Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»



Дата14.07.2017
өлшемі39.45 Kb.
#35239
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» Сабақтың мақсаты:



Б і л і м д і л і к:

Оқушыларға қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының өмірінен мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту,«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің идеясын ашу,теориялық тірек білім беру.



Д а м ы т у ш ы л ы қ:

Оқушылардың білім дағдысы мен алған білімдерін пайдалана білуін дамыту. көп ізденуге, өз пікірін сенімді ,еркін айтуға дағдыландыру.



Т ә р б и е л і к:

Оқушыларды ұйымшылдыққа, білімділікке,адамгершілікке,өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, тест

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

1.Сүйінбай ақын туралы не білесіңдер?

2.Жақсы мен жаман туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Сөзжұмбақ шешу
1.Сүйінбайдың әкесі кім?

2.Сүйінбайды ұстаз тұтқан кім?

3.С.Аронұлы қай облыста дүниеге келді?

4.Шыққан тегі,руы


Жаңа сабақ

1.Сөздік жұмыс

2.Мәнерлеп оқу

3.Мағынасын ашу

Абай (Ибраһим)1845 жылы Семей облысындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Құнанбай Абайды Ғабитхан дейтін молдаға сабаққа береді.Бірақ Құнанабай Абайды одан екі-үш жыл ғана оқытып,Семейдегі медресеге жібереді.Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай орысша приходская школадан төрт ай сабақ оқиды.

Абайдың әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам балыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолын жасап, Меккеге барған.Онда қажылыққа баратын қазақтар үшін қонақ үй салдырған.

Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді.Әжесі Зере мен анасы Ұлжанның көптегенәңгімелерді, естеліктерді, ертегі, жырларды тыңдап өскен.

Абайдың 1890 жыл мен 1898 жыл арасында жазылған бір алуан шығармалары «қара сөз» деп аталады. Ол сыншылдық,ойшылдық және көбінесе адамгершілік,мораль мәселелеріне арналған өсиет,толғау тәрізді.Абайдың 45 қара сөзі бар.
өлеңдері поэмалары күйлері

Абай шығармалары

аудармалары әндері қара сөздері



  • Ұлы ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы.

  • Ұлтымыздың ұлы перзенті — хакім. Өз заманынан оза туған акынның терең ойлары мен асыл сөздері
    келешек замандарда гауһардай жаркырап, көзі ашык, көкіректерге нұр болып кұйыла берері хақ.

Абай шаңырағы

Абай


Ділдәдан

Ақылбай Күлбадан Әкімбай Әбдірахман Мағауия Райхан

Әлімқұл

Бахфур


Айдар

(Алматыда тұрады) Әйгерімнен

Тұрағұл Мекайыл Ізкайыл Кенже

Сөздік жұмыс


  • Сағақ-мойынның басқа таяған жері

  • Бөкен қабақ-түксиген қабақ

  • Жерсоғар-тұяқтың артқы жағы

  • Жүрдек-жүргіш

  • Бөкен желіс-адымын кең басып қатты желу

  • Күлте құйрық-қою, қалың

  • Ұма-еркек малдың жыныс мүшесі

  • Алшы-асықтың тауаға қарсы жағы

Жаңа сабақты бекіту

Тест жұмысы

1. Абайдың әкесі кім?

А) Өскенбай В) Ырғызбай С) Кененбай Д) Құнанбай

2. Абай қай жылдары өмір сүрді?



А) 1845-1904 В) 1845-1905 С) 1846-1905 Д) 1946-1906

3. Абайдың рухани ізбасары,әлем әдебиетінің классигі, «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?

А) М.Жұмабаев В) С.Сейфуллин С) М.Әуезов Д) І.Жансүгіров

4.Абайдың шын аты кім?

А) Абай В) Телғара С) Ибраһим Д) Ибрағали

5. Ұлжан Абайға кім болып келеді?

А) әжесі В) қызы С) анасы Д) немересі

6. Абай қай рудан шықты?



А) Арғын В) Адай С) Шекті Д) Найман

7. “Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ” атты өлеңінде нені суреттеген?

А) Түйе В) Ат С) Адам Д) Табиғат
Бағалау:

Үйге тапсырма: Өлеңнен үзінді жаттау.Жылқы малы туралы мақал-мәтел, нақыл сөз жазып келу.

Абай атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Абай Құнанбаев

«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ»

(6-сынып)



Өткізген: Махаббат Қ.

2013-2014 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:




©stom.tilimen.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет