Сабақтың тақырыбы: Аммиак, аммоний тұздары. Сабақтың мақсаты



Дата21.06.2018
өлшемі73.64 Kb.
#76346
Сабақтың тақырыбы: Аммиак, аммоний тұздары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Бағдарлама мәжісіне сай білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, оқушыларға аммиак және аммоний тұздары туралы жалпы мағлұматтар беру.

  2. Оқушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы білімдерін шыңдау және ой – өрісін дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыруда жаңа терминдерге түсінік беру.

  3. Оқу үрдісінде оқушылардың қабілетіне сай шығармашылық еңбекке тәрбиелеу.

Сабақты өтудің әдіс – тәсілдері: Оқытуды басқару және оқуды бағалау,топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау, А.Қ.Т пайдалану, визуальді зертханалық тәжірибе, вертуальді зерханалық тәжірибе жасау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңдері:



  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

  2. Оқу – құралдарын тексеру.

  3. Оқушылардың денсаулығына көңіл бөлу.

а) Психиологиялық дайындық

Бүгінгі күн ерекше

Мен сабақта, мектептемін

Менің зейінім тұрақты,

Менің сабаққа ынтам зор,

Өйткені мен бақыттымын.

б) сергіту жаттығу:

Мұғалім бір элементтің атын айтады, элемент қай әріптен басталатын элементтің атын жалғастыруы қажет.

Мысалы: азот, тантал, лантал, неон, натрий, йод.

в) Мұнда мұғалім элементтердің химиялық (интерактивті тақтаға назар аудару). Таңбаларын, валенттілігін, латынша аттарын барлық оқушылармен бірге хормен қайталап шығады.



H, O, Na, K, Mg, Zn, Ag, Au, Pb, Hg, P, Fe, C, S
ІІ. Үй тапсырмасын талқылау.

а) Ыстық орындық ойыны.

ә)Стикермен диолог құру.(деңгейлік тапсырма)


  1. Бейметалдардың периодтық жүйедегі орналасу реті және жіктелуі.

  2. Азоттың периодтық жүйедегі орны және физикалық қасиеттері.

  3. Азоттың мүмкін болатын тотығу дәрежелері мен қосылыстарының формуласын жазу.

  4. НNO3– дағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау.

  5. NaNO3 – дағы азоттың тотығу дәрежесін анықтау

  6. Мүсәтүр дегенді естулерің барма? Олар қандай заттар?

  7. Мүсәтүр спирті қайда қолданылады?(нащатырный спирт)

  8. К NO3 – ның ерігіштік кестедегі қиылысу нүктесін тауып, молекулалық массасын анықтау.

  9. Калций нитратының ерігіштік кестедегі қиылысу нүктесін тауып, молекулалық массасын анықтау.

  10. Азот оксидтері қандай оксидтерге жатады.

ІІІ. Жаңа сабақ. Аммиак (NН3) – суда жақсы еритін, өткір иісті, ауадан жеңіл, түссіз газ. – С температурада сұйыққа айналады. Аммиак молекуласының кеңістіктегі пішіні мосы сияқты болады.

Аынуы: аммиак өндірісте жай заттардан синтездеу арқылы алынады:

N2 + H2 = 2NH3

Реакция t0 = 4500 C, p = 30мПа, өршіткі (катализатор) AI2O3, K2O және платиналық металдар қатысында жүреді.

Зертханада мына реакциямен алуға болады.

Аммоний хроматы мен натрий гидроксиді кристалдарын жайпақ араластырып қыздырғанда аммиак бөлінеді. Өткір иісін абайлап қолды сермеп иіскеген соң, дереу газтартпа шкафына апарып орналастырыңдар.


(NH4) 2Cr2O7 + NaOH Na2Cr2O7 + NH3
Кристалдық аммоний хроматы мен натрий гидроксидін араластырып, оны сынауыққа көлбеулетіп қыздырғанда аммиак бөлінеді. Түзілген аммиакты ылғал фенолфталеин қағазының қызаруы арқылы анықтайды.
Аммиактың химиялық қасиеттері:

Аммиак химиялық реакцияларда тотықсыздандырғыш.

Аммиак жанады:

а) 4NH3 + 3O2 = 2N2 + 6H2O оттегі жетіспегенде


ә) 4NH3 + 5O2 = 4NO + 6H2O оттегі жеткілікті мөлшерде

аммиак қосылу реакцияларына қатысып, негіздік қасиет көрсетеді.

NH3 + HCI = NH4CI

Аммоний гидроксидінің химиялық қасиеттері: негіздерге тән барлық реакцияларға түседі.

1. диссоциацияланады: NH4OH = NH4 + + OH -
2. қышқылдармен өндірістік мұнараларға қарама – қарсы ағыс принципі бойынша әрекеттеседі:
2 NH4OH+ H2SO4 = (NH4)2SO4 + 2H2O
3. қыздырғанда айырылады:
NH4OH = NH3 + H2O
Қолданылуы: Аммиак азот қышқылын, тыңайтқыштар алу үшін тоңазытқышта қолданылады. Аммиактың -дық ерітіндісі (мүсәтір спирті) медицинада және тұрмыста кеңінен пайдаланылады.

Аммоний тұздары

Алынуы:

NH3+ H2SO4 = (NH4)2SO4 аммоний сульфаты


NH3 + НСІ = NH4СІ аммоний хлориді
NH3 + H3PO4 = (NH4)3 PO4 аммоний фосфаты
Химиялық қасиеттері:

  1. қышқылмен: (NH4)3CO3 + 2HCI = 2NH4СІ +CO2 + H2O




  1. тұзбен:(NH4)2CO3 + BaCI2 = BaCO3 + 2NH4СІ

3. сілтімен: (NH4)2CO3 + NaOH = Na 2CO3 + 2H2O + NH3


Аммоний тұздарына сілті қоссақ, аммиак бөлініп шығады, бұл NH4 + - ионына сапалық реакция.

Зерхалық жұмыс. Зертхалық кабинеттің техникалық қауіпсіздік ережелерін қамту.

Қажетті реагенттер мен құрал – жабдықтар:

NH4)2CO3 кр , NaOHкр , H2O, химиялық жолмен формаға келтірілген спирт, сынауықтар, фенолфталеин сіңірілген қағаз және ерітіндісі, тұрғы, спирт шамы, кәрлен табақша (фарфоровый), шыны таяқша, кристаллизатор.



Жұмыстың орындалу реті.

1.Кәрлен табақшаға бірдей мөлшерде NH4)2CO3 кр және NaOHкр алып, шыны таяқшамен араластырады. Құрғақ сынауыққа салып, оны штативке аузын сәл төмен каратып бекітіңдер. Қоспаны жайлап қыздырып, газды төңкерілген құрғақ сынауыққа жинаңдар. Жиналған газды, сынауықты сол қалпы аудармай , суы бар кристализаторға төңкеріңдер, сынауықта жиналған сұйықтаққа фенолфталеин тамызып көріңдер.

2. Арнайы дайындалған спиртті жағып, бірнеше минуттан кейін үстіне сынауық кигізіп қойыңдар.

Зертханалық дәптердің толтырылу кестесі.




Жұмыстың орындалу реті.

Химиялық реакция теңдеулерін жазу.

Не байқадың ?


















































Үш ыдыста әр қайсысында әр түрлі газдар мен толтырылған, оқушылар сабақтан алған білімдерін пайдаланып , анықтауы қажет. Бір ыдыста– ауа, бір ыдыста – азот, бір ыдыста – аммиак толтырылған.

VI. Сабақты қорытындылау:Аммоний тұздары(NH4)2SO4 , (NH4)3 PO4,

NH4CI, NH4NO3, NH 4H 2PO4 (аммоний дигидрофосфаты), (NH 4 ) 2HPO4 (аммоний гидрофосфаты) тыңайтқыштар ретінде қолданылады. Аммоний карбонаты бөлме температурасында айырылып NH3,CO2газдары түзіледі. Оның қышқыл тұзы NH4HCO3 қамырды көтеру үшін нан пісіруге пайдаланылады. Аммиак, аммоний ионының түзілуі, мүсәтір спирті, аммоний ионына сапалық реакция.

V. Бағалау.

Инсерт жүйесі бойынша:



  • білетінім;

  • білгенім;

  • білгім келеді;

Үйге: 90 – бет, (А, В, С тапсырмалары)


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет