Азизова Айман Хожагалиевна
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
«№2 жалпы білім беру орта мектебі»ММ
Сабақтың тақырыбы: Ар-намыс керек адамға
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
· Ұят,ар,намыс ұғымдарының мәнін түсіндіру;
· Адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
· Адамгершілікке тәрбиелеу.
Мақсаты: Оқушылардың ұят,намыс,ар туралы түсініктерін кеңейту.
Шаттық шеңбері Балалардың көңіл-күйін көтеру,ынтасын арттыру мақсатында Б.Үсенбаевтың «Намыс» әнін қосылып айтып,шаттық шеңберін өткізу.
Әңгімелесу
· АР,Нмаыс,Ұят ұғымдары туралы не білесіз
· Өз ісіңе қатты ұялған кезің болды ма?
· «Ар-намыс керек адамға »дегенді қалай түсінесің?
· Қандай жағдайда ішкі дауысыңды тыңдайсың?
· Адамның өз арын адал сақтауына қандай қасиеттер көмектеседі?
Мәтінмен жұмыс А.Құнанбаевтың «Жиырма алтыншы сөз» атты қара сөзін оқып,сұрақтар арқылы талдау.
· Шығармадан қандай ой түйдіңдер?
· Неліктен Абай ұялмас нәрседен ұялғанды ақымақтық,жамандық дейді?
· «Шын ұят»-дегенді қалай түсінесіңдер?
Жағдаяттарды талдау Жағдаяттарды талдаудың мақсаты оқушылардың өзін қоршаған адамдардың көңіл-күйіне аса көңіл бөліп,кейіпкерлер арасында туындаған жағдаятты шешу балалардың өз еркіне беріледі.Ол үшін жағдаятты оқып,мәтіннің соңындағы сұраққа жауап беру керек.
Дәйексөз «Малым-жанымның садағасы,
Жаным-арымның садағасы».Мақал сөздің тағылымын түсіндіру арқылы өмірде,соның ішінде халқымызда ар-ұяттың маңыздылығына ерекше мән беру.
Жаңа ақпарат Балалардың ар-ұят туралы білімдерін бекіту мақсатында, адамдар алдында іс-әрекеті үшін моральдық жауапкершілігін сезініп,саналы ұғынуын,өз ойы мен ісіне адамгершілік тұрғыдан бағалай білуіне көмектесетін ең жоғарғы адамгершілік қасиет екенін оқушыларға аңғарту.
Тапсырма Берілген мәтінді оқу.Мәтінде айтылған «Өлімнен ұят күшті», «Өлімнен намыс жоғары» деген сөзднрді талдап түсіндіріп беру.
Дәйексөз «Ұят-ар сақтайды,арлыны ел мақтайды»деген халық мақалын дәйексөз ретінде қолданып,оқушылардың бойында ұят-ардың қалыптасуын,намысты ояту керектігін түсіндіру.
Мәтінмен жұмыс «Балқар аңызы» аңыз әңгімесін оқып,талдау барысында,отбасының сыйластығы,жарасымы,татулығы болуы үшін ненің керек екеніне назар аударту.
Назар аударыңыз Әр адамның бойында абырой,намысы болса,алмайтын асуы қалмайды,ұлттық салт-дәстүрін,ана тілін құрмет тұтып,патриоттық сезімі жоғары болатынына ешқандай күмәнің болмайды.Бұл да-ұлттық тәрбиенің қайнар бұлақтарының бірі.
Дәптермен жұмыс Оқушы дәптерінде оқушыға арналып, «Мен бүгін:»айдарымен берілген әр сабаққа арналған аффирмациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсыну.Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының өз еркіне қалдыруға болады.
Жүректен жүрекке Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін «Намыс» өлеңін айтумен жалғастырып,аяқтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |