар ,бейнежазба,оқушыға көмекші материалдар топтамасы

Сабақтың ақпараттық картасы:


Проблеманы шешу жолдары



Ұйымдастыру кезеңі



Ақпарат жинақтау

Гипотеза ұсыну

Тексеру



«Қайталау-оқу анасы». Үй тапсыр масын тексеру



Проблема қою. Жаңа сабақ

Соңғы сөз



Үй тапсырмасын беру ( 1 мин)

Бағалау (2 мин)




І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

1.Оқушылармен амандасу,түгендеу.

2.Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 минут)

Ауызша тест (қалақша арқылы бағаланады).

1.Қазақстанда кездесетін шөптектес қырықжапырақ түрі.

А)Мыңжылқы қырықжапырағы Ә) Еркек усасыршөп Б)Шолпаншаш сүмбілі



2.Қырықжапырақтәрізділердің жапырағы қандай?

А)3 Ә)2 Б)1



3.Қырықжапырақтәрізділердің жапырағы неше түрлі қызмет атқарады?

А)3 Ә)1 Б)2



4.Қырықжапырақтың қай түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына енгізілген.

А)Мыңжылқы қырықжапырағы Ә)Еркек усасыршөп Б)Плаун



5.Топтасып жинақталған спорангийлерді қалай атайды?

А)Вайя Ә)Спора Б)Сорус



6. Қырықжапырақтың тамырсабағы қандай?

А)Ұзарған сабақ Ә)Қысқарған сабақ Б)Жатаған сабақ



ІІІ.Проблема қою (Жаңа сабақ) (15 минут)

Оқушыларды топқа бөлу,бағалау критерийлерімен таныстыру.



І топ . Қарағай тобы. ІІ топ.Шырша тобы. ІІІ топ.Арша тобы. І топ . Қарағай тобы.Кітаппен жұмыс.Ашық тұқымды өсімдіктер сипаттамасы. ІІ топ.Шырша тобы.Тірек-сызбамен жұмыс. ІІІ топ.Арша тобы.Бейнежазбамен жұмыс.

IV.Гипетоза ұсыну(5 минут).

Оқушылар жұмысы бойынша сөйлейді .



V.Бекіту.Тексеру кезеңі (15 минут)

І топ . Қарағай тобы.

20 зертханалық жұмыс. Ашық тұқымды өсімдіктердің сыртқы құрылысы.

Қажетті құралдар:микроскоп,ұлғайтқыш әйнек,дайын микропреператтар,қарағай бұта,ының кеппешөптері,қабық,сүрек және ашықтұқымды өсімдіктердің бүрлерінің жинақтамалары,табиғи өсімдіктер, немесе олардың суреттері.

Орындалатын тапсырмалар

1.Әртүрлі ашықтұқымдылардың қылқандары мен бүрлерінің орналасуына көңіл аударып,суретін салыңдар.Оны оқулықтағы суретпен салыстырыңдар.

2.Қылқанның ұзындығын өлшеп дәптерлеріңе жазыңдар.

3.Ашықтұқымдылардың бірнеше түрін немесе суреттерін қарап,ағаш пішіндерінің ерекшеліктері қандай? Қарағайдың шыршадан айырмашылығы бар ма? Көргендеріңді дәптерлеріңе жазыңдар.

ІІ топ.Шырша тобы. Бейнежазбамен жұмыс.

Самырсын мен қарағайға сипаттама.



ІІІ топ.Арша тобы. Мәтінмен жұмыс.Жатаған шырша мен Зеравшан аршасына сипаттама. VI.Соңғы сөз (қорытындылау) (3 минут). Сабақта кездесетін жаңа сөздер. Сүрек- ағаш діңінің (сабағының) су өткізгіш бөлігі. Дің- ағаш сабағы. Қылқанды- жапырақтары ине тәрізді жіңішке, кей түр інде ұшы үшкір Микориза- микос-саңырауқұлақ және риза – тамыр. Эндосперм- қоректендіруші ұлпа. Бүржидек-бүр жұмсақ, шар тәрізді, жидекке ұқсас Бір үйлі- аталығы мен аналығы бір өсімдікте орналасқан. Екі үйлі- аналығы бір өсімдікте, аталығы екінші өсімдікте орналасқан.

VІІ. Үйге тапсырма

№39 Ашық тұқымды өсімдіктерге жалпы сипаттама. Ашық тұқымды өсімдіктердің маңызы туралы қосымша мәліметтер жинақтау



VІІІ. Бағалау. Бейнет түбі-зейнет (Оқушылардың білімін бағалау)

Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсырмасы

Ақпарат жинау

Гипотеза ұсыну

Тексеру

Қорытын-ды баға













































































































Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет