Сабақтың тақырыбы: ас атасы нан сабақтың мақсаты



Дата17.06.2017
өлшемі41.36 Kb.
түріСабақ
Каримова Рашида Орынбаевна

Көкшетау қаласы №2 Красный Яр орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: АС АТАСЫ – НАН

Сабақтың мақсаты:


  1. Нан тағамдары туралы білімдерін кеңейту, өмірде оларды қолдана білуге ықпал ету.

  2. Ұлттық тағамдар туралы білімдерін дамыту, ой-өрісін кеңейту, ізденіске баулу, этнолингвистикалық атауларды оқыту

  3. Нан тағамдарын білуге, оны құрметтеуге шақыру, нан жайлы тыйым сөз, нақыл сөздер жинақтайды.

Көрнекілігі: презентация, нан өнімдері, қима қағаздар, конверт,

Барысы: І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат,

Бүгін қай күн? Аптаның күні қандай?



Кіріспе сөз: Сабақтың ерекше екенін айту, мақсатын айтамын.

ІІ. Үй тапсырмасы: Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар- тақырыбы бойынша

І деңгей - сыйлы қонақтардан интервью алады ????

ІІ деңгей – ет туралы шағын шығарма ( суретін салу, әңгімелеп баяндайды)

ІІІ деңгей - өлең оқу, рөлге бөліп:«Қайдан келдің бауырсақ?»


Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

Қайдан келдің бауырсақ?-

Деп сұрады қуыршақ.

Дүкеннен келдім нан сатқан-

Деді оған бауырсақ

Дүкенге келдің қай жақтан?

Наубайдан келдім нан жапқан.

Наубайға келдің қай жақтан?

Диірменнен келдім ұн тартқан

Диірменге келдің қай жақтан?

Даладан келдім кең жатқан

Жер анам менің көсілген

Диқандар мені өсірген


ІІІ. Жаңа сабақ: Ас атасы – нан

  1. Мұғалімнің сөзі:

Нан – ардақты адал ас

Кәрі-жас одан аттамас

Нандай жоқ қой асыл дән

Жеп үйренген жасынан – демекші әр дастарқанның құты мен берекесі болған, ас атасы – нан туралы танысайық.



  1. Тақтада нан тағамдары жазылған сөздер мен суреттер шығады. Бауырсақ, нан, жайма, тоқаш, күлше, таба нан, құймақ т.б.

  2. Жаңа сөздермен танысу; сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрады

күлше-лепешка, тоқаш – булочка

  1. Мәтінмен жұмыс:

-іштей оқыту, дауыстап оқиды (1-2 оқушы)

«Бауырсақ» мәтіні

Бауырсақ – халықтың тым ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнын ашытып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап, майға қуырып пісіреді. Бұл басқа нан тағамдарына қарағанда дәмді әрі көп сақталады. Қатып қалғанын да сүтке, шайға салып жесе, дәмі өзгермейді. Бауырсақ – қазақ дастарқанының ажары. Адам оны сүйсініп жейді. Бауырсақты дайындау үшін 3 кесе ұн, 10гр. ашытқы, 0,6 гр. кесе су, 0,7 гр. кесе сүт, 2 жұмыртқа, 30 гр. маргарин, 1 шай қасық тұз, 1 ас қасық қант және қуыруға 1-2 кесе өсімдік майы керек. Астарың дәмді болсын!


  1. Топта мәтінмен жұмыс:

әр топ мәтін бойынша тапсырмалар орындайды:

І дастарқан- «Бауырсақ» мәтіні бойынша жоспар құрады

ІІ дастарқан– «Бауырсақ» мәтіні бойынша сұрақтар құрады

ІІІ дастарқан- «Бауырсақ » мәтіні бойынша бауырсақ жасау үшін не керектігін сызба жасап, түсіндіреді.



  1. Жеке тапсырма: сабақ туралы мақала жазатын Алексеев Семен.

  2. Грамматикалық тапсырма:

А)Септеулік шылаулармен сөйлем құрау: «Нан тағамдары» тақырыбына сөйлемдер құрады.

А.с. сайын, туралы, үшін, жөнінде, сияқты

Б.с. дейін, қарай, тарта, жуық

Ш.с. кейін, соң, әрі, гөрі

К.с. бірге, қатар

Ә) Мына сөздерден жаңа сөздер құраңдар -

ас – тамақ –

наубай – сый

Б) Құймақ, күлше, наубайшы – сөздерін септеу.

V. «Конверт –сұрақ» әдісі (жұптық жұмыс)

№1 конверт:

- Дастарқанның басты тағамы не?

- Сенің отбасыңда қазақтың ұлттық тағамдарын жасайды ма?

- Қандай пайдалы тағамдар бар?

№2 конверт:

- Ұннан қандай тағамдар жасайды?

- Еттен жасалатын қандай тағамдар бар?

- Дұрыс тамақтану режимі керек пе?

№3 конверт:



  • Нан тағамынан нені сүйіп жейсің?

  • Сыйлы қонақтарға қандай тағамдар береді?

  • «Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз» деп айтқан кім?

VІ. Тыйым сөздер оқып, мағынасын түсіндіреді: оқулықпен жұмыс: 75-беттегі 3-тапсырма

Нанды бір қолмен үзбе

Нанды жерге тастама

VІІ. Қорытындылау: «БББ стратегиясы»



білемін

білдім

Білгім келеді










VІ. Сабақты бекіту: «Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны

Ойынның шарты: барлық оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Араларында бір жүргізуші сайланып алады. Жүргізуші бүгінгі өтілген сабақ бойынша бір тақырып айтады. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әр ойыншы бір-бір сөзден айта береді. Ойын соңында тақырыпқа байланысты мәтін шығады.

Мұғалім қорытады: «Астан ауыз ти», «Астан дәм тат» сөздерін қолданады

Үй тапсырмасы: І деңгей –”Нан тағамдары” мәтінін дайындайды

ІІ деңгей –”Бауырсақ” мәтінін мазмұндайды

ІІІ деңгей - тыйым сөздерді оқып, мәнін түсіндіреді



Бағалау.
Каталог: images -> Razrabotkaurokov
Razrabotkaurokov -> Оқулық, ғаламтор, «А.Құнанбаев»
Razrabotkaurokov -> Сабақтың тақырыбы: «ҚЫС» А. ҚҰнанбаев «ҚАР» С. Шаймерденов»
Razrabotkaurokov -> Ныганова Айгуль Еламановна Степногорск қаласы №5 С. Сейфуллин атындағы мектеп – лицейінің биология пәні мұғалімі
Razrabotkaurokov -> Баймуратова Назым Зейнелгабиденовна Шортанды ауданы «Бозайғыр орта мектебінің» мм биология пәні мұғалімі Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сабақтың мақсаты
Razrabotkaurokov -> Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Раздольный ауылы Раздольный орта мектебі Химия,биология пәнінің мұғалімі Асылхан Сайра
Razrabotkaurokov -> Уакаева Гульнар Кадесовна биология пәні мұғалімі Зеренді ауданы Жылымды негізгі мектебі Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Razrabotkaurokov -> Ақжанова Асемгуль Ботабаевна Красный Яр №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Сабақтың тақырыбы
Razrabotkaurokov -> Каженова Динара Жангалиевна дене шынықтыру нұсқаушысы Көкшетау қаласы «№11 «Арай» бала бақшасы» мкқК


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет