Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
Топырақтың құрамы мен құрылымын сипаттап, құрамы мен қасиетінің маңыздылығы мен қалыптасуын анықтайды (топырақ түзуші факторлар, қарашірінді, (гумус))
Сабақтың мақсаты
Топырақ, топырақтың құрамы оқушылардың ойлау әрекеттерін әрі қарай дамыта отырып, топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығында екенін ұғындыру,, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Бағалау критериі
Түсіну:
-Оқушылар топырақтың құрамы мен құрылымы және оның қасиетінің маңызын түсінеді;
Қолдану:
- «топырақ» ұғымын кеңінен ашып, топырақ құрамын анықтайды, тәжірбие жүзінде топырақ құрамын анықтайды.
Талдау:
- топырақтың қалпына келтіру шаралары мен қасиеттерін талдайды;
Жинақтау:
- оқушылар топырақтың негізгі қасиеті құнарлылығы және тіршіліктің пайда болуында, шаруашылықта топырақтың маңызы зор екені туралы өз ойларын білдіреді;
Тілдік мақсаттар
Мәтінмен танысады, оны оқиды және сол арқылы топырақтың пайда болуы және тіршіліктегі маңыздылығын зерделейді. Осы жасаған жұмыстарына қысқаша сипаттама береді. Негізгі ұғымдар: топырақ, топырақ түзуші факторлар, топырақтану, топырақ құрамы, топырақ құрылымы, қарашірінді (гумус), құнарлылық туралы мәлімет береді.
Құндылықтарға баулу
Топырақты қорғауға, сақтауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға, топырақты қайта қалпына келтіру шараларына ат салысуға баулу, географиялық мәдениетке тарту.
Пәнаралық байланыс
Экология – топырақтың құрамының бұзылу себептерін анықтағанда
қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болады. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа не бар? ( Су)
Сұр топ. Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады. Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? (Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол қарашірік)
Оқулық, А4 парағы, , кесте, атлас карта
А. Егорина.
С. Нұркенова
Е.Шимина география 7- сынып Алматы Атамұра 2017жыл
География және табиғат Ғылыми педагогикалық журнал 2017ж
АКТ